Ұйым дегеніміз қызметтері саналы түрде ортақ мақсатқа немесе мақсаттарға жетуге бағытталған адамдар тобы. Ұйым дегеніміз жалпы мақсатқа немесе мақсатқа жету үшін топ мүшелерінің ұйымдасқан іс-әрекеттері болып табылады


Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады



бет3/3
Дата25.12.2021
өлшемі21,59 Kb.
#105355
1   2   3
Байланысты:
Лаукенти ұйым

Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады:

Ұйымды әр түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардан қорғайды; біріктіру: адамдарды біріктіріп, олардың ұйымның бір бөлігі екендігі сенімін ұялатып қалыптастырады; реттеу: ұйымда жалпы әлеуметтік-психологиялық климатты орнықтырады және сыртқы қоршаған ортаға қарсы ережелер мен нормативтерді қалыптастырады; коммуникация: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады; адаптация: адамдардың бір-бірлерімен бейімделуіне септігін тигізеді; бағыт: адамдардың іс-әрекеттеріне жалпы ұғым беріп бағытын айқындайды; мотивация: ұйым мүшелерін ынталандырады; тәрбие: ұйым мүшелерін тәрбиеге баулыйды; имидж: сыртқы қоршаған ортаға (тұтынушылар, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер, қоғам) қарсы имидждін қалыптастырады. Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады.

Ұйымның мәдениеті арнайы элементтерден тұрады. Бұл элементтер субъективті (ұйым мүшелерінің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары туралы) және объективті (іс-әрекеттердің материалдық жағы) болып келеді.

Ұйымдық құндылықтар (экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік т.б.). Құндылықтар материалдық, рухани, эмоциялық тұрғыдан ұйым мүшелерін ынталандырады. Философия: ұйымда ең маңызды болған не? Деген сұраққа жауап іздейді. Философия ұйымды дамытады, басшылық стилін анықтайды, мотивация негіздерін алға тартады, персоналдық іс-әрекеттерін реттеп ұйымның имиджін қалыптастырады. Салт: ұйымның салтын қалыптастырады. Мысалы зейнеткерлікке шығатын адамды салтанатты шерумен шығарып салу сияқты. Нормалар және іс-әрекеттер стилі: адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Лозунг: ұйымның негізгі міндетін қысқаша түрде білдіру. Менталитет: ұйымның өзіндік менталитетінің қалыптасуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет