Ұйымдардағы басқару органдарына араласу, ұйымдардағы келіспеушіліктер және оның алдын алуды талдау арқылы психология -лық бағалау беру


Ұйымдардағы келіспеушіліктер және оның алдын алу



бет2/3
Дата04.01.2022
өлшемі20,14 Kb.
#109047
1   2   3
Байланысты:
Ұйымдардағы келіспеушіліктер және оның алдын алу

Ұйымдардағы келіспеушіліктер және оның алдын алу

   Қайшылық дегеніміз - екі немесе одан да көп жақтардың арасындағы келіспеушілік. Екі жақта немесе әр топ өздерінің көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты үшін қарсыласына кедергі жасайды.  


 
Көптеген адамдар қайшылықтарды үстемдік ету, қастандық, тартыс және жан-жал деген түсініктермен салыстырады. Сол себептен оларды болдырмау керек деген тұжырымдамаға келеді. Бірақ ұйымдарда шиеленістердің болмауы мүмкін емес. 
 
Басқарудың адамгершілік мектептеріндегі зерттеушілер де шиеленістерді болдырмау керек деген . Олардың ойларынша, қайшылық - ұйымдарға тиімсіз қызмет белгісі және нашар басқарудаң пайда болады деп тұжырымдаған. 
 
Қайшытың негізгі ролі - тиімді басқаруға байланысты. Шиеленісті немесе қайшылықты шешу үшін (яғни басқару үшін) оның негізгі пайда болу себептеріне түсіну және қатыстыру қажет. Көбінесе басшылар қайшылықтың болу себептерін жеке адамдар арасындағы қақтығвстан келіп туындайды деп көрсетеді. Бірақ кейінгі зерттеулер мен талдаулар бойынша қайшылықтар мен шиеленістердің пайда болуына басқа да факторлар әсерлерін тигізеді  
 
Қайшылықтың негізгі төрт түрі бар: 
Ішкі жеке қайшылық.

  1. Жеке тұлға арасындағы қайшылық.

  2. Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық.

  3. Топ аралық қайшылық.

1. Ішкі жеке қайшылықтардың пайда болуы өндірістік талаптардың жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды. 
 
2. Жеке (адам) тұлға арасындағы қайшылық. Қайшылықтың бұл түрі үлгісі өте кең тараған. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтар, сондай – ақ екі адамның түсінбеушілігінен, дауласуынан да пайда болады. Адамдардың мінез – құлықтары, көзқарастары, рухани және мәдени байлықтары әр түрлі болғандықтан да олар бір-бірімен тіл табыса алмайды. 
 
3. Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық. Жеке тұлғаның позициясы топ позициясынан өзгеше болса шиеленіс пайда болады. Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасындада пайда болады. 
 
4. Топ аралық қайшылық. Топ аралық шиеленіс көбінесе линиялық және функционалдық басшылар арсында туады. Линиялық және функционалдық басшылардың ұсыныстарын қабыл алмаулары мүмкін және өзінің осы басшыларға тәуелділігі үшін парызы болуы. 
 
Көбінесе функционалдық топтар арасындағы қайшылықтар олардың мақсаттардыә әр түрлігінен пайда болады. 
 
Барлық қайшылықтардың пайда болуының бірнеше себептері бар 
 
1. Бөлуге қажетті қорлардың шектеулілігі. 
 
Ресурстарды бөлу. 
 
Еңірі ұйымдарда әр қашан қорлар шектеулі. Бір топқа көбірек, ал екіншісіне азырақ (материалдар, ресурстар, қаржылар) бөлу шиеленіске әкеліп соғады. 
 
2. Тапсырмалардың өзара тәуелділігі.  
 
Топтардың тапсырманы орындаулары жеке адам мен топтың байланысынан туады. Бірақ ұйымдар бір-бірімен тығыз элементтер арқылы байланысқан жүйе болғандықтан, бір бөлімшенің немесе бір адамның теріс байланысы шиеленіс тудырады. Шиеленістердің пайда болу мүмкіндіктеріне байланысты құрылымның түрлері де әсерін тигізеді. 
 
3. Мақсаттардағы айырмашылықтар. 
 
Ұйымдардағы қайшылықтардың ұлғаюының бір себебі – ол ұйым ішіндегі мамандандырылған бөлімшелерге бөлнулері болып табылады. Мұндай бөліну бөлімше мақсаттарын және міндеттерін өздері тұжырымдауларына әкеп соғады және сол мақсаттардың орындауларына көп көңіл бөлдіреді. 
 
4. Құндылықтар мен ұсыныстар айырмашылығы. 
 
Құндылық айырмашылығы - ең көп тараған қайшылықтың себебі. Мысал, бағынушы өз ойын әрқашанда айтуына құқым бар деп есептейді, ал басшы болса – бағынышты өз ойын тек ол адамнан сұрағанда ғана айтуға құқығы бар деп есептейді. 
 
5. Мінез-құлық өнегесіндегі айырмашылық және өмірлік тәжірибие. 
 
Өмірде әрбір сөзді өзінше қабылдап, оған агрессия және өшпенділік, қастық, араздық, жаулық сезіммен қарайтын адамдар кездеседі. Сондай адамдар айналасында қайшылықтар мен шиеленістер, жанжалдар туғызады. 
 
6. Білім деңгейіндегі өзгешелік. 
 
7. Нашар байланыс. 
 
Информацияны дұрыс жеткізбеу және оны бұрмалау шиеленістің негізгі себеп – салдары болып табылады. 
 
 
2. Қайшылық, шиеленіс жағдайларын басқару әдістері 
 
Қайшылық жағдайларын басқарудың бірнеше әдістері бар. Оларды екі категорияға бөлуге болады: 1. құрылымдық 
 
2. жеке адамдар стилі арқылы басқару  әдісі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет