Жылға арналған Жетісу ауданы әкімі аппаратының Стратегиалық жоспары 1 Бөлім. Міндет және пайымы. Міндет



бет1/10
Дата01.02.2018
өлшемі1,31 Mb.
#37339
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



2011 -2015 жылға арналған
Жетісу ауданы әкімі аппаратының Стратегиалық жоспары
1 Бөлім. Міндет және пайымы.

Міндет - әкімшілік қызметінің қойылған мінтетіне нәтижелі шешімін қамтамасыз ету аудандағы экономикалық бәсекелестің жоғарлауы және халықтың сапалы өмір сүруін жақсарту.
Пайымы – Алматы қаласы Жетісу ауданының дамуына жәрдемдесу, аудандағы инфрақұрылым және мемлекеттік қызметтің дамуына тиімді және қолайлы амалдардың болу.

2-Бөлім. «Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісі»
1.1-ші Стратегиялық бағыт - аудандағы экономикалық бәсекелестің жоғарлауы.

Негізгі параметрлері салалық реттеудің дамуы немесе қызметтік тармағы. Алматы қаласы Жетісу ауданы қаладағы 7 ауданның бірі болып келеді, қаланың солтүстік – батысында орналасқан. Аудан аумағы 34,5 км құрайды. Тұрғылықты халық саны -141,9 мың адам (тұрғылықты халықтың хат алмасулығы бойынша хабарлау).

2011 жылдың нәтижесі бойынша ауданда еңбек нарығының тұрақты артуы әлеуметтік-экономикада алған орны ерекше, шағын және орта бизнестің дамуы, көлемді өсу үрдістері нақты сектор бойынша абаттандыруға, коммуналдық шаруашылық, тұтыну саласы, жан басына шаққанда нақты табыстың жоғарылауы, көтерме тауар айналымы бағдарламаларының табысты өткізілуі және де аудан халқының саны өсіп, ауданның тұрмысы төмен отбасыларының санының азаюы.

Алматы қаласы Жетісу аудандық Салық басқармасының 2012 жылға мемлекеттік бюджетті болжауы бойынша 58 795,3 млн.теңгені құрады, 2012 жылға нақты түсімі бойынша 60 484,9 млн.теңгені құрап, орындалу бойынша 102,9% пайызды құрады.

Жалпы ауданда жұмыс жасайтын 14 998 шағын және орта кәсіпорын бар. 2012 жылға ауданда өндірістік тауарлардың бағасы 77,8 млрд.теңгені құрады. Өткен жылдық кезеңнің сәйкесінше физикалық көлемнің индексі 102,8% құрады.

Ауданда еңбек бағамы экономикада тұрақты орын алуы бойынша енгізіледі. 2012 жылдың басында ауданда 2192 бірлік жоспары бойынша 2570 жаңа жұмыс орны, ал 2011 жыл бойынша 2150 бірлігі бойынша 2291 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бүгін барлық әлемде өнім бәсекелестігің алғаш факторы сапаны басқару жүйесі Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар 9000 және 14 000. Сапа – ол қатал бәсекелестік жағдайда жетістікке жеткізетін мүмкіншілік. Сондықтан, аудан кәсіпорындары Халықаралық сапа

жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. 2012 жылда ауданның үш кәсіпорны «Тәжірибелі машина құрастыру Заводы» - ИСО 9000, ИСО 1400, OHSAS 18000, «Инжиниринг және энергетикалық құрылғылар» ЖШС ИСО 9000, «Алматыинжстрой» ЖШС – ИСО 9000, ИСО 14000.

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімі кәсіпорындарды модернизациялау бойынша, әркез кәсіпкерлерді дөңгелек столға қатысуға тарту, «Кәсіпкер және шенеунік» акциясы бойынша «2020 Жол карта бизнесі» бағдарламасы бойынша тренингтік-семинарлар да жүзеге асырылады.

2012 жылы «2020 Жол карта бизнесі» бағдарламасы бойынша келесі кәсіпорындар жобалары бекітілді: мақсаттық бағыты бойынша «Каз Интер Плюс» ЖШС – жаңа жүк авто транспорттарын алу; «Агро-промэнерго-К» ЖШС мақсаттық бағыты бойынша- көкөніс қоймаларының құрылысы.

14 кәсіпорыннан құралған «Қазақстанның ең жақсы тауары» атты конкурс өткізілді. Бірінші орынды 3 кәсіпорын алды: «Асфальтобетон» ЖШС, «Келет» АҚ, «Обис» ЖШС. «Семирамида» ЖШС 2 орын, ал «Мунайаспап» АҚ 3 орынды алды.

Желтоқсан айында «Парыз 2012» атты әлеуметтік жауапкершілік конкурс өткізілді, оның ішінде ауданнан қатысқандар: «Мунайаспап» АҚ, «Келет»АҚ, «Асфальтобетон-1» ЖШС және «Медаспапоптика» ЖШС.

Әр ай сайын өнеркәсіп өнімінің әсер етуші бағасы және көрсеткішінің көлемі жөнінде мониторинг өткізіледі. Әр апта сайын әлеуметтік бағыттағы сатылым тауарларына бағалар енгізіліп отырады.

Азық-түлік жүйесі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында апта сайын Еңбекші қазақ ауданымен бірлесе ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.



Негізгі мәселені талдау.
Қазіргі таңда өнеркәсіптің өнімдері сыртқы және сыртқы нарықта да бәсекеге сай емес, оның бір себебі жаңа стандартың сапаның жоқтығы. Осы дағдарыстың факторы отандық өнімге деген сұраныспен ұсыныстың жоқтығы, себебі кәсіпорындар ескі технологиямен құрал-жабдықтарымен қолданылады.

Экономика секторында тұрақты және баланс жасаудың аумақтық кәсіпорында жоғарғы деңгейде болу үшін, жұмыс орындарын үнемі сақтау.

2020 жол карта бизнесі бағдарламасын мемлекет 3 бағытта ұсынды ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтерілуі – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары ұсынылды.
Негізгі сыртқы және ішкі факторды бағалау
Аудандағы кәсіпорындардың өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы сапасын бәсекелестікке сай болуын дамыту мақсатында көмектесу.

Кіші және орта бизнесті қолдау


Аудан әкімінің аппараты қызметкерлерінің жұмыс сапасын және кәсіби деңгейін арттыру.

Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің толық жетілдірілуі және одан әрі дамыту
2012 жылы Жетісу ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің штаттық кестедегі саны 34 адамды құрады, жылдың соңында фактілі түрде қызметкерлердің саны 32 адамды құрады, оның ішінде 14 адам басшылық лауазым иелері, мамандар саны 18 адам.
Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткізу жоспар кестесіне сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік және жергілікті басқарма Институтына аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлықтан өткізуге жіберілді. Жалпы мемлекеттік және жергілікті басқарма Институтына 2012 жылы 11 қызметкер біліктілігін арттыру курсына жіберілді, Қазақстан Республикасы Президентіне тиісті Астана қаласы мемлекеттік басқарма академиясына 3 қызметкер жіберілді.Қойылатын сұрақтар әркез Жетісу ауданы әкімінің қадағалауында болады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлермен өткізілетін құқықтық білім алуы (мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын реттеу) Ар-намыс кодексі, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы, «Жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасауды реттеу».
Жетісу ауданы әкімінің аппаратында 3 қызметкерді лауазым иесіне сәйкес аттестациядан өткізілді. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында аудан әкімінің орынбасары Оспанов Асқар Болатұлы аттестациядан өткізілді. 2012 жылдың екінші жарты жылдығында әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы- Иманова Динара Тілеубайқызы, аппарат жетекшісі- Садвақасова Жанар Сейтжанқызы, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы- Баймолдаева Толғанай Бақбергенқызы басқа мемлекеттік мекемеге ауысуына байланысты (13.08.2012 ж. №36л өкім) Жетісу ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері тізімінен алынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Бұйрығының 4 тармағына сәйкес, № 327 «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы», «қызметкерлер лауазымы бойынша мемлекеттік қызметке кіргеніне әр үш жыл сайын аттестациядан өтеді, бірақ сол лауазымға иеленбес бұрын алты айдан кешіктірілмей өтуі керек» осыған сәйкес, әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы Мырзахметова Мөлдір Қуандыққызы 2013 жылы ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне ауысуына байланысты аттестациядан өту күні 6 айға ұзартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Бұйрығының 4 тармағына сәйкес, № 327 «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы» сәйкес, Алиева Толқын Қанатқызы аттестациялық тізімнен жүкті болуы байланысты алынды.
«Кадрлық ресурстар басқармасы және есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізілген (АСЖ «Кадрлар»)
«Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау»автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізілген, (АСЖ «Рейтинг»), автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламаларының электрондық құжаттармен жұмысты жақсарту мүмкіндігін туғызатын 80% енгізу қарастырылған.
Әр ай сайын ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына аппарат қызметкерлерінің қызметтік тиімділігін бағалау нәтижелеріне арналған құрама бағалау парақтарын ұсынып отырады.
Құрылымдық бағалау бөлімшелерінің қызметтік тиімділігін бағалау бойынша жылдық қорытындыларына арналған Комиссия жүзеге асырады. Бөлімше құрылымдық функциялары шеңберінде негізгі мәселелері тапсырылды.

Қызметкерлерді ең жоғарғы басқару есепті мерзімге сәйкес 100% қамтамасыз етілді.


Әлеуметтік салада әр түрлі әсер етуші кедергі зорлықты жою
Ерекше қатынасу әдеттегідей отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын қылмысқа шақырады, жанұялық зиянға әкеп соғады және тұлғаның өмірлік дағдыларының қалыптастыруына көп әсерін тигізеді. Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша 2012 жылдың 12 айына отбасылық-тұрмыстық салада (2011 жылы – 319 дам) 300 заңға қайшы әрекеттері тіркелген.
Отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын қылмыстардың ерекшелілігі олардың қастық ойлайтын мінезден пайда болған қоғамдық қатынастар. Қылмыстардың мәліметтердің басты ерекшелілігі пайда болған қоғамға қарсы тұлға жанжалдың пайда болу және жанұя ішінде жеке тұрмыстық қатынастардың жәбірлену жеріне қылмыскердің қатысуы. Әйелдерге қиындық туғызатын тұрғын-үй мәселесі, материалдық тәуелділіктер, болашақ балалары үшін қорқу, белгісіздіктен қорқу, туыстармен таныстар алдында ұялу, жақын адамды аяу және махаббат.
2012 жылдың 12 айы бойынша Ішкі істер органдарының жұмысының әйелдерді зорлық-зомбылықтан көмек көрсетіліп қорғауда 180 (2011 ж. -195) әйелге көмек көрсетілді.
Есепті кезеңге сәйкес 50 оқу ғимараты және түзету мақсатындағы ұйымдар, әйелдерге қарым-қатынас жасау мақсатында қойылатын талаптардың алдын алу. «Забота», Подруги» Дағадрыс орталықтарымен бірігіп лекция, семинарлар өткізілді.
Үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп мамандарды оқыту, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін және денсаулық сақтау қызметкерлерін жалпы 4 адамды оқытылды.
2-ші Стратегиялық бағыт. Аудан тұрғындарына тұрмыс және жұмыс жағдайын жақсартуын ұйымдастыру
Реттелетін сала қызметінің негізгі параметрінің дамуы
Көріктендіру бөлімінің пайымы ыңғайлы, қауіпсіз жағдайды санитарлық тазалықпен аудан аумағын көгалдандыру арқылы жасау.

Кешкі және түнгі уақытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, толық тәртіпте сыртқы жарық беру жүйесін жазғы және қысқы кезеңінде сыртқы жарықты өшіру және қосуды кестеге сәйкес болу керек. Аудандағы электр жүйелері жоғары сапалы материалдарымен өз уақтылы сапалы қызметті талап етеді, жарық техникасымен электр техникасының параметрімен стандартына жауапты, олар шырақ, үлкен жарық беруші негіз, сым, кабелді өнім т.б. Пайдаланылатын аумақ «Алматықалажарық» АҚ Жетісу ауданы бойынша 8 634 бірлік жарық нүктелерінің жүйесінің ара қашықтығы 280,9 км қызмет көрсетіледі, тораптан қорек алушылардың саны 113 дана. 2011 жылғы олардың қызмет көрсетілуіндегідей, 2012 жылда да жарық берудің автоматтандыру процесіне 151 876 мың.теңге. Жарық нүктелерінің және сыртқы жарық беру жүйесінің қызмет көрсетілуіне 4 экипаж, жұмыс кестесі бойынша 2 экипаж, күніне 1 экипажға 3 адам.



Санитарлық тазалық.
2012 жылы Жетісу ауданының аумағына санитарлық тазалық жүргізу үшін 3-лота бөлінді, әр қайсысында кешенді санитарлық тазалық жүргізілді (кезекті мекемелер мына жұмыстарды жүргізеді, аялдамаларды қолмен тазалау, көше бөліктерін, көпірді тазалау; көшені көріктендіру, тротуарларды көріктендіру, арық жүйелерін көріктендіру; арнайы көшелерді ТТҚ-ды күнделікті жинау, жасыл желекті санитарлық тазалау және шабу). Бюджеттен бөлінген қаражат, аудан аумағын тазалығын ұйымдастыру үшін 472310 мың тенге құрайды.
Қазіргі таңда ауданда 229 көше 2402022 м2 ұзартылуға есептеліп отыр Оның ішінде 185 көше жаяу жүргіншілер жолын тазалау 201645м2 ұзындықты құрайды.

Жабайы жануарларды ұстау бойынша жұмыстар өткізу.
Жеке меншік үйлердің көшуіне байланысты, аудан шекарасында белсенді құрылыс жұмыс жүргізіп жатыр соған сәйкес, тұрғындар басқа аудандарға, тұрмысқа жайлы тұрғын үйлерге көшкендіктен дала кезіп тамақ іздеген иттерін қалдырып кетеді Ауданда экологиялық бекеттердің болмауынан және жеке кәсіпорындардың қоқыс желілеріндегі мәдениетсіздіктен жабайы жануарлардың орналасқан орны мен қоқысханаларда орналасады. Жабайы жануарларды уақытында көзін жоймаса аудан тұрғындарына материалдық және физикалық қауіп төндіруі мүмкін.

2012 жылы Жетісу ауданының аумағындағы істелінген жұмыс бойынша бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат 12 888 000 теңге құрайды. Жұмыс өткізу барысында келесі іс-шаралар орындалады:

- жануарларды ұстау;

- жануарларды ұйықтату;

- жануарлардың өліктерін жинау;

- жерлеу;

- арнайы ұсталатын жерде асырау және тамақтандыру;

Жабайы жануарларды ұстау үшін арнайы көліктер мен 2 қызметкер көмегімен қолданылады. Қызметкерлердің жұмыс уақыты 6.00-дан 15.00-ге дейін.

Жинап алынған жануарлардың өліктері қалалық санитарлық және ветеринарлық қадағалау мүшесінің келісуі бойынша арнайы жерлерге апарылады. 2012 жылғы жоспар бойынша жабайы жануарларды ұстау өліктерді жинау бойынша 3249 бас ит құрады.

Аудан аумағында мерекелік мәдени іс-шаралар өткізуге байланысты биодәретханаларды орналастыру.
Аудан аумағында мерекелік мәдени іс-шаралар өткізуге байланысты биодәретханаларды орналастыру мақсатында санитарлық ережелерге сәйкес қажет жағдайда 56 дана биодәретханалар орналастыру қажет.
2012жылы биодәретханаларды орналастыру мақсатында 840 мың теңге бөлінген.
Сенбіліктер өткізуге транспорттық қызметтер көрсету.
2012 жылы көріктендіру бөлімімен бірігіп 4 жалпы қалалық, 8 аудандық және 20 локальды сенбіліктер өткізілді. Оның ішінде: Ағаштарды әктеу, саябақтар мен гүлзарларды, арық желілері тазаланды. Әлеуметтiк-мәдениеттi заңсыз құрылыстары, жеке тұрғын-үй құрылысы және жер телiмдерiн заңсыз басып алған объектілерді бақылауды жүзеге асыру үшiн ауданның аумағында айналмаларында қатысу.

. Бюджеттік мәлімдемелерге сәйкес транспорттық қызметке жобаланған 457 мото/сағ 2 633 мың теңге бөлінген.


