4.2 12 жылдык мектепте бастауыш білім беру жуйесін жобалау
Білім беру жүйесі дегеніміз - әртүрлі деңгейдегі білім бері стандарттары мен мемлекеттік бағдарламаларынын бағыттары сабактастығы мен осы кұрылымдардың жиынтығы.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері ұлттық жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуга және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Бастауыш білім меңгертілетін дағдылар - білім беру жүйесінің алғашқы сатысында мен ұғымдардын жиынтық атауы. Бастауыш білім беру көлемі 1-4 сынып оқушыларыны ерекшеліктеріне сай жасалган бағдарлама мазмұнына сай калыптасады. Бастауыш білім беру кезенінде окушы алғашқы ғылыми мәліметтерді ұғуға ынталанып, қажетті дағдыларды игереді, ойлау қабілеті мен танымы қалыптасады. Бастауыш мектеп - білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. Жаппай орта білімге көшуде бастауыш мектептің құрылымдық жүйесін, негізгі мақсатын түбегейлі өзгертті. Бастауыш мектеп жалпы орта білім беретін орта мектептің кұрамындағы бастауыш сыныптарға айналды.
Бастауыш жалпы білім беру нобайы стандартта белгіленетінін ескере отырып, оны құрастырушылар окушынын, мұғалімнің, мектеп пен аймактың рөлдерін күшейтуге басымдық бергенін кереміз. Сонымен қатар, авторлардың оқу сапасы мониторингін жүргізуге, интерактивтік өзара әрекеттерді жобалауға, оку акпараттарын модульдеуге деген қабілеттіліктерді дамытуға, ақпараттық ресурстарды қолдануға деген дайындық мәселесін алдынғы орынға шығаруы уақыт талабы деп түсінуге болады. Бұл өз кезегінде әрбір оқушының ақпараттық-оқыту өрісін құрастыру деген дайындығын қамтамасыз етуі тиіс.
Жаңартылған білім беруде оқытуды жекешелендіруге деген тұлғалық-бағдарлы бағытқа бағдарлауы, әрбір оқушының жеке жоне тұлғалық сапасын, ерекшеліктерін ескеру қажеттігін корсетеді. Осыған сүйене отырып, жеке білім траекторияларын жасауга кажетті білімнің әрекеттік мазмұнын меңгеруін, балалардын дарындылығын дамытуга, олардың шығармашылық өзін-өздері танытуларын, табиғи күш-қуаттары мен қабілеттерін дамытуга, жалпы білім берудің табыстылығын күшейтуге ынтасын арттыру мәселесін жүзеге асырады.
Стандарт мазмұнын іске асыруда оқушылардың әлеуметтік өзара әрекеттесуге деген дайындыкка бағдарлануы, оқыту формасынын түбегейлі өзгеруімен байланыстырады, яғни топтык ұжымдық тапсырмаларды орындауда тұлғаның элеуметтенуі маңызды болмақ.
12 жылдык мектепке арналган бастауыш білім берудін оку бағдарламаларын құрастыру ұстанымдары:
Оку бағдарламалары мазмұнына:
> білім беру бағдарламаларының базалык мазмұнының міндетті минимумын тандауды;
> дамытушы шеберліктерді, әрекеттердің түрлері мен тәсілдерін;
> окытудың тәсілдері мен формаларын, педагогикалық технологияларды;
> нақты, мінсіз, табиғат нысандарының толық тізімін (су, ауа, от, жер, накты жануарлар мен өсімдіктер, тартылыс кубылыстары, Күн және т.б.), мәдениет нысандарын (көркем мәтіндер. архитектуралык гимараттар, өнер шығармалары, тұрмыс және енбек кұралдары, накты дәстүрлер мен мәдениет құбылыстары), әлеуметтік нысандарды (нақты тауар, окушы отбасы, накты азаматтык үрдістер), техникалық құрылғыларды (компьютер, телефон, теледидар мен т.б.);
> тарихи-мәдени түпкі деректемелерді, әдебиеттерді
> сабактардағы шығармашылық элементтерді, шығармашылық жұмыстардын үлгілі тақырыптарын, окушылар жасайтын басқа да білім беру нәтижелерін;
> пәндік кұзыреттерді енгізу.
Казакстан Республикасында 12 жылдык жалпы орта білім Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартынын жана нұскасын жасау барысында әдістемелік бағдар мәліметтері есепке алынған. Жалпы білім берудің бастапқы сатысын сипаттағанда мына элементтерді ашып көрсеткен:* жалпы білім берудің осы сатысын жалпы сипаттау, білім берудің осы сатыдағы мақсаттары, білім берудін жалпы пәндік мазмұны, білім беру салалары бойынша білім берудін базалық мазмұны.
Жалпы пәндік мазмұн әрдайым айқын өзгерістерге ұшырап, оку пәндері біртұтас, бүтін мазмұнға бірігетін білім беру салалары мен барлык оку пәндері аркылы тікелей жүріп отырады. Жалпы пәндік мазмұн элементтері көлденең пәнаралық байланыстар денгейінде де, окытудың тікелей жеке сатыларында да жалпы білім берудің жүйені құрастырушы негізін анықтайтыны айтылған 12 жылдык мектепте бастауыш білім беру жүйесін жобалауда жаңартылған білім беру стандарты окытудың вариативтілігін, жіктелуі мен даралануын бекітеді, білім берудің тұлғалық- бағдарлы, әрекетті, кұзыреттілігі идеяларын іске асыруды, білімнін пәндік салаларын кіріктіруді, нақты нысандарды тану тәсілдерімен балаларды окыту көлемін күшейту арқылы мазмұнды айтарлықтай жанартуды болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |