Жылдамдық және оның футболдағы орны



бет42/43
Дата01.03.2022
өлшемі99,85 Kb.
#133851
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
dip -oqu-zhattyqtyru-sabagynda-zhas-futbolshylardyn-zhyldamdyq-qacietin-damytu-2015-42 3

ҚОРЫТЫНДЫ

Жас футболшылардың мүмкіндіктері төмен болғандықтан, әрбір жаттығушыға жеке көңіл бөлу қажет. Жас футболшылардың ойын техникасы мен тактикасының бастапқы дайындығы балалардың белгілі жасы үшін тиімді жаттығулар көмегімен жүргізіледі.


Қозғалыс қабілеті жеткілікті дене дайындығы негізінде қалыптасатындығын ескере отырып, оқу-жаттықтыру сабағының алғашқы жылында уақыттың шамамен 50 % дене дайындығына бөлу керек. Оқу-жаттықтыру сабағының екінші жылында дене дайындығына бөлінетін уақыт азайады. Себебі, техникалық дайындыққа көп уақыт бөлінеді. Орта мектеп жасындағы балалардың футболдан оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдығын дамыту үшін олардың физиологиялық дамуын ескеру керек. Атап айтар болсақ, 12-15 жас аралығы жас футболшылардың жылдамдығын арттыруға қолайлы кезең болып табылады. Алайда, бұл жастағы балалардың төзімділігі жеткіліксіз болғандықтан олар жылдамдықты жоғары деңгейде тұрақты ұстап тұра алмайды және тез шаршайды.
Диплом жұмысымыздың тақырыбы оқу-жаттықтыру сабағында орта мектеп жасындағы балалардың жылдамдығын дамытуға арналғандықтан жылдамдық қасиеттерін дамытуға бағытталған тиімді жаттығулар тізбегін ұсындық. Жұмысымызды қорытындылай келе, жылдамдық қасиеттерін кешенді дамыту үшін доппен және допсыз жаттығуларды теңдей біріктіру қажеттігін атап айтқымыз келеді. Сонымен қатар, оқу-жаттықтыру сабағында жылдамдық қасиеттерін дамытатын қозғалыс ойындарын да қолдану керек. Жылдамдықты арттыруға бағытталған кешенді жаттығуларды сабақтың негізгі бөлімінің басында, ал содан кейін осы жылдамдық қасиетін дамытатын ойындарды пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет