Жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы



бет1/11
Дата25.08.2017
өлшемі3,29 Mb.
#26241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


2015 жылғы 21 желтоқсан №43/01 Абай ауданы әкімдігінің қаулысына
2015 жылғы 24 желтоқсан №50/545

Абай аудандық мәслихатының сессиясының шешіміне



қосымша





2016-2020 жылдарға арналған

Абай ауданының

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Абай қ., 2015 жыл

МАЗМҰНЫ




Бөлімнің атауы

беті.

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

3-8

2

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛДАУЫ

9-93

3

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН БАҒЫТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ, НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

94-118

4

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

119-120


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

2016 - 2020 жылдарға арналған Абай ауданының даму Бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 "Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Жарлығы

Аумақтың негізгі сипаттамалары



Аудан аумағы 652,9 мың гектарды құрайды (жалпы облыс алаңының 1,5%). 2015 жылдың 1 қазанына Абай ауданының әкімшілік-аумақтық бөлігіндегі қарамағына 35 ауылдық елді мекендер ұсынылды: оның ішіне Абай қаласы, 34 ауылдық елді мекендер (3 кент, 10 селолық округ, оның ішінде 31 село). 2015 жылдың 1 шілдесіне аудан тұрғындарының саны 55 128 адам болды, соның ішінде қала тұрғындары – 28406 адам, ауыл тұрғындары – 26 722 адам.

2015 жылдың 9 айына өндіріс өнімінің көлемі, ағымдағы бағамен алғанда 46 845,4 млн.теңгеге өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11962,4 млн.теңгені құрады, шағын кәсіпкерлікпен өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет 7 832,6 млн.теңге болды. Ауданның салалық бағыты тау-кен өнеркәсібі, картоп және көкөніс өндірістері болып табылады.



Бағыттары

1 бағыт. Экономика

2 бағыт. Әлеуметтік сала

3 бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі

4 бағыт. Инфрақұрылым

5 бағыт. Экология және жер ресурстары

6 бағыт. Мемлекеттік қызметтер



Бағдарламаның мақсаттары

Экономика:

- Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;

  • Бизнес-ортаны жақсарту;

  • Инвестицияларды тарту.

Әлеуметтік сала:

  • Білімнің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың қатысуын қамтамасыз ету;

  • Денсаулық сақтау жүйелерін дамыту және тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту, есірткіге қарсы иммунитетті нығайту;

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Жұмыспен қамтуды және азаматтарды әлеуметтік қорғау тиімді жүйелерін қамтамасыз ету;

  • Мәдени кеңістікті қалыптастыру;

  • Дене тәрбиесін және жалпы спортты дамыту;

  • Туристік индустрианы дамыту;

  • Тұрғындардың тіршілік әрекеті қауіпсіздігін арттыру;

  • Техногендік апаттар, катастроф және дала апаттары кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Инфрақұрылым:

  • Тұрғын-үй қол жетімдігін және әлеуметтік инфрақұрылым объекттерін қамтамасыз ету мақсатында құрылысты дамыту;

  • Байланыс және коммуникация дамыту;

  • Сапалы жол желілерін дамыту;

  • Халықты тиісті сапалы коммуналдық қызметпен және тұрғын-үй қауіпсіздігімен қамтамасыз ету;

Экология жер ресурстары:

  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау;

  • Жер ресурстарын ұтымды пайдалану.

Мемлекеттік қызметтер:

– мемлекеттік қызмет сапасын және қол жетімділігін арттыру.



Мақсатты индикаторлар

Экономика:

  1. Өнеркәсіп өнімдер өнімінің нақты индекс көлемі, %;

  2. Есептеу есебімен өнеркәсіп өнімдер өнімінің көлемі, млн. теңге;

  3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер өндірісі, млн. теңге;

  4. Тау-кен өнеркәсіп өнімдерін шығару және кен орнын әзірлеудің нақты индекс көлемі, %;

  5. Тау-кен өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге;

  6. Қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты индекс көлемі, %;

  7. Қайта өңдеуші өндіріс үлесі, жалпы көлемде;

  8. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталдағы инвестициясының нақты индекс көлемі, 103%;

  9. Тамақ өнімі өндірісінің нақты индекс көлемі 2015 жылы-103,4%;

  10. Ұйымдастырылған шаруашылықта ірі және ұсақ қара мал басының үлесі,%;

  11. Тұқымдық өзгертуге қатысушы ірі және ұсақ қара мал басының үлесі,%;

  12. Мерзімін бұзушылықпен берілген субсидия үлесінің төмендеуі,%;

  13. Жалпы тіркелгендер көлемінде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі,%;

  14. Жеке тауар айналымының нақты индекс көлемі, %;

  15. Жаңа сауда объекттерін ашу, барлығы:

- оның ішінде алаңы 2000 ш.м. бір. кем емес;

17. Жан басына негізгі капиталдағы инвестицияның өсу қарқыны,%;

18. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі, млн.теңге;

19. Негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлеміндегі ішкі инвестиция үлесі,%;

20. Қайта өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталдағы инвестициясының нақты индекс көлемі,%;

21. Инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі;

22. Қайта өңдеуші өнеркәсіпттегі инвестицияның көлемі, млн. теңге;

23. жұмыс істейтін кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %;

24. Өндірілген инновациялық өнімдердің көлемі, млн. теңге;



Әлеуметтік сала

25. Жұмыс істейтін үш аусымды және апатты жағдайдағы мектептердің саны бір.;

26. Мектеп бітірушілерінің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (жақсы/өте жақсы) игерген оқушылардың үлесі, %:

27. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен балаларды қамту, 2015 жылы %;

28. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту, %***;

29. оның ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымдар жүйелерін дамыту есебінен;

30. Мемлекеттік нормативтік жүйелерге сәйкес жалпы орта білім ұйымдарының қызмет етуін қамтамасыз ету, %;

31. Бар кабинттерді (химия, физика, биология, мультимедиялық кабинеттерін) жаңа түрлендіруші мектептердің үлесін өсіру, %;

32. 1 компьютерден келетін оқушылардың санын азайту, адам;

33. педогогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы жоғары білікті педогогикалық жұмыскерлердің үлесі, %;

33. білім ұйымдарында қамқоршылық кеңестер үлесін арттыру, %;

34. Тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан үйлеріне мектепке және мектептен үйлеріне сапалы және қолайлы тасымалдаумен қамтылған оқушылардың үлесі, %;

35. «тірек мектеп-ресурстық орталықтар» саны (аз жиынтықты мектептер үшін), бір.;

36. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі, %;

37. Балаларды қосымша біліммен қамтуды өсіру;

38. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайтын білім ұйымдарының үлесін өсіру;

39. Жетім балалар және патронатты тәрбиеге, асырап алуға берілген, ата-ана қамқорысыз қалған балалар санын өсіру, бір;

40. Облыстық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобалардың интелектуалық олимпиадалар және конкурстар жүлдегерлер санын өсіру, бір;

41. Аналар өлімін азайту (100 мың тірі туғандар жағдайына);

- нәрестелер өлімін азайту (100 мың тірі туғандар жағдайына);

42. Қатерлі жаңа аурулардың пайда болуынан өлушілікті азайту (100 мың тұрғындарға);

43. 0,2-0,6% шегінде 15-49 жас тобындағы адамның иммунды жүйелерінің тапшылығы вирусының кеңінен тарауы, %;

44. Есіртікелерге байланысты зиянды қолданыстармен наркологиялық есепте тұрған тұлғалардың санын азайту, %;

45. Диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді тұлғалардың санын азайту, %, оның ішінде:

-әйелдер;

-кәмелет жасқа толмағандар;

46. Диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді тұлғалардың арасында 2 ремиссия ұзындығымен және жылдан астам уақытта диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді тұлғалардың үлесі, %;

47. Жұмыссыздық деңгейі, %;

48. Жұмысқа орналастыру мәселесімен хабарласқандар санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %;

49. Хабарласқан мақсатты топтардан тұрақты жұмысқа тұрған тұлғаладардың үлесі, %;

50. Жұмыссыз әйелдердің деңгейі, %;

51. Жұмыссыз жастардың деңгейі, %;

53. Жұмысқа орналастыру көмегіне жүгінген жұмысқа жарамды жастағы жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны, %;

54. Құрылған жұмыс орындарының саны, соның ішінде тұрақты орындар;

55. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санынан жұмысқа жарамдылардың үлесі, %;

56. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы, (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны) %;

57. Жеке сектор субъектілерімен ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтерден қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкісметтік емес ұйымдар), %;

58. Мәдениет ұйымына келушілердің орташа саны, 1000 адам;

- кітапхана,

- мәдени-бос уақыт ұйымы;

59. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, %;

60. Балалар мен жас өспірімдердің жалпы санынан дене тәрбиесімен айналысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, балалар-жас өспірімдер спорт мектептерін, спорт үйірмелерін қамту, %;

61. Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризмі (резидент) бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің санын өсіру, %;

62. Өткен жылмен салыстырғанда келушілер туризмі (резидент емес) бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің санын өсіру, %;

63. Өткен жылмен салыстырғандаұсынылған тәулік орындарының санын өсіру, %;

64. Орналастыру орындарымен көрсетілген өызметтердің көлемі, мың теңге;

65. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, %;

66. Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі, %;

67. Үш тілді (қазақша, орыс, ағылшын) тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі, %;

68. Азаматтық қоғам және мемлекет институттарының өзара қатынасын оң бағалайтын тұрғындардың үлесі, %;

69. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттанарлық деңгейі, %;

70. Жұмысқа орналасқан жастардың саны, адам;



Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі.

71. Жол көлік оқиғаларында мерт болғандар санын азайту, 100 зардап шегушілерге,%;

72. Көшелерде орын алған кылмыстың салыстырмалы салмағы,%;

73. Кәмелет жасқа толмағандардың жасаған қылмыстарының салыстырмалы салмағы,%;

74. Бұрын қылмыс жасағандардың жасаған қылмыстарынығ салыстырмалы салмағы,%;

75. Отбасы-тұрмыстық қатынас саласында жасалған қылмыстардың салыстырмалы салмағы,%;

76. Мүліктік қылмыстардың салыстырмалы салмағы,%;

77. Заңсыз есірткі айналысы саласында жасаған қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санын өсіру, бір.;

78. Тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткі түсімдерінің үлесін азайту,%;


  1. Алынған есірткілердің саны, оның ішінде

- героин, кг.;

  1. Жалпы есірткі қылмысының санынан есірткілерді өткізу мақсатында, немесе есірткі өтініміне байланысты анықталған қылмыстардың үлесі,%;

  2. Төтенше жағдайларға қарсы әрекет инфрақұрылымдарының қамтамасыздық деңгейі,%;

Инфрақұрылым

  1. Тіркелген Интернет абоненттерінің саны, 100 адамға, мың бір.;

  2. Жоғары қол жетімді Интернетті пайдаланушы абоненттерінің саны мың бір.;

  3. Сандық сауаттылық деңгейі,%;

  4. Құрылыс жұмыстарының нақты индекс көлемі,%;

  5. Тұрғын ұйлерді пайдалануға енгізу, жалпы алаңы (ш.метр);

  6. Төлқұжттандырылған әлеуметтік объекттер, көлік инфрақұрылымдарының жалпы санынан мүгедектерге арналған қол жетімді қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объекттерінің үлесі,%;

  7. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда тқрған жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының үлесі,%;

  8. Жолдар салу және қайта құру,км.;

  9. Автокөлік жолдарына күрделі және орта жөндеу жұмыстары, км.;

  10. Елді мекендерде автокөлік қатынасымен қамтылмаған жолаушылардың үлесі,%;

  11. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объекттер үлесін азайту,%;

  12. Орталықтандырылғандыққа қалада қол жетімділік,%:

-сумен қамтамасыз ету,

-су бөлу;



  1. 94. Орталықтандырылғандыққа ауылдық елді мекендерде қол жетімділік,%:

-сумен қамтамасыз ету,

-су бөлу;

95. Модерлендірілген жүйелердің үлесі,%:

-жылумен қамтамасыз ету,

-электрмен қамтамасыз ету;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурсы:

96. Тірек АЕМ тұрғындардың санын өсіру, адам;



  1. Атмосфералық ауада стационарлық көздерден ластаушы қалдық заттарды қысқарту,млн.теңге;

  2. Қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметпен трғындарды қамту,%;

  3. Контейнерлік алаңдарды жайластыру, бір.;

  4. Контейнер паркін жаңарту, бір.;

  5. Қоқыс шығару паркін жаңарту, бір.;

  6. Қоқысты санитарлық сақтау, %;

  7. Санитарлық ереже талаптарына сай ҚТҚ полигондар үлесін өсіру, %;

  8. Қалдықтардан «жасыл» энергияны өндіру үлесі, %;

  9. Қайта өңдерген қоқыстар үлесі, %;

  10. Бөліп жинауды қолданумен қағаз және шыны жинақталған материалдарының үлесі, %;

  11. Бөліп жинауды қолданумен биологиялық бөлінген қалдықтар жиынынынң үлесі, %;

  12. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау үлесі, %;

  13. Ауыл шаруашылық айналымға тартылған ауылшаруашылық тағайындау жерлерінің үлесін өсіру, %;

  14. Егіс жерлерінің құрамында тұқым айналымының үлесі (суару тұқым айналымы), %;

  15. Табиғи жайылым құрамындағы ауыспалы жайылым айналымының үлесі (жем тұқым айналымы), %;

Мемлекеттік қызметтер

112. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзушылық санын азайту, %.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛДАУЫ
Ауданда ел Басының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – путь в будущее» Жолдауында үнделген міндеттерді, мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Ауданның салалық мамандануы тау-кен өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылық (картоп және көкөніс) болып табылады.

2015 жылдың 9 айына Абай ауданының өнімдер мен қызметтерінің жалпы көлемінің құрылымына өнеркәсіп үлесі 70% басым, ауыл шаруашылығына 18% келеді, шағын кәсіпкерлік үлесі 12%.

Аудан экономикасының негізгі үлесін өнеркәсіп құрайды.

Қарағанды облысы бойынша өнімдер көлемінде ауданның өнеркәсіп үлесі 4,9% құрайды. 2014 жылы 2011 жыл деңгейіне (14728,2 млн. теңге) қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің 4,3 есеге өсуі қамтамасыз етілді, 63421,7 млн.тенге сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

2015 жылдың 9 айына өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4% төмендеді және 46845,4 млн. теңгені құрады.

«Восточная» ОБФ бойынша көмір концентраты өндірісін шығару көлемінің төмендеуіне жол берді және 1915,9 мың тоннаны құрады немесе 2014 жылға қарағанда, көмірден көп күл қалуына байланысты 99,3 %.

«ТЭМК» АҚ ОТТБ флюстік әктас өндіру көлемі 7,9% азайды және 896,9 мың тоннаны құрады (2014ж-973,5 мың тонна). Өнімнің азаю себебі өндірістік жабдықтардың (70% астам) тозуына; өнімдерді тиеу үшін вагондардың жеткіліксіздігіне; «Арселор МитталТемиртау» КД АҚ өзгермелі құрамының төмен айналымына байланысты болып табылады.

«Қарағ ндынеруд» АҚ кәсіпорының бойынша ұсақ тас өндірісінің көлемі 2014 жылға қарағанда 23,4% төмендеді және 232,5 мың м3. құрады. Негізгі себеп тапсырыстың азаюына және ағымдағы жылдың 1 тоқсанына өнімге сұраныстың маусымдық төмендеуі болып табылады.

2011-2015 жж ауыл шаруашылығының дамуын талдау ауданда ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін оң алғы шартының бар екендігіне тұжырымдама жасауға мүмкіндік береді:

- тұқымдық мал шаруашылығын дамытуға ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау;

- ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық және арнайы техника саябағын жаңарту;

- қазіргі заманғы технологияны ендіру;

- мал жеміне арнайы шаруашылықты құру;

- тұқымдық малды өсіру бойынша арнайы шаруашылықты құру.

Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын диверсификациялау, дәнді дақылдарды егу алаңдарын өсіру, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту, суарылатын жерлерді жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Мал шаруашылығы саласының негізгі теріс тараптарына мал жемінің (пішен, мал азығы) қымбаттауы, мал басының төмендеуіне мүмкіндік туғызады. Өсімдік шаруашылығы саласындағы негізгі проблема ауа райының жағдайына тәуелді болып табылады, ол ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне тікелей әсерін тигізеді.

Шағын және орта бизнес белсенді дамуда. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының, ШОБ жұмыс істейтіндер санының өсуі байқалуда. Өнімдер көлемінің өсуі 2012 жылға 22,0% қамтамасыз етілді және 3308,8 млн. теңгеден 7276,3 млн. теңгеге өсті.

2015 жылдың 9 айына шығарылған өнімдердің көлемі 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,9% өсті және 7832,6 млн. теңгені құрады.

Шағын кәсіпорындардың оңтайлы жағына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының көбеюімен өндірілген өнімдер және қызметтердің кеңеюін жатқызуға болады. Шағын және орта бизнес жұмысының жақсаруы бизнестің тұрақты толуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шағын бизнес әлеуеті толық емес шамада іске асырылды.

Теріс жағына инвестициялық шектеулерді, алғашқы капитал тапшылығын және қажетті жабдықтар, шикі зат және материалдар, жарнамалар сатып алу үшін айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін, кадрлар дайындауға қалыптастырушы жүйелердің болмауын жатқызуға болады.

Абай ауданының коммуналдық-тұрғын үй секторының әлеуметтік –экономикалық жағдайының бағасы кейінгі жылдарда инфроқұрылымдық кешендерінің-су, канализация, жылу, электр жүйелері және жергілікті жолдардың дамуынан байқалады.

Экономика саласы мен тұрғындардың талаптарын қамтамасыз ету үшін жылу және электр энергиясында Топар ГРЭС-ің басты құралдарының техникалық жабдықтарын қайта жаңарту мен модернизациялау бойынша шаралар кешені жүргізілді.

Ауыз сумен қамтамасыз етуде Абай ауданын сапалы сумен қамтамасыз етуде, су шығыны 13,7 %. «Ауыз су» салалық бағдарламасын жүзеге асыру, сапалы ауызсумен 13 мың аудан тұрғындарын қамтамасыз ету мүикіндігін берді. Осы бағдарлама аясында ауданның 8 тұрғын пункттерінде 108 км су құбырлары жүйесі жөнделіп жаңартылды.

2010 жылдан бастап 2014 жылдары «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберінде Көксу а. ұзындығы 14,4 км су құбыры жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді. 2013 жылы Ақбастау және Құлаайғыр а. су құбыры жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қатты жабынмен жабылған жергілікті жолдар үлесі 87,2%.Облыстағы жол құрылымдарының басты мәселесі тұрғын пункттерінің ішіндегі жолдардың жағдайының мүшкідігі, ағымдағы жөндеу жұмыстары бұл мәселені шеше алмайды.

Жылу және электр жүйелерінің тозығының жетуі, энергияны өткізу мүмкіндігін тежейді, апаттардың көп болуына, коммуналдық қызметінің спасын төмендігіне әкеп соғады.

Құрылыс саласының тұрақты қызмет етуі үшін құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдар шығару, құрылыс индустриасын жоғары технологиялар мен халықаралық сапа стандартына ауыстыру бойынша кәсіпкерлікті дамыту қажет.

Өңдейтін және жабдықтайтын құрылыс материалдары негізінен басқа мемлекеттерден әкелінеді.

Бүгінгі күнге дейін құрылыс материалдарын дамыту индустиясы бойынша артта қалушылықты жеңе алмай келеміз.

2010 жылы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрлық базасының деңгейін жүргізу құралдары орнатылған.

2012 жылы 2038 жылға дейінгі есептік кезеңмен Абай қ. құрылыс Бас жоспары әзірленді. Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы №17/177 сессиясының шешімімен бекітілді.

2014 жылы Топар к. бас жоспарына түзетулер аяқталды. Қала құрылысы жобасының жаңа тұжырымдамасына, қазіргі заманғы экономиканы дамытудың жаңа шарттарына сәйкес жоспарлық аумақтар құрылысын жүзеге асыру үшін 2015 жылдан бастап 2019 жылдар арасында 12 аумақтардың бас жоспарларына түзетулер жүргізу қажет (2 кент және 10 ауылдық округ).

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары оң динамиканы көрсетуде және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталады.

Өнеркәсіп.

Өнеркәсіп аудан экономикасының бас қозғалушы күші болып табылады. 2014 жылы;

- Қарағанды облысының құрылымына аумақтың өнеркәсіп үлесіне – 4,4% келеді (63421,7 млн.теңге);

- өнеркәсіп негізгі инвестиция тұтынушысы болып табылады – бұл 53,2% (барлығы негізгі капиталдағы инвестиция – 14 713,6, өнеркәсіптегі инвестиция – 7829,0 млн. теңге) негізгі капиталдағы инвестиция;

- ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының көптеген үлесі өнеркәсіпте – бұл жұмысқа жарамды жастағы барлық экономикалық белсенді тұрғындардан 44,1% (3837) адам.

2012 жылдан бастап аумақта өнеркәсіп өндірісінің нақты индекс көлемінің келесідей өсу динамикасы байқалуда:

- 2012 жылы НИК 102,5% құрады;

- 2013жылы – 104,3%;

- 2014 жылы – 97,1%

- 2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша – 104%

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай көрсеткіште:

- 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге өсті және 49 518,6 млн.теңгені құрады;

- 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 35,1% өсті және 66 971,6 млн.теңгені құрады;

- 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 5,3% төмендеді және 63 421,7 млн.теңгені құрады.

- 2015 жылдан бастап (қаңтар-қазан) 53402,3 млн.теңгені құрады, НИК 104% құрады.

2013 жылдың қаңтарынан бастап 2015 жылдың қыркүйегі кезеңінде өнеркәсіпті дамытуға 17934,7 млн.теңге сомасында негізгі капиталдағы инвестиция жолданды.



Абай ауданы өнеркәсіп динамикасының негізгі сипаттамасы

Көрсеткіш

Өлш.

бір.


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. қаңтар-қазан

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд. теңге

49518,6

66971,6

63421,7

53402,3

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің нақты индекс көлемі, өткен жылға

%

102,5

104,3

97,1

104,0

Аумақ өнеркәсібінің негізін келесі салалар ұсынады: тау-кен өндіруші өнеркәсіп және кен шығарылатын орындарды әзірлеу – 55,3%,қайта өңдеуші өнеркәсіп – 6,1%, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауаны жақсарту – 38,2%, сумен қамтамасыз ету, кәзір жүйесі, қоқыстарды жинау және таратуды бақылау – 0,3%.

Аумақтың тау кен өнеркәсібін 4 кәсіпорындары ұсынады: «Абай» шахтасы, «Арселор МитталТемиртау» Көмір Департаментінің құрамына қарасты «Восточная» ОБФ, «Қарағандынеруд» АҚ, «ТЭМК» АҚ Оңтүстік-топар темірбасқармасы.

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірісінің көлемі келесілерді құрады:

- 2012 жылы 35 200,6 млн.теңге;

- 2013 жылы 39 812,9 млн.теңге немесе 2012 жылға қарағанда 113,2%;

- 2014 жылы 35 069,4 млн.теңге немесе 2013 жылға қарағанда 88,1%;

- 2015 жылдан бастап (қаңтар-қазан) 26509,5 млн.теңге.
Абай ауданының тау-кен өндірісі кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісі көлемінің динамикасы


Көрсеткіш

Өлш.

бір.


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. қаңтар-қазан

Тау-кен өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд. теңге

35200,6

39821,9

35069,4

26509,5

Тау-кен өнеркәсібінің нақты индекс көлемі, өткен жылға

%

103,8

102,2

97,4

100,8

Жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемінде тау-кен өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы

%

71,0

59,5

55,3

49,6

«Абай» шахтасының негізгі қызметі КО маркалы тас көмірін өндіру болып табылады. Кәсіпорынның жылдық өндірістік сыйымдылығы жылына 1200 мың тоннаны құрайды. Өңдеуші қыртыстар К18, К12, К10. Кәсіпорында 1100 астам адам жұмыс істейді.

2014 жылы тас көмір өндіру көлемі 4,9% азайды және 936,8 мың тоннаны құрайды (2013 жылы – 985,5 мың тонна).

Тас көмір өндірудің төмендеу себебі «Глиник» 331 К10-С жиынтықты көмір оятын жердегі және сыйымдылығы 3,9м шығатын SL-300 тазалау комбайнының жұмысы себеп болды. Қазіргі кезде сыйымдылығы 1,55 м. шығатын Bucirus құрылғысын қолданумен, сонымен қатар қиын тау-геологиялық жағдайдан 221 К18-С көмір оятын жері жұмыста тұр.

2015 жылдың 10 айына 887,7 мың тонна өндірілді, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,2% жоғары (2014 жыл қаңтар-қазан – 827,8 мың тонна).

«Восточная» ОБФ негізгі өнімдері көмір концентраты болып табылады, жобалық сыйымдылығы жылына 5 млн. тонна көмірді құрайды. Өнімдерді негізі өткізу базары Қазақстан, Украина, Ресей болып табылады. Кәсіпорында 500 астам адам жұмыс істейді.

2014 жыл қорытындылары бойынша көмір концентранты өндірісінің көлемі 2013 жылға қарағанда 1,6% азайды және 2568,5 мың тоннаны құрады (2013 жылы – 2610 мың тонна).

2015 жылдың 10 айына өндірістің көлемі 1,2% өсті және 2140,9 мың тоннаны құрады (2014 жыл қаңтар-қазан – 2116,3 мың тонна).

Көмір концентранты өндірісі көлемінің азаю себебі СКВП-32 ауыр орта айырғышты ауыстыру болды.

2014 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде негізгі капиталдағы инвестиция салымы – 1819,8 млн.теңгені құрады. Инвестициялық жобаның барлық сомасы 2520,5 млн.теңгені құрайды, олардан 2014 жылға 1369,5 млн.теңге. жеті айға 720,1 млн.теңге игерілді.

ВРДС-100Л жаңа вагонтөңкергіш үлгісінде өз нормативтік мерзімінде істеп шығарушы, 2 бірлік санында ВРС-125 вагонтөңкергіш үлгісін аустыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, Ресей өндірісі, Омск қ. «МК ОРМЕТО-ЮУМЗ» ОАО компаниясы.

Аталған инвестициялық жоба 2013 жылдан 2014 жылға өтті. Жоспарлық бюджет – 2млн.долл құрайды. АҚШ, дерек бойынша 2013 жылы жабдықтар сатып алуға 53,7 млн. теңге жұмсалды, 2014 жылы жаңа вагонтөңкергіштерді монтаждау және ескілерін бөлшектеу бойынша жұмыстарға 199,9 млн. теңге жұмсалды.

Jameson Cell флотациялық машинасын және кептіргіш вакуум-фильтрін жұмысқа ендіруге 3 400 000 АҚШ доллары жұмсалды (монтаждау жұмыстары мен материалдар сатып алу), 2012-2013ж. кезеңінде 8600000 АҚШ доллары жұмсалды (жабдықтар сатып алу және жобаларды орындау).

Аудан аумағында тас көмір және көмір концентратын өндіруден басқа да пайдалы қазбаларды өндіру бойынша қызметтер, құрылыс тастарын және флюстік әктас өндіру ірі орындарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Караганданеруд» АҚ №2 Қарабас кәсіпорыны Абай ауданының Қарабас кентінде орналасқан. Негізгі өндіріс түрі құрылыс тасын өндіру. Басты өнімдер: - ұсақ төртбұрышты тас (фракциясы:3-10 мм, 5-10, 5-20 мм, 10-20мм, 20-40мм,25-60мм) – құм (фракциясы: 0-1мм, 1-3мм, 3-5мм, 0-5мм). Фабриканың өндірістік қуаты жылына– 1500 мың тонна. Кәсіпорын өнімі тауарлық бетон, темірбетон конструкцияларында, автокөлік және темір жолдар құрылысында т.б қолданылады. Кәсіпорын жаңа құралдармен жабдықталған, жоғарытехнологиялы, «Sandvik SRP AB» (Швеция) фирмасының автоматтандырылған сұрыптау-ұсату фабрикасымен және кеңес үкіметінен қалған және 2007 жылы реконструкция жүргізілген BARMAC (Финляндия) төрбұрышты тас шығаратын қондырғылар қолданылады. 2005 жылдан кәсіпорында ISО 9001-2000, 2006 жылдан ISО 14001 және OHSAS (Охсас) 18001 стандарттары бойынша жұмыс жасайды.Кәсіпорын отандық «СамрұқКазына» Қорының тізіміне енгізілген № 000668.

2014 жылы өндірістің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 58,8% өсті және 2665,9 млн.теңгені құрады (2013 жыл – 1678,8 млн.теңге).

Ұсақ тас өндірісінің көлемі 20,4% өсті және 732,5 мың м3. құрады (2013 жылы – 608,4 мың м3).

Құм өндірісінің көлемі 10,2% өсті және 587,2 мың м3 құрады (2013 жыл – 532,3 мың м3).

2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Караганданеруд» АҚ өнеркәсіп өндірісінің көлемі 13,1% төмендеді және 1671,6 млн.теңгені құрады (2014 жыл қаңтар-қазан – 1922,8 млн.теңге).

Ұсақ тас өндірісінің көлемі 27,6% төмендеді және 440,8 мың м3. құрады (2014 жыл қаңтар-қазан – 608,5 мың м3).

Құм өндірісінің көлемі 20,8% төмендеді және 377,6 мың м3. құрады (2014 жыл – 476,5 мың м3).

Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себебі тапсырыстың азаюы болып табылады.

«Қараганданеруд» АҚ өткізу базарын зерттей келе, негізгі тұтынушы кәсіпорын «Стройконструкция» ЖШС (Астана қ.) - 50% және «Қазақстан Темір Жолы» ЖШС - 40% екенін атап өту керек (10%- ұсақ құрылыс және автокөлік кәсірпорындары).

Сонымен, ағымдағы жылы «Қазақстан Темір Жолы» ЖШС кәсіпорынмен келісім шарт жасамады, ол өндірістің жоспарланған көлемінің төмендеуіне алып келді.

Флюсті ізбесті өндіру кен орыны Абай ауданының Южный кентінде орналасқан Оңтүстік-Топар кен басқармасы әзірлейді. Ізбесті өндіру және қайта өңдеудің жылдық өндірісі 1,5 млн.тонна. Кәсіпорынның басты өнімі болып флюсті ізбес және кварц өндіру және өңдеу болып табылады. Кәсіпорынның тұтынушылары болып ірі металургиялық кәсіпорындар, Қазақстанның химия және тағам өнеркәсібі болып келеді. Басты тұтынушы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ.

2014 жыл қорытындысы бойынша ОТТБ өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 23,3% өсті және 1650,8 млн.теңгені құрады (2013 жыл – 1338,5 млн.теңге).

Флюстік әктас өндірісінің көлемі 13% өсті және 1164,5 мың тоннаны құрады (2013 жыл – 1030 мың тонна)

2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «ТЭМК» АҚ ОТТБ өнеркәсіп өндірісінің 12,9% азайды және 1144,4 млн.теңгені құрады (2014 жыл – 1314,1млн.теңге).

Флюстік әктас өндірісінің көлемі азайды 8,9% және 896,9 мың тоннаны құрады (2013 жыл – 973,5 мың тонна).

Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері:

- өндірістік жабдықтардың 70% астам тозығы жеткен;

- өнімдерді тиеу үшін вагондардың жеткіліксіздігіне;

- «Арселор МитталТемиртау» КД АҚ өзгермелі құрамының төмен айналымына;

- ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанында ауа-райының қолайсыздығына.

Кен өндіру өнеркәсібін дамыту жаңа кен орындарын табумен байланысты, 2013 жылдан ТПК «Бас» ЖШС-ен «Абай-Наклонная» көмір өндіру шахтасын ашу жоспарланып отыр, ол көмірді №10 ауданның Шерубай-Нура шахта алңында өніріп иновациялық технологиялармен байытады. Болжамдалған өндіріс көлемі 1800 мың тонна көмір және өңделгеннен кейін 1200 мың тонна кокос концтраты. Шахта алаңын ашу көлбеу және тік діңгектер арқылы деп болжамдалып отыр. Кен өндіру жұмыстары жаңа жер қазба кешендерімен жүргізіледі. Көмір өндіру тазарту комплекістерімен жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Өнірістің барлық звеносы Автоматталған Басқару Жүйесінің Процессімен жабдықталады. Тауарлық өнім алу кешендік құрғақ байыту өнімінің FGX сериясы арқылы жүргізіледі.

Болжамдалған жобаның мінездемесі:

- шахтаның құрылысы және іске қосу;

- кен байыту құрылғысын орнату және іске қосу;

- инфроқұрылымын құру: электр беру линияларын тұрғызу (ЭБЛ), жоғарғы подстанция, автомиль жолдары, су жүйелері, әкімшілік ғимараттар мен құрылыстар.

Құрылыс кезінде 400 адамдық жаңа жұмыс орыны құрылады, және іске қосу барысында 1000 жұмыс орыны құрылыады. Инвестиция көлемі өз қаражаты есебінде 11,250 млрд.теңге болады.

Тау-кен өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімдерінің маңызды өндіріс түрлерінің динамикасы.


Көрсеткіш

Өлш.

бір.


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. қаңтар-қазан

Тас көмір

мың тонна

1015,0

985,5

936,8

887,7

Көмір концентраты

мың тонна

2577,5

2610

2568,5

2140,9

Флюстік әктас

мың тонна

1030,0

1164,5

1331,6

996,7

Ұсақ тас

мың м3

533,4

608,4

732,5

440,8

Құм

мың м3

500,7

532,6

587,2

377,6

Көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі статистика комитеті Қарағанды облысы бойынша статистика Департаменті

Электрмен қамтамасыз ету, газ беру, бу және ауаны жақсарту саласы «Казахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС кәсіпорынымен электр және жылу энергияларын өндіру қызметін ұсынады – жылу энергиясын тарату бойынша қызметті «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС ұсынады.

Электр үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі кезе өнеркәсіпті модерлендіру негізгі инструменттерінің, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және көлік секторының бірі болып табылады. Электр үнемдеу бойынша және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды табысты іске асыру энергетикалық эәне экологиялық қауіпсіздікті, сонымен қатар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қамтамасыз етеді.

Аумақ экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарды тұтыну сол қарқында өседі, сонымен экономикалық өсім өнім өндірісінің өсуімен, ресурстарды тұтынумен қоса жүреді.

Осылайша энергия үнемдеу негізгі міндеттерден бірі болып табылады.

Топар к. аумағында 1962 жылдан бастап «КазахмысЭнерджи» ГРЭС ЖШС қызметін жүзеге асырады. Станцияның жобалық сыйымдылығы 663 МВт. Кәсіпорында 1100 адам жұмыс істейді.

«Қазахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС электр энергиясын өңдеу 2014 жылы 4604,5 мың кВт.ч құрады немесе 2013 жылға қарағанда 104,6 % (4398,9 млн. кВт.ч.). Өндірістің көлемі ақшалай көрсеткіште 2013 жылмен салыстырғанда 101,6% өсті (23102,0 млн. теңге) және 23466,0 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың қаңтар-қазанына «Қазахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС бойынша өндіріс көлемі 23307,0 млн.теңгені құрады (2014ж. – 18808,3 млн.теңге), электр қуатының өндірісі 14,6% өсті және 3783,4 млн.кВт.ч. құрайды (2014 ж-3300,8 млн. кВт.ч).

«Қазахмыс Энерджи» ГРЭС ЖШС кәсіпорыны бойынша 2014 жылы 3 турбоагрегаттарын 1,2,3 ауыстыру бойынша жұмыстар және 3 млрд 954,4 млн. теңге инвестиция салумен 1Б, 1А көмір тиеу кешенін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2015 жылға №1, №2, №3 турбоагрегаттарын ауыстыру бойынша жұмыстар және 1А көмір тиеу кешенін ауыстыру және сатып алу бойынша жұмыстар жоспарланды. Инвестициялық жобаның жалпы құны– 4066,2 млн.теңгені құрайды.

2015 жылдың қыркүйегінде «Абай жылу жүйелері» ЖШС «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС етіп қайта аталды. Қызметтің негізгі түрі жылу энергиясын беру және тарату болып табылады.

2014 жылы өндірістің көлемі 123,9% өсті және 297,5 млн.теңгені құрады (2013 жыл – 240,1).

2015 жыл басынан бастап (қаңтар-қазан) көлем 42,4% өсті және 262,5 млн.теңгені құрады (2014 жыл қаңтар-қазан – 184,4 млн.теңге).

Сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйелері, қалдықтарды жинау мен таратуды бақылау «Жігер су» КМК ұсынылды. Кәсіпорынның негізгі қызметі сумен қамтамасыз ету және су бөлу болып табылады.

2014 жылы өндірістің көлемі 153,1 % өсті және 102,9 млн.теңгені құрады (2013 жылы – 67,2).



10 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 26,7% өсті және 106,2 млн.теңгені құрады (2014 жыл қаңтар-қазан –84,1 млн.теңге).

2012-2014 ж. кезеңіне және 2015 жылдың 10 айына өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымының өзгеру динаикасы

Ауданда Шұғыл индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде индустриаландыру Картасына «Абай қ шұжық цехы және соғым пунктінің құрылысы» бойынша жоба енгізілді, «Волынка ЖШС. 40 жұмыс орындарын ашумен инвестиция сомасы 600,7 млн. теңге, іске асыру кезеңі 2011-2015 жылдар, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 10 тоннаға дейінгі көлемімен шұжық өнімдерінің және тәулігіне 5 тоннаға дейін ет тағамдарының жаңа өндірісін, тәулігіне 20 бас малдарға дейін соғым пунктін ашуға мүмкіндік береді. Жобалық қуаттылыққа шығуы 2017 жыл – 3,6 мың тонна шұжық өнімдері.

Қазақстандық өнімдер мәселесінде негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында сатып алатын ұйымдар және мемлекеттік органдардың тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу барысында мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнімдерді көбейту, әрі компаниялармен серіктестік орнату жолымен отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша дәйекті жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсаты ТКШ объекттерін салу және модерлендіру барысында отандық тауар өндірушілермен келісім шарт, ұзақ мерзімді шарт жасасу болып табылады.

Қазақстандық өнімдер шеңберінде ауданның 2 ірі кәсіпорындары бойынша мониторинг жүргізілуде.

2014 жыл қорытындылары бойынша кәсіпорындардың («Караганданеруд» АҚ, «ТЭМК» ОТТБ АҚ) тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде қазақстандық өнімдер 77,6% құрайды . Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі 2015 жылдың 9 айына– 834,8 млн. тенге. Сумма закупок у отечественных производителей – 648,1 млн. теңге.

Ел басының "Қазақстанда жасалған" акциясын өткізу қажеттілігіне қатысты тапсырмасын орындау барысында Қарағанды облысының әкімдігімен аумақтық кәсіпкерлер палатасы біргелікте қазақстандық өндіріс тауарларын алға жылжыту бойынша іс шаралар Жоспарын дайындады және әзірледі.

Ауданның сауда объекттерінде қазақстандық өндіріс тауарларымен логотиптерді орналастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнде Абай қаласында және ауылдық елді мекендерде «Қазақстандық өнімдерді сатып ал» акциясымен 509 дүкендер, 509 логотиптер орнатылды, осы бағытта жұмыстар жалғасуда




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет