Энергетикалық аудиттің нысандары.
Төменде энергетикалық аудиттің
аса маңызды жүйелердің нұсқаулары мен тексеру жүргізуге арналған жабдық
объектілерінің мысалдары келтірілген.
1)
Бу жүйелері. Температура және бу қысымы, бу шығыны, конденсат
қайтуы, жылуоқшаулау күйі, конденсат шығару күйі анықталады.
Энергоүнемдеуден мүмкін болатын ұсыныстар – бу турбиналарының ескіруі,
бу құбырларының жылулық оқшаулануы, конденсаторлардың орнатылуы
және конденсаттың қайтуы, конденсат жылуын пайдаға асыру.
2) Сығылғын ауа жүйесі. Бақылау нысандарына сығымдағыш жүйелері,
ауаны тарату жүйелері және қысымды реттеу, тұтынушыдағы қысым, ауада
93
конденсаттың қатысуымен болатын шығындар, салқындатқыш жүйелері
жатады. Энергия үнемдеу шаралары ауа шығындарын ескеру, қысымды
реттеуші жүйелердің орнатылуы, конденсаттың бөлінуі, саты аралық
салқындатылу, салқындатушы су шығынының шектелуі, конденсаттың
үнемді түрін қолдануды іске қосады.
3) Сумен қамдау. Сорғылы қондырғылар, сорғылардың электрлік жетегі,
сорғылардың жұмыс істеу жүйелері, өндірілмеген су шығындарына тексеру
жүргізіледі. Шығындардың төмендеуі су ағынының артуын, құбыр
жүйелерінің су тасығыштарында энергия шығынының төмендеуін,
сорғылардың электр жетектерінің жаңаруын қамтамасыз ету.
4)
Қазандық
қондырғылар.
Тексерілу
барысында
режимдік
көрсеткіштері өлшенеді (қысым, әртүрлі жолдағы түтін газдарының құрамы,
судың температурасы және ауа температурасы, бу көрсеткіштері, қазандық
қондығылардың барлық жолдарындағы сыртқы бетінің температурасы).
Қондырғының ПӘК-не сараптама, жылулық оқшаулау жүйесі мен жылу
шығынына, түтін газдары мен суға жүргізіледі. Жалпы жылулық баланс
түтіннің атмосфераға шығарылу деңгейі мен сорылатын ауа жолы бойынша
бағаланады. Энергияның сақталуына қондырғының сыртқы беттік жылулық
оқшаулануы,
қондырғыларды
автоматты
реттегіштердің
орнатылуы,
қалақшалар мен жолдардың нығыз болуы, түтін газдарының пайдаға
асырылатын жылуы мен суды үрлеу жылуы, қысымдағыш құрылғыларды
жаңарту әсерін тигізеді.
5) Пештер. Пештің режимдік көрсеткіштері өлшенеді, түтін газдарының
ошақтағы және пеш жолдарындағы қысымы мен температурасы анықталады,
сыртқы беттік температура мен салқындатушы судың температурасы және
шығыны анықталады, электрлік жетектің қысымдағыш қондырғыларының
сипаттамалары анықталады. Электрлік пештің сипаттамасына олардың
электрлік құрылғылары жатады (жүктеме, қуат). Энергияның сақталуына
пештің
сыртқы
беттік
жылуоқшаулануы,
автоматты
реттегіш
қондырғылардың орнатылуы, қалақшалар мен жапқыштардың нығыздалуы,
түтін газдарының және судың жылуының пайдаға асырылуы, пайдаға
асырылатын жылудың негізінде шихтаның алдын ала қыздырылуы,
регенераторлық қондырғылар, қысымдағыш құрылғыларының жаңартылуы
және т.б. әсерін тигізеді.
6) Жылытқыштар мен жылуалмастырғыштар. Жылутасығыштардың
кіріс және шығыс температуралары өлшенеді және олардың шығындары мен
қысым құламасы, құралдың сыртқы беттік температурасы, жылу шығындары
бағаланады,
ПӘК
анықталады,
жылуоқшаулағыштың
сараптамасы
жүргізіледі. Энергия шығынының азаюы құбыр жолдарының оқшаулануымен
және сыртқы беттермен, жылуалмасу беттерінің тазартылуымен қамтамасыз
етіледі.
7) Ауаны баптау жүйесі, жылыту және желдету. Сорғылар мен
үрлегіштердің электрлік жетегінің сипаттамалары, жылуалмастырғыштарды
реттеу жүйелері зерттеледі, жылутасығыштың температурасы мен шығыны
94
және де ішкі бөлме және сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығы
өлшенеді. Энергияның үнемделуіне құбыр өлшегіштердің жылу оқшаулануы,
кемшіліктерді жою, үрленетін жылудың қалыптандырылуы, термосифондар
мен жылулық сорғылардың қолданылуы, орталық және жеке реттегіштерді
орнатылу әсерін тигізеді.
8) Жарықтандыру. Жұмыс орны мен бөлменің жарықталу деңгейіне,
жарықтандыру құрылғылары мен терезелердің жағдайына сәйкестік
орнатылады. Жарықтандыру кезінде энергияның үнемделуі лампалардың
әлдеқайда үнемді лампалармен ауыстырғанда, табиғи және жергілікті
жарықтандыру қолданғанда, автоматты реттеу жүйесін енгізгенде (таймерлер
мен детекторларды қоолдану, жарықтандыру желілерін бөліктеу) жүзеге
асады.
9) Электрлік жабдықтар. Күндік және апталық кернеудің, токтардың,
активті және реактивті қуаттың тәртіптері өлшенеді, жабдықтың шыңдық
жүктемесі, бос жүріс уақыты сарапталады.
10) Ғимарат. Қабырғаны оқшаулау сапасы, есіктің және терезенің ауа
өтетін жерлерінің нығыздалуы, сумен қамдау жүйелері, жылыту, желдету
және ауаны баптау, жарықтандыру тексеріледі. Энергия үнемдеудің
ұсынылатын шаралары – қабырғаны қосымша оқшаулау және жаппа,
вакуумдық шыныландыру, реттегіш қондырғылар, сумен қамдау және жылу
жүйелерінің жаңартылуы.
Энергетиканың тексеру құбылысы келесі этаптардан тұрады:
1)
Техникалық бағдарламаны өңдеу.
2)
Техникалық бағдарлама аясында энергетикалық тексеру жүргізу.
3)
Тексеру нәтижесінің сараптамасы және өңделуі.
4)
Жылу – энергетикалық ресурстардың үнемделуі бойынша өңдеу
шаралары.
5)
Энергетикалық құжаттың құрылуы.
Энергетикалық зерттеуді жүргізу барысында әр түрлі шарттар мен
факторларды есепке алған жөн:
1)
Кәсіпорынның меншіктік саласы.
2)
Кәсіпорынның функционалды ерекшеліктері (энергоресурстарды
тұтынушы ретінде немесе энергияның жеке түрлерін өндіруші ретінде).
3)
Энергоресурстардың тек қана өз қажеттігіне қолдану мүмкіндігіне
немесе басқа тұтынушыларға жылу мен электроэнергиясын беруге қызмет
көрсетуі.
4)
Кәсіпорынның
инвестициялық
салымы,
яғни
режимді
–
пайдаланылатын және ұйымдастырылған – экономикалық шаралардың
өтуімен болатын энергоресурстарды қолданудың тиімділігін арттырудың
мәселесін шешу қабілеттігі.
Кәсіпорынның энергетикалық зерттелуінің нәтижесінде алынған барлық
мәліметтер энергия қолдануының тиімді сараптамасына арналған бастапқы
жадығат болып табылады. Сараптама әдісі физикалық және қаржы –
экономикалық болып бөлінеді.
95
Физикалық сараптамада физикалық шамалар қарастырылады.
Сараптама мақсаты – энергия қолдану сипаттамасын анықтау.
Физикалық сараптама келесі сатылардан тұрады:
1)
Энергоқолданудың
нысандарының
құрамын
анықтау.
Жеке
тұтынушылар, жүйелер, технологиялық сызықтар, бөлімдер және
кәсіпорындар нысан ретінде бола алады.
2)
Энергоресурстар мен энерготұтынушылардың жеке түрлері бойынша
барлық тұтынылатын энергияның бөлінуін анықтау. Бұл жағдайда
тұтынылатын энергия бойынша барлық мәліметтер халықаралық бірліктер
жүйесіне келтіріледі.
3)
Әр нысанға қолданылатын энергия әсерімен анықталатын факторлар.
Мысалы, жылу жүйесі үшін сыртқы температура фактор болып табылады.
4)
Энергоресурстар мен нысандардың жеке түрлері бойынша бөлінген
тұтынылатын энергияны есептеу.
5)
Бөлінген тұтынылатын энергияның көлемін сандармен салыстыру.
Мұндай салыстыру негізінде әр нысанға энергоқолданудың тиімділігі жайлы
қорытынды
шығарылады.
Базалық
сандар
қалыптық
салалармен,
кәсіпорынның алдыңғы көрсеткіштерімен немесе ұқсас кәсіпорындар
сәйкестігімен таңдалады.
6)
Энерготасушылардың ағыны оқшаулаудың бұзылуы, пайдаланудың
дұрыс еместігінде және т.б. негізінде энергия шығынын анықтау.
7)
Тиімді
энергоқолданудың
аса
қолайсыз
көрсеткіштерімен
нысандарды есептеу.
Қаржы – экономикалық сараптама мақсаты – физикалық сараптаманың
нәтижелерін экономикалық негіздеу. Қаржы экономикалық сараптама
барысында,
энерготұтынушының
барлық
объектісі
бойынша
энергоресурстарға энергия шығынының таралуы анықталады. Нәтижесінде
ақшалай шығынын бағалау жүргізіледі.
Энергетикалық зерттеу біткен соң, өтілген энергетикалық зерттеу
жайлы есеп беру, отын энергетикалық баланс, кәсіпорынның энергетикалық
құжаты, сонымен қатар мүмкін болатын ұсыныстар тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |