Жыл Баяндама Тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі251,08 Kb.
#27131
Искакова Бахытжамал Мадыхановна,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

«Березняк жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің

география пәні мұғалімі



20.02.2014 жыл

Баяндама Тақырыбы: Білім берудің жаңа парадигмасына сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

20 ақпан 2014 жыл.

Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1. Баяндаманың мақсаты мен міндеттері..................................................................2

1.2. Күтілетін нәтижелері........................................................................................2

ІІ. Жобаның негізгі мазмұны

2.1. Жобаның жалпы сипаттамасы.........................................................................2

2.2. Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер........................................7 ІІІ. Қорытынды....................................................................................................14 ІҮ. Глоссарий........................................................................................................15 Ү. Қолданылған әдебиеттер...............................................................................15 ҮІ. Қосымша.........................................................................................................16

І. Кіріспе 1.1. Жобаның мақсаты мен міндеттері. 1.Бәсекеге қабілетті маман дайындау жолдарын қарастыру. 2. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне сипаттама беру. 3. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптарды анықтау. Жобаның өзектілігі:

География пәні оқыту әдістемесінде ғалымдарымыз көтерген әдістердің тұтастығы, бірлігі, жиынтығы мәселесі. Пәнді оқытуда бiрнеше амал-тәсiлдердi аралас қолдану оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыруға, білім сапасын жоғары деңгейге көтеріп, оқушының тұлғалық құзыреттілігін қалыптастырады. Географиялық білім көздері негізінде ақпараттар жинау арқылы проблемаларды анықтап, шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалайды.



1.2. Күтілетін нәтижелері.

- Оқушының теориялық білім деңгейін арттырады;

 - теориялық білім практикада қолдану дағдыларын бекітеді; - оқушының өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады; - оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді. – оқушылардың белсенділігін арттыру; - озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді; - талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді; - пәнге, ғылыми ізденуге қызығушылығын үйретеді; - оқушының жеке ішкі  қабілетін ашады сөйлеу мәдениетін дамытады;



ІІ. Жобаның негізгі мазмұны 2.1. Жобаның жалпы сипаттамасы. Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді. Білім беру парадигмасы -  білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Колесникова енгізген. Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды  қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Білім парадигмасының көп тараған түрлері аз емес. Оларға мыналар жатады:
1. Дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы);
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
3. Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
4. Технократтық;
5. Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап береді.
Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді.
Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.Мұндағы басты қағида: «мектеп – бұл фабрика, ал оқушы – оның шикізаты». Бұлай оқытудың негізгі әдістері – тренинг, тестік бақылау, жекелеп оқыту және мәтінді түзету. Ғылымды тәртіп тіліне аударған Америка педагогы Р.Мейджер «Мұның бәрі оқушыны да, мұғалімді де дамытады. Егер мұғалім бәрін өзі атқарса да, оқушы еншісіне үйлестіру мен бақылау қалады» дейді.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс-әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.
Қабілетсіз оқушы жоқ, бірақ оқушылардың дара қасиеттерін танып-білуде мүмкіндігі шектеулі үйлесімсіз әдістеме бар.
Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмаларына модульдік сабақ жатады. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады. Екіншіден, ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателігін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады. Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды. Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады. Сонымен бірге модульдік сабақ оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқушының толыққан жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің 3 міндеті бар, олар – баланың өзіндік жалпы дамуы, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жақсартуды көздейді. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – сапалы білімге қол жеткізу, білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу бағамын жетілдіру, қазақстандық ұлтжандылыққа, төзімшілдікке, биік мәдениетке, мемлекеттік тілді басым дамытуға бағытталған отандық дәстүрлерді әлемдік тәжірибе мен тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұнын, құрылымын жаңарту. Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Демек, Елбасының «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген қағидасына сүйенсек, қазіргі қоғамдағы дамудың басты факторлары: білім, ғылым, саяси тұрақтылық екенін, яғни заман өзгергенімен, мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі білім-ілімсіз әсте мүмкін емес екеніне көз жеткіземіз. Дауылпаз ақын М.Дулатов ағамыз айтқандай «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» дегендей, ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы, білімді ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы мұратымыз. Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсаринның «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Ендеше балалар түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны. Ол өзін-өзі кінәлауы тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеп, шыдамдылық көрсетуі тиіс, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдер пайдаланбау керек» деуінде мән-мағына жатыр. Бұл, сөз жоқ, қазіргі мұғалім бойынан табылмағы ләзім. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді. Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

2.2. Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман  талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз  ұстазы қандай болмақ, казіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп  келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Мұғалім сабақта әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім: - Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; - Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; - Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; - Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; - Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.



Қазіргі оқушы: - Дүниетаным қабілеті жоғары; - Дарынды, өнерпаз; - Іздемпаз, талапты: - Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Казір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді: Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге (1-сызба) бөлінеді:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.  Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

 Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық.



Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер - бұл жеті модульда қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль.  Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету»  оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуоқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын  ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастыратын модульдің 1,3,5,6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету  үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға (2-сызба) мыналар жатады:

·        Теледидар бағдарламалары;

·        Сандық теледидар;

·        Интернет;

·        Ұялы телефон;

·        Ұтқыр қондырғылар;

·        Компьютер/ ноутбук.

Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту – мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.    Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем: 1. Жады және білім – тамаша жады және ақпаратты қолдану; 2. Ақпаратты пайдалану – түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті; 3. Ойлау жылдамдығы – олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді; 4. Проблемаларды шешу – олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді; 5. Қиындыққа қызығушылық – қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады.

Оқыту барысында  әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып, және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты  және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық  та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:

·        Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

·        Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

·        Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;



·        Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен білім берудегі пікірлеріне назар аударылған. Мектептерге барған сайын «Оқушы үніне» көбірек көңіл бөлініп келеді. Джин Раддок  «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда  оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. «Қалай оқудың жолын үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Бұл жобада оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша кеңесті. Сонымен қатар, топты жылдық жоспарлау: ата-аналарға арналған кештерді өткізу, сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды айқындау бойынша сұрақтар қойылды. Зерттеулер көпшілік  оқушылардың сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқу мен оқыту туралы  сақтықпен сөйлейтіндігін анықтады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікке жіктей отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді. Оқушылармен пікірлесу басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін   күрделі үдеріс болып табылады. Оқушылармен әңгімелесу барысында алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.   Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды қамтиды деп есептеуі маңызды. Оқыту мәселелері бойынша оқушылармен пікірлесу оларда өзін-өзі реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі мектеп пен сынып жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша оқушылармен пікірлесудің оң салдары болып табылады. Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан; мұғалімдерді әлі күнге қатаң кінәлайды (көбіне бірін-бірі кінәлайды). Сыныптағы әңгімелесуді бақылау энергиясы мол оқушыларды бақылаудың бір тәсілі болып табылады. Аталған бақылау түрі әрине көптеген мектептерге қажет. Бұдан басқа, мұғалімдер сыныпта әңгімені пайдалану маңыздылығын түсінетін, бұл сонымен қатар ана тіліне де қатысты білім саясатын әзірлеушілердің әртүрлі көзқарастарымен кездесуі мүмкін. білім беру бағдарламасының барлық нұсқаулығында барлық пән бойынша әңгімелесудің маңыздылығына және балалардың тіл дағдысын дамытуға сілтемелер бар. Алайда нұсқаулықта мынадай маңызды екі сәт: сыныпта білім беру сапасы өзара іс-қимыл үшін мұғалімдер мен оқушылардың әңгімелесуді пайдалану тәсіліне байланысты болатыны және егер оқушылар үшін бірлесіп оқудан пайда алу қажет болса әңгімелесу дағдысын тікелей оқыту талап етілетіні жеткілікті деңгейде түсіндірілмейді. Дегенмен мұғалімдер пәнді меңгеруде оқушылармен әңгімелесуді қолдану қажеттілігінен хабарсыз болуы мүмкін. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу өз кәсібіміздің басты құралы болып табылады, алайда біз оқушылармен өзара әрекет жасауда осы құралды  әңгімені пайдаланғандай (немесе одан да маңыздысы, олар қалай пайдаланатыны) ең жақсы тәсілмен толыққанды пайдаланбауымыз мүмкін. Зерттеулерден сыныпта «диалогтық стратегиялар» ауқымын пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды. Деректер бойынша,  мұғалімдер келесі тәсілдерді колданған кезде (немесе кей біреуін) оқушылардың белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды.

Мұғалім:


•        оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдаланады.

•        олар өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оқушыларды көтермелейді (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсынады).

•        оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ұмтылады, мысалы, 'Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?', 'Неліктен?', ‘Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?' деген сұрақтарға жауап бере алып.

•        Оқушыларға кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік береді.

•        Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдағанша, сабақтың материалын түсіндіруді бастамайды (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін)

•        Оқушыларға олар күмәнданатын кезде тез қозғалудың орнына сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт береді.

•        Тақырыпты зерделеу мәні мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылауды пайдаланады.

•        Оқушыларға түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік береді (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын!).

•        Оқушылар үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолданады.

Сыныптағы сөйлесуге оқушылардың барынша белсенді қатысу мүмкіндігін беру мұғалімдерге олардың оқуын бейресми бағалау үшін жақсы мүмкіндік. Алайда, егер мұғалім көбірек ашық сұрақтар беруге немесе сыныпта өте дәстүрлі әңгімелесу тәжірибесі ғана болатын сыныптан кеңейтілген жауаптар күтуге тырысатын болса, онда, мүмкін, күмәнді үнсіздікті ғана естиді (жақсы жағдайда). Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Онда бірақ оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Олар оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болады. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады.



ІІІ. Қорытынды Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық. .

ІҮ. Глоссарий

Парадигма, коммуникативтілік, жаңа технология, АКТ, диалог, тренинг,инновация, реформа.



Ү. Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

2. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

4. Жаңа білім беру жүйесі – Уикипедия.

5. Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары. Білімділер сайты.

6. Білім мен тәрбие берудің жаңа парадигмасы. Білімділер порталы

ҮІ. Қосымша
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

1-сызба



Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



Білім беру мен оқытудың казіргі замандағы әдістерінің модульдері

Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

2-сызба



Ұялы телефон

Теледидар бағдарламалары





Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Сандық теледидар

Ұтқыр қондырғылар





Компьютер

ноутбук


Интернет




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет