7.3 Жылу технологияларда энергия үнемдеудің негізгі бағыттары Энергия үнемдеу жүйесінің басты бөлімі болып өндіріс процестерін
қайта жабдықтау, жаңа ғылымды қажет ететін тиімді технологияларды,
қондырғыларды, материалдарды пайдалану болып табылады. Энергетикалық
мәселелерді шешуде, химия және мұнай химиясы, машина жасау және металл
өңдеу, құрылыс материалдарын шығару сияқты энергияны көп қажет ететін
өндіріс салалары бар Қазақстанның экономикасының энергия тиімділігін
жоғарылатуда, жаңа технологиялардың рөлін асыра бағалау қиын. Энергия
тұтынылуының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар:
-
құрылымдық – шикізаттың құрамының өзгеруімен, өндіріс
қорларының пайдаланылудың қарқындылығымен, соңғы өнімнің материал
қажеттілігінің өзгеруімен әсер етуі басталатын фактор.
- энергия технологиялық – тағайындауы бойынша бірдей өнімді
өндіргенде, көп энергия шығынын қажет ететін бастапқы технологиядан
өзінің сапасы бойынша асып түсетін жаңа технологияларды, қондырғыларды
және материалдарды пайданаланатын фактор.
Осы себептен энергия үнемдеудің бағыттарының келесідей түрлерін
қарастыру дұрыс:
-
энергетикалық шикізатты өңдеу, өңдіру, тасымалдау процестері
барысында шығындарды азайту;
-
энергияны өңдіру, түрлендіру, тарату салаларында құрылымды және
технологияларды жақсарту;
-
энергияны тұтыну жүйесінің дамуын, жеке алғанда жылулық
жүктемесі аз және орташа концентрацияланған объектілерді жылумен
жабдықтауды рационализациялау және оптимизациялау;
-
заттектің формасын, физикалық қасиетін және агрегаттық күйін
өзгерту саласындағы өндіріс процестерінің технологиясын жетілдіру;
-
материалдардың конструкциясын жетілдіру, олардың беріктігін
және жылу оқшаулау қасиеттерін жақсарту;
-
екіншілік энергия ресурстарын пайдалануды арттыру.
7.4