Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып



бет4/26
Дата08.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#123862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз
биохим 2 практика, !26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз, 1554809995, 1554809995, 1554809995, 1554809995, 1554809995, СИЛЛАБУС Бастауыш мектепте қазіргі педагогикалык технология 3 курс, 10-сынып. Химия. ТЖБ, КТЖ 3 сынып
Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

  • s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

  • Қосып алатын немесе беретін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

  • Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

  • «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут



Тапсырма



    1. Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондардың максимал саны:

      1. 1

      2. 2

      3. 8

      4. 18


    1. Электрондар өздерінің энергияларына сай ядроны белгілігі бір ара қашықтықта айналып жүреді, мұны электрондық бұлт немесе орбиталь деп атайды. Кеңістікте ядроны айналатын электрондардың белгілі бір пішіні болады. Орбиталдардың тұсына кеңістіктегі пішінін және белгіленуін жазыңыз.

Орбиталдардың кеңістіктегі пішіні

Белгіленуі

1. тәрізді






2. тәрізді







    1. Сыртқы электрондық қабатын аяқтауға қажетті қосып алатын немесе беріп жіберетін электрондар саны мен атом арасындағы сәйкестікті табыңыз.




Атом

Электрон береді / қосып алады

А) Алюминий В) Оттегі



1) 2 электрон беріп жібереді

2) 3 электрон беріп жібереді

3) 2 электрон қосып алады

4) 3 электрон қосып алады

А В





    1. Берілген атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясы мен электронды – графикалық формуласын жазып кестені толтырыңыз.




Химиялық элемент атомы
/ ионы

Электрондық конфигурациясы

Электронды – графикалық формуласы

Na+







О







AI3+









5(а) Алюминий және күкірт атомдарынан түзілетін иондардың түзілу схемасын жазыңыз.

+13Al )2e)8e)3e


+16S )2e)8e)6e




(b) 5(а) тапсырмасында түзілген иондар бойынша «Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын жазыңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын
анықтайды

1

екінші энергетикалық деңгейде орналасатын максимал электрондар санын анықтайды;

1

s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

2

s орбиталдарының кеңістіктегі пішіні
мен белгіленуін жазады;

1

р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін жазады;

1

Қосып алатын немесе беретін электрондардың саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

3

О атомы және электрондар арасындағы
сәйкестікті анықтайды;

1

AI атомы және электрондар арасындағы сәйкестікті анықтайды;

1

Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

4

Na+ ионының электрондық конфигурациясын жазады;

1

Na+ ионының электронды – графикалық
формуласын сызады;

1

О атомының электрондық
конфигурациясын жазады;

1

О атомының электронды – графикалық
формуласын сызады;

1

AI3+ ионының электрондық
конфигурациясын жазады;

1

AI 3+ионының электронды –
графикалық формуласын сызады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

5

Алюминий мен күкірт атомынан
түзілетін иондар схемасын жазады;

1

«Нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастырады.

1

Барлығы

13

«Атомдағы электрондардың қозғалысы» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әрбір қабатта электрон саны нақты максимал мәнге тең болатынын анықтайды

Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондар санын анықтауда қиналады.

Екінші энергетикалық деңгейде орналасалатын электрондар санын анықтауда қателіктер жібереді.

Екінші энергетикалық деңгейде орналасатын электрондар санын анықтайды

s және р орбиталдарының пішінін ажыратады

s және р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін ажыратуда қиналады.

s / р орбиталдарының кеңістіктегі пішінін / белгіленуін ажыратуда қателіктер жібереді.

s және р орбиталдарының кеңістіктегі пішіні мен белгіленуін ажыратады

Қосып алатын немесе беретін электрондардың саны мен атом арасындағы сәйкестікті анықтайды

О, AI атомы мен электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтауда қиналады.

О / AI атомы мен электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтауда қателіктер жібереді.

О, AI атомы мен электрондарының арасындағы сәйкестікті анықтайды

Атомдар мен иондардың электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазады

Na+ , О , AI3+ атомы және иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазуда қиналады

Na+ / О/ AI3+ атомы / иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазуда қателіктер жібереді

Na+ , О , AI3+ атомы және иондарының электрондық конфигурациясын, графикалық формуласын жазады

«Нөльдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастырады

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазуда және «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастыруда қиналады

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазуда / нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастыруда қателіктер жібереді

Алюминий және күкірт атомдарынан иондардың схемасын жазады және «нөлдік қосынды» әдісімен қосылыстың формуласын құрастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет