Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.
Дайындаңыз
бет 8/8 Дата 26.01.2022 өлшемі 25,65 Kb. #114805
Байланысты:
Та ырып ан айналысына сер ететін шаралар. арапайым физиотера Асқынулар : терінің тітіркенуі , күю.
Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды , мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250 С суды, қайшыны, қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.
Даярланған ерітіндінің (20-250 С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап , оны аздап қана сығыңыз.
Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.
Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.
Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).
Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп , бинтпен байлаңыз.
Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.
2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды , терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.
Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.
Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.
Ескерту:
егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса , онда компресс дұрыс салынбаған;
спирттік компресттер жылдам кебеді , сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;
компресті қайталап қоюды , алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;
қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: