Императивишара одағайларына сөйлеуші тарапынан адам немесе жан-жануарларға бағыттап айтылған шақыру, жекіру, тыйым салу, бұыру мақсатында қолданылатын сөздер жатады. Өз ішінен жекіру одағайлары (Тәйт! Тек/тәк-тәк! Жә!), бұйыру-тыйым салу одағайлары(Әуп! Кәне! Әлди-әлди! Тәй-тәй! Сап-сап! Мә! Соп! Шүу! Айт! Айтақ! Дыр-р!), шақыру одағайлары (Әукім-әукім! Моһ-моһ! Шөре-шөре!) болып үшке бөлінеді.
Императив ишара одағайларын айтылу объектісіне қарай адамға қолданылатын ишара одағайлары және хайуандарға қатысты қолданылатын ишара одағайлары деп жіктеуге болады.