Жасыл желекті қорғау және күту. Ағаштарды ақтау.
Жетісу ауданында 2012-2015 жылы санитарлық жағдайды жоғарылату, гүлмен абаттандырып көріктендіру жұмыстары және гүлмен абаттандыру аумағы үлкейту жобаланып отыр, сонымен қатар Көріктендіру ережелеріне сәйкес, отырғыштарды сырлау және жөндеу жұмыстары, 430 дана урна жобаланып отыр. Қаланың көп бөлігіндегі жасыл желекті гүлзарлар алып жатыр. Ауданның тұрғындарының өмiрiнiң жақсартуы, қолайлы жағдайларды жасау үшiн бақтарда және саябақтарда жұмыс iстеудi ұйымдастыру. Бақтар және саябақтардың аумағында болатын жасыл желектерге, аз сәулеттiк формалар, басқа да заттар күйi бойынша тексеру өткiзу.

. Қосымша отырғыштар, бөлгіш жасыл жолақтағы урналар қою қаралып отыр.

Ағаштардың жағдайына байланысты әр-түрлі қоздырғыш ауруларға сәйкес, ерте көктемнен бастап 15-20 күннен 3-4 рет аралықта биологиялық алдын алу:
1-ші кезең: сәуірдің үшінші он күндігінен маусымның екінші он күндігіне дейін (2 өңдеу)
2-ші кезең: шілденің бірінші онкүндігінен үшінші он күндігіне дейін (1-2 өңдеу)

Ауданда саябақтар мен бақтар, сонымен қатар жалпы қолданыстағы 59,05га аумақты алып жатыр.

2-3 реттен ақталатын ағаштардың 11 916 дана әктеу жұмыстары жүргізілді.
Ағаштарды санитарлық кесу және қопсыту

Ауданның жасыл желегінің көп жерін ескірген, қураған қауіпті жағдайдағы ауаны лас газдардан, шаңдардан тазалайтын ағаштар, яғни 10-25 жыл табиғи жасына сай болады. Әр жыл сайын көріктендіру бөлімінен ағаштардың орнына үй салып, жүру жолы қылып тастайтыны туралы арыз-шағымдар түседі. 2012 жылы 4247 дана ағаштан 454 ағашты көшіру жоспарланып отыр.



Жасыл желекті, транспорттық айналмаларды және бөлгіш жолақтарды күту.

Жетісу ауданында сегіз транспорттық айналмалар аумағы бойынша 10,6 га тергеу бекеттерін ұлғайтуда өту жолдарын шешу мәселесін қарау.



Көшеттер отырғызу.
Ауданда 45% ағаш өз уақыты өтіп ескіруіне байланысты жас жаңа көшетпен ауыстырылу қажет. Көктемдік және күздік жасыл желекпен қамту мәселесі бойынша 81 түрлі көшет отырғызу сатылып алыну керек.
Арық желілерін күту

Ауданда арық желілерінің ұзындығы 78,9 км.Әр күн сайын мердігер ұйымдармен келесі жұмыстар орындалады:




  • Кезбе қоқыстарды жинау

  • Күреу

  • Қалың қатты қалдықтарды шығару

  • Тақталарды қалпына келтіру



Шөп шабу
Мердігер ұйымдармен бірігіп ауданда жалпы ауданы 523263 м2 аумақтың шөбін қалаға аудандық мағынадағы көшелердің шөбін шабу өткізіледі.

Ішкі аула аумағын көріктендіру
2012 жылдан «Алматы ауласы» атты бағдарламалары құрылды. Бұл бағдарламаның мақсаты аула аумағын абаттандыру жүргізіледі. Жетісу ауданында осы бағдарламамен 24 мөлтек-аудан тізімге алынды.

Мектеп жасына дейінгі мекемелер ортасын қамтамасыз ету
Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
2000 жылмен салыстырғанда бала бақшалар саны белгілі орын алуда. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі мекемелердің саны артып отыр. Соңғы жылдарда Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілер саны артып оты. Ауданда 14 мектепке дейінгі мекемеде 2766 тәрбиеленуші білім алуда.

Қазіргі таңда 2010 жылы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауымен бекітілген мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға 2010-2014 жылдарға «Балапан» бағдарламасы бойынша ҚР Үкіметінің 2010 жыл 28 мамырдағы № 488 бұйрығында бекітілген.Бұл бағдарламаның басты мақсаты жергілікті мекендерде балаларды қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отыр. Бағдарламаны қамтамсыз ету мақсатында осы жылға республикалық бюджеттен ауданға қосымша 347 мектепке дейінгі мекеме құрылды, оның ішінде:



  • 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында 120 орындық №162 «Құлагер» ы.а. бой көтерді, Казаков көшесі 13а 2010 орындық 2010 жылы №163 бала бақша;

  • «Көкжиек» ы.а. 120 орындық бала-бақшаның құрылысы басталды.

Келесі жылы одан әрі бала-бақша санын ұлғайту көзделіп отыр.

  1. Жеке меншік 2 бала-бақша ашылды (360 және 60 орындық)

  2. Наркологиялық диспансердің коммуналдық меншігіне қарасты 180 орындық №258 бала-бақшасының ғимаратын қайтару қаралды.

  3. «Айнабұлақ» ы.а. орналасқан №104 бала-бақша ғимаратындағы 250м2 аумақтағы 2 бөлімге қатысты аумақты жалға алушылар шығарылды.

Қазақша білім алуда 2,1% 50,7% артты, мектепке бару жасы 1 жасқа кеміді, яғни 32 бірлікті құрады, мектепке дейінгі дайындық 755-ке не 69,0% артты.

Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелердің әр түрлі моделі қарастырылды.

2012 жылы аудандық білім бөлімінің нұсқауымен келесі талаптар қойылды;

Мектепке дейінгі мекемеге 4937 баланы кезекке қою;

2100 бағытта мектепке дейінгі білім алу қарастырылды.

№103 шипажай бағында КММ мектепке дейінгі мекемелерде білім алып жатқан тәрбиеленіп жатқан балалар саны.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік қазынашылық коммуналдық мекемелер саны т19 артты.

«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер саны 9 балабақщаға артты.

Мектепке дейінгі мекемелерде «Балапан» бағдарламасы бойынша тәрбиеленушілер жалпы есептен саны 9% артты.

Мектепке дейінгі мекемелерде квалификациялық категориясы бойынша қосымша төлем жүйесі (жоғарғы 1;2;3 категория) 131 тәрбиешіге жасалды.



Негізгі мәселені талдау.
Құрылыс және санитарлық ережелер мен қағидалар талаптарына сәйкес бала бақшалардың инженерлік коммуникациялар ғимараттар қалпын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу. Ғимараттарда жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуі. Мектепке дейінгі мекемелердің материалды-техникалық базасын нығайту

Қоғамның дамуына байланысты білім жүйесіне талаптардың артуы.


Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
Негізгі мәселені талдау.
Аудандағы кәсіпорындардың өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы сапасын бәсекелестікке сай болуын дамыту мақсатында мәдениет және дене шынықтыру, кітапхана, музей, театр, балалар шығармашылық үйлерінің жоқ болуы.
Негізгі сыртқы және ішкі факторды бағалау
Аудан деңгейінде мәдени-*демалыс жұмыс орындарын қолдау мақсатында іс-шаралар өткізу, Аудан әкімімен мерекелерде кездесу;

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында тілдік саясатты «Дөңгелек үстелдер», семинарлар, жұмыстық кездесулер, жиналыстар өткізу.


Аудандық деңгейінде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

012 жылы ауданда 9 мемлекеттік мерекені атап өтілді. 6-наурызда үлкен акт залында аудан әкімі аппаратында 8-наурыз мерекесіне сай мерекелік іс-шара болды. 22 наурызда «Максима» сауда үйінің алдында наурыз мейрамына мерекелік іс-шара болды. 1 мамырда «Айнабұлақ» ы.а. бірлік күніне байланысты гүл бағында мереке аталып өтілді. 9-мамырда «Құлагер» ы.а орналасқан қалалық ипподром аумағында Жеңіс күніне байланысты аталып өтілді. 5-маусымда «Айнабұлақ» ы.а. Қала күніне байланысты мерекелік жиын аталып өтті. 29 тамызда Конституция күніне байланысты аудан әкімі аппаратының алдында жиын болды. 28 қарашада Бірінші Президент күніне байланысты іс-шаралар болды. 14-желтоқсанда Ғ. Мүсірепов атындағы ЖКТ-да ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты концерт өтті және 26 желтоқсанда ЖКТ ғимаратында жаңа жылға жағдайы төмен отбасылар мен мектеп балаларына мерекелік концерт болды.

Есепті кезеңге сәйкес, 10 мәдени-шығармашылық мерекелер болды. 5-қазан-Ұстаздар күні, Әлеуметтік мәдени жоба- алаңы- 22-24 маусымда, 27-28 шілдеде және 24-25 тамызда болып өтті. 16-қыркүйекте қала күніне сәйкес, Фонтан мерекесі-25 мамыр, Мүсіндер күні-18-сәуір, Спорт күні- 17-тамыз, Тілдер күні- 22-қыркүйек және 1-маусым- балалар күні аталып өтілді. Аудан мектептерімен салауатты өмір салтын сақтау мақсатында мерекелік іс-шаралар болып өтті. «Қазақстан Барысы» атты турнир болып өтті, Райымбек батыр мүсніне қала күні және мәдениет күніне байланысты «Баспалдак2012», веложүріс, «Қыс 2012» Жеңіл атлетикадан чемпионат, аудан КМС арасында футбол жарысы, «Тоғыз құмалақ», Спорт және туризм күніне сәйкес, бюджеттік қызметкерлер арасында, волейболда, қашықтыққа жүгіруден Құлагер ы.а жарыс болды. Сонымен қатар 45-тен аса спорттық іс-шаралар болып өтті.

2012 жылы аталған іс-шараларға 38000 аса адам қатысты.



Жерлеу орындарын күту және туыстары жоқтарды жерлеу. Далада қалған өліктер, қараусыз қалған өліктердің барлығын Алматы қаласы МҚКӨ «Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» атқарады. Саябақтардың, скверлердің және де басқа да жалпы қолданылатын жерлерді қалдықсыз тазалау күнделікті атқарылады.

Қазіргі таңда МҚКӨ «Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» 4 негізгі жерлеу орнын

Алматы қаласы МҚКӨ «Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» медігерлік ұйым арқылы жалпы көлемі 57,43 га саябақтардың, скверлердің және де басқа да жалпы қолданылатын жерлерді қызмет көрсетеді.

Жерлеу мәселесі бойынша жұмыс-жоспарына келесі іс-шаралар енгізілген:

1. Көгалдандыру және саябақтар мен скверлер бағып қару.

2. Декаративті – гүлді көріктендіру (көгалды орнату, гүл бақша және гүлдер егілген үйінді топырақты бөлу), көгалды қайта қалпына келтіру.

3. Жерлеу орындарын жөндеу

4. Аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдарды «Алматы қаласының саябақтар мен скверлердің дамуы және көгалдануы және магистральді көшелердің көгалдануы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қызықтыру.

5. Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу

3-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару Комитеті «ҚР жергiлiктi мемлекеттiк басқаруы туралы» уақытша жағдайға сәйкес, қалалық мәслихаттың 2002 жылдың 13 ақпанындағы XVI сессиясы II шақырылымында қарастырылғанына сәйкес жұмыс iстейдi және келесi бағыттар бойынша үкіметтің өкiлеттi атқарушы органдарымен әрекеттеседi:
Сайлаулардың өткiзілуі, сайлаушылардың қатысуын қамтамасыз ету үшiн уческелiк сайлау және округтық сайлау комиссиялар мүшелерін қалыптастыру, сайлау участкелерінің бөлiмшелерiн әзiрлеу, сайлаушылардың тiзiмдерiн тексеру және тұратын тұрғыны бар ауданның депутаттарының ұйымның жиналыстарына араласуы, сайлау өткізуге участкелік сайлау бөлімшелерін дайындау және ауданның округтерiнiң шекараларын түзетуi. Сонымен бiрге қоғамдық шараларға, мерекелерге аудан тұрғындарын қатыстыру және жалғыз басты зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларды, ауданның тұрмысы төмен көмекке мұқтаж адамдарды анықтап, оларға әлеуметтiк гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуде жәрдемдесу. Жергілікті өзін-өзі басқару Комитеті әкім аппараты бөлiмдерiмен бiрге тiршiлiк ұйымдары, сондай су құбырлары, телефон орнату, жабдықтау, көлiк, канализация және газбен жабдықтаудың объектілерi, сонымен бiрге жеке-жеке тұрғын-үй құрылысы және жер телiмдерiнiң заңсыз басып алуының объектілерiнiң заңсыз құрылысының анықталуында санитарлық-эпидемиологиялық күйінің ережелерін сақтау және аумақтың сәулеттендiруiнде жұмыс тәртібімен қамтамасыз етуде қатысады.

Жетісу ауданының әлеуметтік саласының негізгі қызметі ауданда тұратын егде жастағы жалғыз тұратын азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты орындау.

«Мұқтаж жандарға үйден әлеуметтік көмек көрсету» 003 бағдарламасы аясында мүгедектерге тәуелсіз өмір жағдайын, медициналық, әлеуметтік және кәсіби сауықтыруды, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруды жүзеге асыру керек. Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен І, ІІ топ мүгедектеріне жан-жақты әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Үйден қызмет көрсету ҚР Конституциясына, ҚР заңдарына, ҚР басқа да нормативті-құқықтық актілеріне, сонымен қатар үйден әлеуметтік қызмет көрсетудің қалыпты ережесіне сәйкес жүзеге асады.

Қызмет көрсету аумағына сәйкес әлеуметтік қызметкерлермен әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарымен қарастырылған көлемде және түрде егде тартқан және мүгедек жандарды күту бойынша әлеуметтік қызметтер ұсынылады.

Әлеуметтік сала бөлімі жанында жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге үйден көмек көрсету бөлімі жұмыс жасайды. 2009 жылы 44 қызметкер 350 адамға қызмет көрсетсе, 2010 жылы 36 әлеуметтік қызметкер 350 жанға қызмет көрсетті.

2010 жылдың 10 айы ішінде Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша құқыққа қайшы келетін әйелдерге қатысты 546 әрекет (2009 ж. – 540) тіркелді. Оның 186-на қылмысты іс қозғалды (2009 ж. – 188 іс), 194-не қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды (2009 ж. – 224), тұрғылықты жері бойынша 227, қоғамдық орындарда 145 (2009 ж. – 163), жұмыс орындарында 174 (2009 ж. – 113) құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасалды.

2010 жылдың 10 айы ішінде әйелдерді қорғау бойынша АІІБ жұмысты ұйымдастыру жөніндегі инспекторлары 148 әйелді зорлықтан құтқарды.

06.03.2008 ж. Алматы қаласы мәслихатының IV шақырылымындағы VIII сессиясының №85 шешімімен қабылданған «2008-2010 жж. арналған Алматы қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасын» орындауда 2010 жылы жұмыспен қамту бөліміне 574 (2009 ж. – 872) адам жұмыс іздеп келді, оның 476-ы (2009 ж. – 437) жұмысқа орналастырылды, ол жылдық тапсырманың 115% құрайды. 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға 454 (2009 ж. – 515) адам жіберілсе, оларға төленетін жалақы 10 462 599 (2009 ж. – 10 015 031тг.) теңге көлемінде болды.

2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 50 (2009 ж. – 58) адам жіберілді, бюджеттен осы мақсаттарға 11 445 394 (2009 ж. – 11 415 828 тг.) теңге бөлінді.

Жұмыссыз ретінде 42 (2009 ж. – 28) мүгедек тіркелсе, 8-і (2009 ж. – 1) жұмыспен қамтылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 3 (2009 ж. – 3) адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 51 (2009 ж. – 16) адам, кәсіби оқуға 7 (2009 ж. – 3) адам жіберілді.

Жалпы құны 9 170 608 (2009 ж. – 11 608 312 тг.) теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі 116 аз қамтылған отбасыларына тағайындалды.

ҰОС қатысушыларға, ардагерлеріне, оған теңестірілген 496 (2009 ж. – 510) жанға 12 839 112 теңге (2009 ж. – 13 274 248 тг.) сомасында тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

215 (2011 ж. – 89) адам 5 986 600 (2011 ж. – 9 584 694 тг.) теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек алды. 18 жасқа толмаған балаларға арналған 2 194 100 (2009 ж. – 3 086 024 тг.) теңге сомасындағы жәрдемақы 233 (2011 ж. – 311) адамға төленді. 211 319 500 (2011 ж. – 228 993 901 тг.) теңге сомасында арнайы қалалық жәрдемақы 13 769 (2011 ж. – 12 560) жанға төленді.


Негізгі проблемаларды сараптау.
Бір әлеуметтік қызметкерге орташа алғанда 9-10 жаннан келеді. Әлеуметтік қызметкердің орташа айлық жалақысы 25 000-30 000 теңге. Қызметкерлердің жол жүру ақысы төленсе де, оларға жеңілдіктер ұсыну және айлық жалақыны көтеру керек. Бүгінгі таңда зейнеткерлерге үйден қызмет көрсету бөліміне психолог, заңгер мамандары жетіспейді.

Сараптама көрсеткендей, белгісіз жандар тарапынан әйелдерге қатысты негізінен ұрлық, тонау, алаяқтық сияқты әрекеттер көп жасалады.

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету басты міндеттердің бірінен саналады. Еңбек нарығын реттеу мониторингі мен сараптамасы, тұтыну құрылымын өзгерту мен ұсыныстарды білу арқылы еңбек нарығындағы жағдайды қадағалау мен реттеуге мүмкіндік туады. Бұл ретте аудандық бөлімдерде есепте тұрған жұмыссыздардың барлығын қамтитын жұмыссыздық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарының көмегі орасан зор.
Негізгі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы
Егде адамдарды әлеуметтік қорғаудың сыртқы факторы коммуналды қызметтер төлемінің өсуі, азық-түлік, дәрі-дәрмек бағаларының, жолаушылар көлігі ақысының өсуі және т.б. болып табылады.

Ішкі факторға зейнеткерлер санының өсуі жатады. Жетісу ауданына басқа қалалар мен аудандардан зейнеткерлердің келуіне орай әлеуметтік қызметкерлер саны жетіспейді.


Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
Кәмелетке толмағандар ісі жөнінде комиссияның негізгі қызметі кәмелетке толмағандардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалу себептерін, олардың құқық бұзушылық пен қоғамға жат әрекеттерге баруды анықтау мен жою шараларын жүзеге асыру болып табылады;

Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары, осы Ереже мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттары негізінде жүзеге асырады.

Кәмелетке толмағандарды, қылмыстық-орындаушылық жүйе мекемесінен босағандарды немесе арнайы білім беру ұйымдары мен қатаң түзімдегі білім ошақтарынан келген жасөспірімдерді, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайда қалған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік жағынан сауықтыруға қатысты шараларды іске асыруға, еңбек және тұрмыстық жағдайларына жәрдемдесуге қызығушылық танытқан органдарға жәрдем береді.
Негізгі проблемаларды сараптау.
Соңғы кездері Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі байқалады. Жетісу ауданы бойынша 2010 жылдың 9 айы ішінде 8 (2009 ж. 7) қылмыс жасалды.

Сараптама көрсетіп отырғандай, қылмыстың көбі республиканың басқа аймақтарынан келген жандармен жасалады.

Алдағы уақытта кәмелетке толмағандар арасында қылмыс деңгейін, қадағалаусыз және панасыз қалу жағдайын азайту басты міндеттердің бірі.
Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер саны көбейіп келеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны да артып отыр. Ауданға қарасты 14 мектепке дейінгі ұйымда 2766 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 28.05.2010 ж. №488 қаулысымен бекітілген 2010-2014 ж. арналған балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және оқыту туралы «Балапан» бағдарламасы қабылданды. Басты мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сапалы қызмет көрсету арқылы тұрғындар талабын қанағаттандыру. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінді.

Аудан бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында қосымша 347 орын берілді, соның ішінде:

- 2010 жылдың жарты жылында Құлагер ықшамауданында 120 орындық №162 балабақша, Казаков көш. 13 а мекен-жайы бойынша 210 орындық №163 балабақша пайдалануға берілді;

- Көкжиек ықшамауданында 120 орындық балабақша құрылысы басталды.

Одан басқа:

1. Жаңа жеке меншік 2 балабақша ашылды (360 және 60 орындық).

2. Наркодиспансерге берілген бұрынғы 180 орындық №258 балабақшаны қайтару.

3. Айнабұлақ ықшамауданында 2 топқа арналған, алаңы 250 ш.м. болатын №104 балабақша ғимаратын жалдап отырған жалдаушыларды шығару арқылы 60 бүлдіршін қабылданды.

Қазақ тілді топтарда оқитын балалардың контингенті 2,1 % артып, 50,7 % құрады. Біржылдық мектепке дейінгі сыныптардың, топтардың өсімі 32 бірлікті құрап, 755 бүлдіршін мектеп алды дайындықпен қамтылды немесе 69,0 %. Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының түрлі үлгілерін құру да қарастырылуда.

Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдар базасында көркем-эстетикалық тәрбие жөнінде тереңдетілген жұмыстар жүргізілуде.;

- дене тәрбиесі мен сауықтыру жөнінде тереңдетілген жұмыстар, ағылшын тілін оқыту.


Негізгі проблемаларды сараптау.
Білім беру басқармасы жүйесінде ақпараттық технологиялар жеткілікті дәрежеде ендірілмеген, оның ішінде білім беру ұйымдары басшыларының автоматтандырылған жұмыс орындары, басқару органдары мен білім беруге қарасты ұйымдар арасында электронды құжат айналымы бар.

Білім беру ұйымдарының әрбір жанын қаржыландыруға көшу қажет.

Қоғамның әл-ауқатының өсуіне орай білім беру жүйесіне де талап артып келеді.
Қызмет көрсету саласын дамытудың негізгі параметрлері.
«Алматы қаласы туризмін дамытудың 2004-2010 ж. арналған аймақтық бағдарламасын» жүзеге асыру нәтижесі бойынша өткен есептік мерзім ішінде туристік қызметтің барлық саласында көрсеткіштің өсуі байқалады. Туристерге қызмет көрсететін ұйымдардың саны да өсті. Әсіресе мәдени-танымдық, экологиялық, іскерлік, тау шаңғысы саласындағы туризм түрлері дами беретін болады. Алматы қаласының туризм және спорт басқармасы аудандағы спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту мен спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүргізіп отырады. Ауданда спортпен шұғылданатын тұрғындардың саны артып келеді. 2009 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданатын жандардың саны 8000 адамға артып, 2010 жылдың 1 қаңтарында 59 000 адамды құрады.
Негізгі проблемаларды сараптау.
Ауданда спорт нысандары жетіспейді, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасы сын көтермейді. Түрлі шаралар өткізу кезінде сахнаны жабдықтайтын музыкалық құралдар өте аз.
Негізгі ішкі және сыртқы факторлардың бағасы
- аудандық деңгейде мәдени шараларды, аудан әкімінің тұрғындармен кездесуін, фестивальдер (мерейтойлар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру мен өткізу;

- мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарына, тілдерді дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел, семинарлар, конференциялар, жұмыс бабындағы кездесулер, кеңестер, жаппай мәдени және басқа да шаралар ұйымдастыруға жәрдемдесу.


Реттелетін қызмет саласының негізгі параметрінің дамуы.
Мүгедектерді оңалту маңызды проблемалары өмір сүруіне шектеулер бар тұлғалар санының ұлғюына байланысты. Жетісу ауданында 3 453 мүгедектер тұрады, барлық тұрғындар санының 2,4 пайызын құрайды.

Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдірудің негізгі мақсаттарының бірі болып:



  • мүгедектердің мүддесін және құқықтарын қорғау, өмір сапасын жақсарту;

  • басқа тұрғындармен қатар, мүгедектердің құқықтарын теңелу, денсаулықтарын қорғау, білім беру және кез-келген қызмет түрін өз еркімен таңдау;

  • мүгедектерді оңалту бағдарламасын жекеленгеніне сәйкес, кепілденген және әлеуметтік қорғау, медициналық, әлеуметтік және мамандандырылған оңалту;

  • мүгедектердің санын азайту және алдын- алу;

  • мүгедектерді мамандандырылған даярлықпен жұмыспен қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асыру;

  • ақпараттарға қол жеткізу және т.б.

Мүгедектер санының арасында тұрмыс жағдайы төмен тұрғындарына қала бюджетінен материальдық, адрестік және тұрғын үй жәрдемақысы көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытатын жанұяларға арналған жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы» Ережесіне сәйкес 63 жанұяға 9 150 теңге көлемінде 1 420 904 теңге төленді.

Біржолғы материалдық көмек 537 зейнеткерлер, мүгедектер мен тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға 2 926 000 теңге көлемінде төленді. (2010 жылы: 302 адам, 1 640 000 теңге).


Негізгі проблемаларды сараптау. ОЖБ-нда (оңалтуды жекеленген бағдарламасы) көрсетілгендей мамандық түрлерінің аз болуына байланысты мүгедектердің бір бөлігі жұмыспен қамтуына мүмкіндігі жоқ, олар еңбекке төмен уәждемеде болады және жұмыссыздық кезеңі біткен соң жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қайтадан келеді.

Аса қиын жағдайды мүгедек балалармен кездестіріледі. Нақты айтқанда жұмыс істелінбеген. 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек нарығында талапқа сай болу үшін мамандандырылған дайындық және жоғары деңгейдегі білімі болу қажет. Бірақ, бүгінгі таңда қоғам оларға еңбек нарығында талапқа сай болуына және толық мүшесі болуын кепілдендірілген мүмкіндікті беруіне дайын емес.

Аса маңызды жағдайда әлеуметтік қолдау және көмек қажет ететін жұмыссыздардың орташа статистикалық портреті жұмыссыздардың көбеюін көрсетеді.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларының бағасы.

Сыртқы фактор. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру қызметін ұйымдастыру шартын әлеуметтік оңалту жағында жетістікке жету үшін сыртқы қиыншылықтарды туғызады, бірақ, осы топ мүгедектерінде психикалық дамуына байланысты ішкі қиыншылықтары бар. Аса маңызды нәтижесі «әлемге негізгі сенімін» жоғалтқан мүгедектер болып табылады, өзін-өзі билеу, бастамашылдық, әлеуметтік құзыреттілік, еңбекте шеберлігін, жыныстық сәйкестік және т.б. жаңадан пайда болатын тұлғаларды дамыту түбегейлі мүмкін емес. Бала осы жаңадан пайда болатын жеке тұлға болып қалыптасуына және жеке тұлға аралық қатынасты субъект бола алмайды. Өмірге негізгі сенімін жоғалту, бір жағынан - күдік туындауында, сенбеушілікте, басқыншылықта болса, екінші жағынан – невротикалық механизмнің құрылуына байланысты.



Ішкі фактор. Қала көліктері мүгедектер үшін көптеген қиындықтарды туғызады, арнайы көтергіш құрылғының болмауына байланысты. Мүгедектерге арналған отыру алаңы, жолаушылар аялдамасының бөлінген жайластыруды ұйымдастыру сұрақтары тиісті шешім таппайды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет