Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында



Pdf көрінісі
бет38/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

Технологиялық 
іс-шаралардың құрамына – энергия сыйымдылығы 
төмен альтернативті шикізатты қолдануды, аз сулы жылу технологиялық 
операцияларды, үздіксіз технологиялық операциялар және қалдықсыз 
технологияны қамтамасыз етуді, сондай-ақ, жылуды шекті терең 
технологиялық регенерациялау мен өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз 
етуді жатқызуға болады. Технологиялық іс-шаралар – көп операциялы 
технологиялар үшін аса ірі энергия үнемдеу технологиясын, яғни отын-
энергетикалық ресурстар қорын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Алайда оларды 
іске асыру үшін – энергетикалық, жылу техникалық және техникалық 
шешімдер қажет.
Энергетикалық 
іс-шараларды іске асырудың қорытындысы болып 
технологиялық нысандардың энергия үнемдегіш жылусызбалары және 
энергияның энергия үнемдегіш көздері табылады. Энергетикалық жетілудің 
үлгілері ретінде – жылутехнологиялық нысандардың термодинамикалық 
идеалды модельдері қарастырылады. Энергетикалық іс-шаралар құрамына 
дәстүрлі шаралардан бөлек, дәстүрлі емес энергия көздерін қолданатын жаңа 
іс-шаралар да кіреді.
Жылутехникалық 
іс-шаралардың тобы – жылутехнологиялық процесті 
ұйымдастырудың принципиальді жаңа жылутехникалық, әрі жоғарғы 
эффективті әдістерін іздестіруді қамтамасыз етеді.
Техникалық
іс-шаралардың тобы – жаңа заманауи энергия үнемдегіш 
технологиялық қондырғылардың қолданылуын қарастыралы. 
Жоғарыда қарастырылған іс-шаралар – энергия үнемдеу жоғарғы 
ауқымды принципиальды мүмкін болатын қорын іске асырады, сонымен 
қатар, оған тәжірибелік түрде жетудің кең аралықтағы әдістерін көрсетеді. 
Аса жоғары энергия үнемдегіш әсері бар жүйелерді жасауға арналған 
екінші маңызды негіз – энергия үнемдегіш жылу сызбаларын құруға 
бағытталған. Осы бағыт бойынша мәселелерді жемісті түрде шешу үшін – 
жылу сызбаларының мүмкін болатын көптеген нұсқаларын қарастыру қажет. 
Бұл сызбалар өз кезегінде – шекті жоғары энергия үнемдеуге қол жеткізудің 
жолдарын аса толық айқындауы керек.
Осындай әдістемелердің мүмкіндігі, ең алдымен термодинамикалық 
идеалды технологиялық қондырғыларды қолдану және олардың жылу 
сызбаларын томдау арқылы, сондай-ақ, технологиялық процестің және 
технологиялық қондырғылардың қалдықсыз түрін іске асыру арқылы қол 
жеткізіледі. 
Энергия үнемдегіш технологиялар жүйесін іздестіру мақсатының соңғы 
нәтижесі 
– 
осы 
жүйелердегі 
қондырғылардың 
энергия 
сақтау 


84 
сипаттамаларымен анықталатын болады. Осыған байланысты энергия 
үнемдеу қондырғыларын жасау – энергия үнемдеу – жылутехнологиялық 
жүйелерді іздестіру мен іске асырудың үшінші маңызды бағыты болып 
табылады. 
Осы бағыттағы бойынша мәселелерді шешуге қатысты сілтеме ретінде 
келесілерді қарастыруға болады: 
- технологиялық процесстер мен оның жекелеген сатыларының 
эффективті жылу техникалық принциптерін жасау, зерттеу және іске асыру; 
- өндірістік жүйелердің технологиялық емес құрылғыларындағы жылу – 
энергия қолдануды ұйымдастырудың эффективті әдістерін жасау, зерттеу 
және іске асыру; 

технологиялық 
реакторлардың, 
қондырғылар 
мен 
олардың 
құрылғыларының жылутехникалық элементтерінің құрылымдық сызбасын 
жасау және тиімдендіру. 
Осы қарастырылған әдістеме – энергия үнемдеудің шекті жоғарғы 
деңгейіне, сонымен қатар, аса жоғарғы энергетикалық сипаттамаларға ие 
жылутехнологиялық жүйелердің құрылуына бағытталған потенциалды және 
тәжірибелік шешімдер жасауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол – шекті 
энергия үнемдеу әдісі деген атаққа ие. 
Шекті энергия үнемдеу әдісі
– бұл бастапқы шикізатты, материалдарды 
тауарлық өнімнің жиынтығына дейін кешенді технологиялық, экологиялық 
және экономикалық түрде эффекттивті өңдеу барысында біріншілік отын-
энергетикалық ресурстардың жалпы шығынын төмен дәрежеде болуын 
қамтамасыз ететін бағыттарды, әдістерді және техникалық құралдардың 
принциптерін іздестіретін әдістеме болып саналады (1-сызбаны қараңыз). 
Осылайша, шекті энергия үнемдеу негізінде энергия сақтандырғыш 
жылутехнологиялық қондырғылар мен жүйелерді жасаудың мәселелерін 
шешу – осы мәселемен бір мезгілде материал сақтандырғыш және 
экологиялық жетілдірілген қондырғылар мен жүйелерді жасауға негізделген.
Энергетикалық талдаудың дискреттілігімен ерекшеленетін энергия 
сақтандыру мәселелерін шешетін дәстүрлік әдістемелік негіздер – жекеленген 
жылутехнологиялық қондырғылардың тар аумақтарында отын-энергетикалық 
ресурстарды үнемдеу қорын толық анықтау мәселесін шешуде, әрі оның баст 
бағыттарын іске асыруда жарамсыз болып қалады. 
Қарқынды энергия үнемдегіш концепциясы арқылы іске асырылатын 
басқа әдістемелер қажет, әрі олардың жасау және іске асыру әдістемелік 
базасы – салалық жылутехнологиялық кешендерге қатысты келесілерді 
қамтиды: 
-
шекті энергия үнемдеу әдісі – жүйелік әдістемелердің энергия мен 
материал үнемдеу, 
әрі 
эклологиялық қауіпсіз жылутехнологиялық 
нысандарды іске асырудың нақты алгоритмі болып табылады; 
-
энергетикалық тиімділікті бағалау критериінің кешенін тек жекелеген 
қондырғыларға ғана емес, сондай-ақ ірі оқшауланған энергия жүйелерімен 
кешендеріне қолдану қарастырылуы тиіс; 


85 
-
нақты ғылыми-техникалық өнім нәтижесі болып табылатын 
концепцияларды жасаудың ретті сатыларының құрылымдары. Мұндай 
өнімдер қатарына жылутехнологиялық кешендердің термодинамикалық 
идеалды және техникалық іске асымды модельдер жатқызылады. Олардың 
сипаттамалары негізінде энергия үнемдеудің принципиалды және тәжірибелік 
қорлары, сондай-ақ, энергия үнемдегіш іс-шаралар анықталады.
Қазіргі таңда сапалы жылутехнологтиялық кешендер мен жүйелерге 
қатысты қолданылатын қарқынды энергия үнемдеу концепциясын жасауға 
арналған ғылыми-әдістемелік, энергетикалық және жылутехнологиялық 
сілтемелер көбірек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет