бет 3/8 Дата 26.01.2022 өлшемі 25,65 Kb. #114805
Байланысты:
Та ырып ан айналысына сер ететін шаралар. арапайым физиотера Мұзды мұйықты қ олдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету , іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу , жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты , мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып , тығынын бұрап бекітіңіз.
Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып , оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып , құрғатыңыз.
Ескерту : арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: