7.5
Коммуналды-тұрмыс
шаруашылығында,
тасымалдауда,
энергияны үнемдеу
7.5.1
Тасымалдауда энергияны үнемдеу.
Тасымалдау шаруашылығы- энергетикалық ресурстарды көп тұтынушы
шаруашылық. Ол мұнай отынын, яғни жанармай, бензин, керосинді негізгі
тұтынушы.
Тасымалдауда
энергетикалық
ресурстардыүнемдеу
тасымалдау
құрылымын оңтайландырумен, яғни жалпы тасымалдау көлемінің ең тиімді
үлесін арттыру бағытында жүк тасымалдауды ұйымдастыруға тікелей
байланысты.
Энергияны аз шығындайтын тасымалдау түріне құбыр арқылы және
теміржол тасымалы, содан кейін су жолы тасымалы жатады.
Отын шығынын қалыптандыруды ғылыми тұрғыда негіздеп енгізу
керек. Сонда отын мен энергия шығыны темір жол тасымалында- 9÷10%,
теңіз және өзен су жолы тасымалында- 7÷8%, жүк автомобильдерінің
тасымалдауында- 20% азаяды. Лакомативтердің, арнайы вагондардың,
қайықтар, кемелер, теңіз флоттарының жаңа заманға сай түрлерін қолданса
энергияны едәуір мөлшерде үнемдеуге болады.
Энергоресурстардың меншікті шығынын келесі шараларды өткізу
арқылы азайтуға болады:
-
поездардың салмағын арттыру, кемелер мен вагондардың,
электрпоездарының жүк көтергіштігін арттыру, ұшақтардың көлемін ұлғайту;
-
тасымалдау процесін ұйымдастыруды жетілдіру;
-
тербелмелі подшипниктерді қолдану арқылы қозғалыс кедергісін
төмендету;
-
қалалық тасымалдауда және теміржол тасымалында электрлік тарту-
итеру процесін кеңейту;
-
жолдардың беттік қатты жабынының сапасын арттыру;
-
отын сапасын арттыру, отынның жаңа түрін игеру.
Осы келтірілген жалпы бағыттар тасымалдаудың жеке түрлерінде
меншікті энергия тұтыну шығынын азайту үшін қолданыс тапқан.
Теміржол тасымалында энергетикалық ресурстарды, отынды үнемдесе:
86
-
тасымалдау процесін ұйымдастыру және қозғалмалы құрамды
пайдалану сапасы артады;
-
электрлік поездардың, жылулық поездардың, вагондардың сапасы
артады;
-
барлық вагондық парктер тербелмелі подшипникке ауысады;
-
теміржол тасымалы электрлендіріледі, қалалық автобустардың
орнына электрлендірілген тасымалдау түрі қолданылады.
Мысал үшін 10 мың км темір жолды электрлендіруде электр энергиясы
7 млнт. сұйық отынды алмастырады. Бұнда дизель отынының үнемділігі
шамамен 2 млн.т. құрайды.
Жолдың электрлендірілген бөлігінде айнымалы тоқты қолдана отырып
электр энергиясын рекуперацияласа (кері өндіру, айналдыру) энергия
қорының шығыны едәуір шамаға азаяды. Байланыстық желілерде және итеру-
тарту стансашаларында энергия шығынын азайту үшін кернеуі автоматты
реттелетін жоғары көрсеткішті параметрлі трансформаторлар қолдануға
болады. Бұнда өзіндік мұқтаждықтарға жұмсалатын шығынды азайту керек.
Тасымалдау шаруашылығында тұтынылатын энергоресурстардың
жартысынан көбі автомобильдерде қолданылады. Бұнда энергияны үнемдеу
жолдары төмендегідей:
-
карбюраторлы қозғалтқышты дизельін ауыстырса 30÷35% жанар-
жағар май үнемделеді, бұдан бөлінетін улы газдардың мөлшері, яғни CO
2
10-
12 есеге, NO
x
2 есеге азаяды;
-
жолдың сапасы: топырақтық шабынмен салыстырғанда қатты
шабындық бет жанар-жағар майды 25÷30% үнемдейді;
-
машиналардың техникалық күйі мен оларды пайдалану жағдайын
арттыру;
-
карбюратордың отынды сығу дәрежесін арттыру (қазіргі кезде ол
6,5÷6,7 құрайды, сығу дәрежесін 6,5-ден 10,0-ге арттырса меншікті шығын
шамамен 8% төмендейді );
-
жүктік автопаркті сұйытылған газға ауыстыру (бұдан тасталынатын
газдардың шамасы: CO
2
бес есеге, ауыр көмірсутектер 2,5 есеге, NO
2
шамамен
3 есеге азаяды);
-
электрлік мобильдерді қолдану;
-
қозғалтқышының қуаты 150÷180 және 300÷540 ат күші болатын жүк
көтергіштігі үлкен машиналар үлесін арттыру;
-
сутегін отын ретінде қолдану.
Су арқылы тасымалдаудағы энергияны үнемдеу бағыттары:
-
тиімділігі жоғары дизель отынын енгізу;
-
кемелердің орташа жүк көтергіштігін арттыру;
-
жүк көтергіштікті қолдану коэффициентін арттыру;
-
тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;
-
кішігірім өзендерде тасымалдауда отынды үнемдеу үшін өздігінен
жүрмейтін қайықтарды қолдануға болады;
-
тұру, жүкті тиеу және түсіру жұмыстарының уақытын шектеу.
87
Әуе жолы-энергосыйымды тасымалдауға жатады. Бұнда энергияны
үнемдеу бағыттары:
-
қозғалтқыш қондырғыларды жаңғырту-поршеньді қозғалтқыштан газ
турбиналыға ауысу;
-
жолаушылар отыратын орындар мен ұшақтардың жүктемелік
дәрежесін арттыру;
-
техникалық пайдалану әдістері мен авиациялық техниканы жөндеудің
дәрежесін арттыру.
7.5.2
Коммуналды-тұрмыстық шаруашылықта энергияны үнемдеу.
СССР-да жыл сайын осы сфераға 335 млнтш.о. шығындалатын. Соның
ішінде 60 млнт. ішкі және сыртқы жарықтандыруға (электр энергиясы
түрінде), су айдауға, ақаба суларды тазалауға және айдауға жұмсалатын.
Шамамен 27 млнт тамақ дайындауға, 248 млнт-жылуландыру, желдету және
ыстық
сумен
жабдықтауға,
120
млнт-өндірістік
кәсіпорындарды
жылуландыруға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға жұмсалатын.
Ғимаратты жылуландыруға, желдетуге жұмсалатын жылу шығынын
және оны тасымалдауға кететін жылу шығынын ескерсек жылу құбырлары
мен ғимараттарды жылулық оқшаулаудың маңызы зор. Бұнда үнемдеу қоры
жылына 100 млнтш.о. құрайды. Осыған сәйкесті пенополистирол,
пенополиуретан,
саңылаулы
пластикалық
масса
материалдарынан
оқшаулағыштарды шығару, дәстүрлі қабырғалық материалдардың көлемдік
салмағын азайту, қажетті жылуалмастырғыш қондырғылар мен бақылаушы-
өлшегіш және реттегіш аппараттарды өндіруді арттыру. Ғимаратты жылыту
мен желдетуге жұмсалатын жылу шығынының ғылыми тұрғыда негізделген
орташа шамасын енгізген дұрыс.
Ғимаратты жылулық оқшаулау арқылы энергоүнемділігін арттыруға
болады.
Қабырға арқылы шығындалатын меншікті жылу мөлшерінің нақты
шамасы тұрғын үйлерде 25÷40 %, қоғамдық ғимараттарда 40÷50 %. Жылуды
тасымалдағанда шығындалатын нақты жылу мөлшері 13 %, құжаттық- 5÷6 %.
Бұнда
энергияны
үнемдеу
үшін
қабырға
материалдарының
жылуоқшаулағыштық қасиетін арттыру, яғни терезе, балкон, есік және екі
қабырға материалдарының қосылған жерлеріндегі ауа өтетін ұсақ тесіктерді
болдырмау, желдетуге тасталынатын жылуды қолдану, жылутасымалдағыш
құбырларды жылулық оқшаулау.
Жылулық көп қабатты панельдерді қолдану. Мысалы, 10÷14 см
қалыңдықты пенополистиролды қолданса меншікті жылу шығыны бір
қабатты керамзитті панельмен салыстырғанда 60÷70 % азаяды, ал жалпы
жылу шығыны 20 %. Керамзитті бетонның көлемдік салмағын 1200-ден 900
кг/м
3
дейін төмендету арқылы 37см қалыңдықты бір қабатты қабырғалық
панельден жасалған 1м
2
қоршауға жұмсалатын жылдық отын шығыны 30 %
азаяды (17,3 тен 12,5 кг дейін) және ғимаратты жылуландыруға жұмсалатын
жалпы шартты отын шығыны-15 %. Іші қуыс кірпіштер мен керамикалық
88
тастарды өндіруде отын шығыны 20 % төмендейді. Зауыттарды қуыс
кірпіштер мен керамикалық тастарды өндіруші зауытқа ауыстырса, өндірістік
қалдықтарды шикізат ретінде және оны дәстүрлі материалдарға қоспа ретінде
пайдаланса, жылына 1 млнт.ш.о. үнемделеді. Монолитті бетондарды қолданса
ғимараттың сенімділігі мен сейсмоберіктілігі артады, металл шығыны 30 %,
цемент шығыны 15 %, шартты отын шығыны 90 кг/м
2
азаяды. Терезелердің
тығыздығын арттыру арқылы жылу шығынын едәуір мөлшерге азайтуға
болады. Ғимаратты жылуландыруға жұмсалатын энергетикалық шығындар
жылына 1м
2
аудан үшін пенополиуретанмен тығыздалған екі қабатты
біріктірілген әйнектеуде 421-ден 130 кг-ға, екі қабатты дараланып жасалған
әйнектеуде 250-ден 111 кг-ға, үш қабатты әйнектеуде 189-дан 93 кг-ға азаяды.
Ғимаратты табиғи жарықтандырудың құжаттық мәндеріне сәйкестендіріп
терезе жасау меншікті энергетикалық шығындарды 5÷8 % төмендетеді. Ал
ғимараттың төбесіне оқшаулағыштар төсесе шығын 2÷4 % азаяды. Тұрғын
және қоғамдық ғимараттарда энергияны үнемдеу шаралар кешенін жүзеге
асырса, жалпы жылу шығыны шамамен 15÷20 % төмендейді.
Желдетуде тасталынатын жылуды пайдалану арқылы энергия
үнемділігін арттыруға болады. Шамамен 65 млнт.ш.о. ғимаратты желдетуге
жұмсалады. Осы төмен потенциалды жылуды пайдаға асыру үшін ВРТ-2 және
ВРТ-3 типті жылуалмастырғыштар құрастырылды, олар тасталынатын
жылудың 65-80 % пайдаға асырады. Бұндай жылуалмастырғыштар тұрғын
және қоғамдық ғимараттарда тәулік бойы жұмыс істеп тұра алады.
Жылуландыру жүйесі мен аспаптары үшін келесі шараларды өткізу
керек:
- жылуландыруды пәтер аралық (бөлме аралық) реттеуге ауыстыру (15
% электр энергиясы үнемделеді);
- жылуөлшегіштері мен жылуесептегіштерін орнату;
- жұмыстан тыс уақытта ғимараттың температурасын азайту (үнемділік
15-20 %);
- бір пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету және
жылуландыру үшін жылу қозғалтқыштарының заманауи түрін қолдану (отын
шығыны 15-20 % азаяды);
- аз қабатты ғимараттарда су қысымын төмендету (саңылаулардан
шығатын су шығыны 20-22 % азаяды), қысым реттегіштерді қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |