Жылуалмасу туралы ілім – бұл жылудың таралу процестері туралы ілім.
Жылуалмасу теориясының негізгі ережелері
Жылуалмасу туралы ілім – бұл жылудың таралу процестері туралы ілім.
Жылу энергиясы, кез-келген басқа энергия сияқты, жоғарғы потенциалдан төменгіге бағытталып беріледі. Жылу энергиясының потенциалы температура болатындықтан, жылудың таралу процесі температураның бөлінуімен тығыз байланысты, яғни температуралық өріспен. Температуралық өріс – температуралардың кеңістіктегі және сол уақыттағы мәндерінің жиынтығы.
Жалпы жағдайда температура t кеңістіктің кез келген нүктесінде х, у, z координаталарының және уақыттың τ функциясы болып табылады, демек, температуралық өрістің теңдеуі келесідей болады:
Уақыттың өзгеруімен температура да өзгеретін өріс орнықпаған немесе стационарлық емес деп, ал уақыт бойында температура өзгермейтін өріс орныққан немесестационарлық деп аталады және оның теңдеуі: t = f(x,y,z).
Температуралық өрістің ең қарапайым жағдайы стационарлық, бірмөлшерлі өріс өріс болып табылады, теңдеуі келесі түрде жазылады:
t = f(x).
Орнықпаған температуралық өріс жағдайында жылудың берілуі орнықпаған режим кезіндегі жылуберіліс деп, ал орныққан өріс жағдайындағы – орныққан режим кезіндегі жылуберіліс деп аталады.
Жылуалмасу процесі – күрделі процесс, ол жылуалмасудың үш түрінен тұрады – жылуөткізгіштіктен, конвекциядан және жылулық сәулеленуден (сәуле шығару)