Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


[Н.Оралбай. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»]



бет37/102
Дата14.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#172462
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Байланысты:
1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
РМ ОМ 1курсс каз. №10, Сөзжасам саласындағы туынды сөз бен туынды түбір, ҚАЗІРГІҚАЗАҚТІЛІНДЕГІҮСТЕУСӨЗТАБЫНЫҢСӨЗЖАСАМДЫҚЖҰРНАҚТАРЫ, Пр.р 7 (1), download, download, рефервт, тест (5)
[Н.Оралбай. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»]
Зат есімді жеке сөз табы деп тану, ажыратудың 3-ұстанымы оның синтаксистік қызметіне байланысты. Зат есім сөздердің негізгі синтаксистік қызметі -бастауыш, толықтауыш болу. Бұл ұстаным бойынша лексикалық мағыналы затесімдердің ішінде бастауыш, толықтауыш қызметін атқармайтын бір де бір сөз жоқ, сондықтан олар (бастауыш, толықтауыш) зат есімнің негізгі синтаксистік қызметі саналады. Мысалы, Балапан қанат қақты (М.Ж.). Бірінші сәуле ұшты да, Бозторғайды оятты (М.Ж.). Осы сөйлемдердегі бастауыштар - балапан, сәуле, толықтауыштар - қанат, бозторғайды. Олар- жанды, жансыз нақтылы заттардың аттары, олардың бәрі заттық ұғымды сөздер және зат есімнің атау септігінің нөлдік тұлғасында (балапан , сәуле ), табыс септікте (қанат - ты бозторғай-ды) қолданылған.
Ал зат есім сөйлемнің басқа мүшелері кызметінде де қолданылады, мысалы, анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш. Бұл синтаксистік қызметтерді зат есім атаулы сөздердің бәрі атқара алмайды, олар зат есімдердің белгілі мағыналық тобына, белгілі қолданысқа ғана қатысты. Мәселен, анықтауыш қызметін заттың қандай заттан жасалғанын білдіретін, сол заттың алдынан тіркескен зат есім сөздер атқарады (алтын сағат, кірпіш үй, жібек көйлек). Немесе ілік септік жалғауында қолданылып, меншікті заттың иесін білдіретін сөздер сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметін атқарады. Баяндауыш қызметін мамандық мәнді, туыстық мәнді зат есім сөздер, не бастауыштың не екенін білдіретін сөз аткарады. Мен ақынмын, Сен маған жиенсің. Ол - құс т.б.
Демек, зат есімнің бұл синтаксистік қызметтері жанама, көмекші қызметі саналады.


[ Б.Момынова, Саткенова Ж, «Қазақ тiлiнің морфологиясы»]
Заттың, оқиға мен құбылыстың ұғымдарын бiлдiрiп, оларды атайтын сөздердi зат есiмдер деймiз. Есiмдер тобына жататын зат есiм сөйлемде басқа бiр сөздермен септiк, тәуелдiк, кейде жiктiк тұлғада тұрып, грамматикалық байланысқа түседi. Зат есiм сөйлемде таза заттық мағынада, өзi тiркескен сөздiң сынын, сипатын бiлдiрiп (тас жол), көмекшi етiстiкпен, септеулiк шылаулармен тiркесiп, заттың қимылға ауысу процесiн (дос болу), мақсаттық, себептiк, мекен-мезгiлдiк (бала үшiн, радио арқылы, ауыл сайын) мағынаны бiлдiредi.
Зат есiмнiң сұрақтары: кiм? не? кiмi? несi?
Зат есiмдер тұлғасына қарай дара және күрделi болады. Айталық, күйшi, сазгер, оқырман, құрт, ат, дауыл т.б. зат есiмдер дара тұлғалы.
Зат есiмдер күрделi сөздерден жасалуына қарамастан, заттың атауы бола бередi: айбалта, асық жiлiк, қолғап, т.б. Екi компоненттен тұратын, бiрақ бiр ғана ұғымды атап, бiр ғана сөйлем мүшесi болатын күрделi сөздер бiртұтас сөздей түрленедi: қолғаптың, асық жiлiктiң, айбалтасы, т.б. Сөйлемдегi атқаратын негiзгi қызметi бастауыш болғанымен, зат есiмдер анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, тiптi кейде баяндауыш қызметiн атқарады. Өте көне категория болып табылатын зат есiм өзге сөз таптарына негiз, тiрек болады. Өйткенi, сын есiм заттың сынын (жақсы адам, қызыл гүл, биiк ағаш), ал сан есiм заттың санын (он оқушы, бес бала, бiр мемлекет), етiстiк заттың қимылын, iс-әрекетiн (мен оқыдым, ол сурет салды) бiлдiредi.
Зат есiмдер деректi және дерексiз (абстрактiлi) зат есiмдер деп бөлiнедi. Адамның санасы арқылы түсiнiлiп, түйсiкпен сезiлетiн, көзге көрiнбейтiн, қолға ұстауға болмайтын зат есiмдер абстрактiлi зат есiмдер болып табылады. Мысалы: арман, қуаныш, бақыт, ақылдылық, т.б. Нақты зат есiмдердi көзбен көрiп, қолмен ұстап көруге болады: дәптер, кiтап, арба, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет