Шекті
энергия
үнемдеу
әдісі.
Энергия
үнемдеудің
қарқындылығы. Қарқынды энергия үнемдеу резервінің мүмкіндігі.
Жылутехнологиядағы энергия үнемдеуші іс – шаралар
Энергияны үнемдеудің екі бағыты бар – экстенсивті және қарқынды.
Экстенсивті (латынның extensivus сөзінен алынған – ұлғаю, ұзару мағынасын
білдіреді) энергия үнемдеу – энергияны тұтынуды сандық азайтуды білдіреді.
Мысалы, күндізгі уақытта жарықтандырушы шамдарды өшіру т.б. Осы
сияқты шаралар энергоқондырғыларды жаңарту және процестерді жетілдіру
бағыттарын қарастырмайды, әрі инвестиция мен капитал салымдарын қажет
етпейді.
82
Қарқынды энергия үнемдеу (латынның intension сөзінен алынған –
күшейту мағынасын білдіреді) арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізуге
болады. Қарқынды энергия үнемдеу арқылы энергоқондырғылардың сапасын
арттыруға, технологиялық сатыны жаңғыртуға, өнімнің энергосиымдылығын
төмендетуге болады. Әрі бұнда инвестицияландыру және капитал
салымдарын жасау арқылы процесті қарқындатудың мүмкіндігі жоғары.
Энергия үнемдеу технологиясының ең жоғарғы шекті мүмкіндігі
қалдықсыз технология
принципін жүзеге асыру.
Қалдықсыз технологияның бес принципін келесідей белгілеуге болады:
-
бастапқы шикізаттың, жартыфабрикаттың, материалдардың барлық
компоненттерін комплекстік және толық тауарлық шығарып алуды
қамтамасыз ету, сондай-ақ технология
ресурс үнемдеуші
болуы керек;
-
барлық энергия тұтынудың теориялық қажеттілігінің ең төменгі
деңгейіндегі бастапқы шикізаттың, жартыфабрикаттың, материалдардың
комплекстік өңделуі, сондай-ақ технология
энергия үнемдеуші
болуы керек;
-
технологияда су қолдану деңгейінде төмен болу, яғни технология
азсулы
болу қажет;
-
қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, яғни технология –
экологиялық жетілген
болу тиіс;
- адамдар үшін өндірістік қолайлы жағдайлардың жасалуы, яғни
технология қауіпсіз, әрі жеңіл басқарылатын болуы тиіс.
Осы
аталған
принциптер
негізінде
жасалатын
нақты
жылу
технологиялары – энергия сақтаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етуге
бағытталады.
Жылутехнологияларының энергия үнемдеуге қатысты іс-шаралары
келесі 3 топқа ажыратылады.
Залалсыздандыру
– мұның міндетіне бар жылуы
қалдықтары мен энергия потенциалдарын (мүмкіндіктерін) қолдану кіреді.
Энергетикалық жаңғырту
бұл істеп жатқан қондырғылар мен
жүйелердегі энергия және жылудың қалдықтарын төмендету. Осы іс-
шаралардың екі тобы – дәстүрлі іс шаралар болып табылады, әрі энергия
үнемдеу
әсерінің
ауқымдылығынмен
ерекшеленбейді.
Қарқынды
(интенсивті) энергия үнемдеу
айтарлықтай жаңа бағыттағы мәселелерді
шешеді, яғни жылу энергетикалық нысанды бірмезгілдік шекті жоғары
ауқымды энергия үнемдеу эффектіне жетуге мүмкіндік береді. Бұл эффект –
қарқынды
энергия үнемдеу қорының потенциалы
деп аталады. Оған техника
және технологияның принципиалды негіздерін өзгерту арқылы, әрі
технологиялық өнімнің және оның толыққанды қолданылуын басқару және
сапасын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Энергия үнемдеудің максималды шекті әсеріне
оқшауланған жылу
технологиялық кешендерді және қарқынды энергия үнемдеу іс-шараларын
энергетикалық талдау нәтижесінде қол жетеді.
Елдің
жылу
технологиянық
кешеніндегі
отын-энергетикалық
ресурстардың шекті толық қорын үнемдеу
–оқшауланған кешендердің
83
жиынтығын және қарқынды энергия үнемдеу іс-шараларын талдау негізінде
анықталады да, келесі топтарға біріктіріледі:
- технологиялық;
- энергетикалық;
- жылу технологиялық;
- техникалық.
Достарыңызбен бөлісу: |