Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Геометрия


Ойлау дағдыларының деңгейі



бет9/9
Дата25.01.2022
өлшемі467,94 Kb.
#114426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
!10-СОР Геометрия 8 класс каз

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

1. АЕ мен DE кесінділері ABCD параллелограмының биссектрисалары және ЕВС қабырғасына, ал FAD қабырғасына тиісті нүктелер. екені белгілі. Егер АВ = 5см, EF = 2 см болса, табыңыз:



  1. параллелограммның AD қабырғасын;

  2. ABCD параллелограмм ауданын.

[4]
2. АВС үшбұрышында болса, АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

[3]
3. Төмендегі суретте берілген ABCD тең бүйірлі трапециясының периметрі 64 см, ал . Егер DC : MP=1:3 болса, онда ABCD трапециясының ауданын табыңыз.


[7]



Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады.

1

берілгені бойынша сызбаны салады

1

тең кесінділерді анықтайды

1

АD қабырғасын табады

1

параллелограммның ауданын табады

1

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады

2

үшбұрыштың белгісіз бұрышын табады

1

үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады

1

үшбұрыш ауданын табады

1

Трапецияның ауданын табады.


3

трапецияның орта сызығы қасиетін қолданады

1

трапецияның периметрі арқылы теңдеу құрады

1

белгісіз айнымалыны анықтайды

1

тригонометриялық функциялардың анықтамаларын және мәндерін қолданады

1

трапецияның биіктігін табады

1

трапецияның ауданын табу формуласын қолданады

1

трапецияның ауданын табады

1

Жалпы балл:

14



«Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні: ___________________________________________




Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Берілген шарттары бойынша, параллелограммның ауданын табады.

Параллелограммның ауданын табуда қиналады.

Параллелограммның ауданын табуда/ есептеуде қателіктер жібереді.


Есеп шартын дұрыс қолданады, параллелограммның ауданын дұрыс табады.

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады.


Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолдануда қиналады.

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді.

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын тиімді қолданады, есептеулерді дұрыс орындайды.



Трапецияның ауданын табады.


Трапецияның ауданын табуда қиналады.

Трапецияның ауданын табу формулаларын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді.


Трапецияның ауданын дұрыс табады.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР





«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Жазықтықтағы координаталар әдісі

Мәтін есептерді шығару




Оқу мақсаты

8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу

8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару


Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады

  • Шеңбердің теңдеуін құрады

  • Координатамен берілген есептерді шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

25 минут


Тапсырма

1. АВ кесіндісінің ұзындығы 10-ға тең. Егер А (5; у) және В (-3, 4) болса, у-тің мәнін табыңыз.

[3]
2. АВ – центрі О нүктесі болатын шеңбердің диаметрі. Егер А және В нүктелерінің координаталары сәйкесінше (5;0), (3;-8) болса, онда шеңбердің теңдеуін құрыңыз.

[3]
3. АВС үшбұрышының төбелерінің координаталары А (3;4), В(5;8), С(9;6). АВС үшбұрышы үшін:

а) АВС үшбұрышының түрін анықтаңыз;

b) ВК медиана екені белгілі болса, онда К нүктесінің координаталарын табыңыз;

с) АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

[6]




Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

1

екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады

1

теңдеу құрады

1

теңдеуді шешіп, айнымалылардың мәндерін табады

1

Шеңбердің теңдеуін құрады.

2

шеңбер центрінің координаталарын табады

1

шеңбердің радиусын табады

1

шеңбердің теңдеуін жазады

1

Координатамен берілген есептерді шығарады.

3

үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табады (кем дегенде екі қабырғасының ұзындықтарын анықтайды)

1

үшбұрыштың түрін анықтайды

1

кесіндінің қақ ортасының координатасын табу формуласын қолданады

1

кесіндінің ортасының координатасын есептейді

1

ВК кесіндісінің ұзындығын табады

1

үшбұрыштың ауданын анықтайды

1

Жалпы балл:

12

«Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Оқушының аты-жөні: ___________________________________________




Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады.

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолдануда қиналады.

Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады, есептеуде қателіктер жібереді.


Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын дұрыс қолданады.

Шеңбердің теңдеуін құрады.

Шеңбер теңдеуін құруда қиналады.



Шеңбер центрінің координаталарын немесе радиусты табуда / шеңбер теңдеуін құруда, есептеулерде қателіктер жібереді.


Центр мен радиусты дұрыс анықтап, шеңбердің теңдеуін жазады.



Координатамен берілген есептерді шығарады.

Координаталары берілген есептерді шығаруда қиналады.



Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табуда/ кесіндінің ортасының координатасын есептеуде/ үшбұрыш ауданын табуда қателіктер жібереді.


Координаталары берілген есептерді дұрыс шығарады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет