Қарапайым мәтематикалық ұғымдарды қалыптастыру.
«Ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа. Тең заттар.»
Мақсаты: Шартты өлшемнің көмегімен заттарды шамасы бойынша салыстыру дағдыларын, үлгіден ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар, қалың-жұқа және оған тең заттарды табу білігін дамыту, зейінді және сөйлеу дағдысын дамыту.
Жаратылыстану
«Шегіртке неден жасырынып тұр?»
Мақсаты: Балалардың қоректік, тәуелділік туралы түсініктерін жетілдіру. Қоректік тізбек жасау қабілетін дамыту. Балалардың бойында табиғат туралы қарапайым түсінік, табиғатпен қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру. Табиғат пен адамгершілік қарым-қатынаста болуға үйрету.
|
Сурет салу
«Ертегідегі құс»
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін машықтандыру, құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке баулу.
Мүсіндеу
«Қоян көжектерімен»
Мақсаты: Балаларды қоянның тыныс-тіршілігімен таныстыру, қоянның үй жануарына жататынын түсіндіру. Ұсақ қол қимылдарын жетілдіру, баланың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Аппликация
«Айдарлы әтеш»
Мақсаты: Әтештің жасалу бөлшектерін үйлестіріп орналастыруға үйрету. Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту; ойлауын, қиялын дамыту; ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Музыка
Маман жетекшісінің жоспары бойынша
|