Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына


-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар



бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,69 Mb.
#11530
1   2   3   4

3-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
Мал өсіру және құс өсіру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, тез тұтанатын сұйықтықтар, жанғыш сұйықтықтар, жанғыш газ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.

4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану қағидалары. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт сөндіретін су тоғандарын орнату қағидалары. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, дабылмен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.

5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілері мен шаруа қожалықтарында қызметкерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқама мен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар-конспектісін, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.

6-тақырып. Практикалық сабақтар
Ұйым (шаруа қожалығы) басшысының, ауылдық жердегі тұрғындар мен қызметкерлердің өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары. Өрт сөндіру түтік құбырларын төсеу. Су көзінен су жіберу. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу. Өртке қарсы қызметті шақырту.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру


Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлеріне арналған

тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар

1

3

Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары

2

4

Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өртке қарсы қорғау

2

5

Ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілері мен шаруа қожалықтарында қызметкерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі

1

6

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

9



1-тақырып. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объекті басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалар.

2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілері мен шаруа қожалықтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар
Өрт профилактикасының негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты және оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілеріндегі, шаруа қожалықтары мен елді мекендердегі жалпы ұйымдастырушылық өрт-профилактикалық іс-шаралар.

3-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары
Мал өсіру және құс өсіру фермаларындағы, зертханалардағы, жөндеу шеберханаларындағы, гараждардағы, техника сақтау орындарындағы, ағаш өңдеу шеберханаларындағы, тез тұтанғыш сұйықтықтардағы, жанғыш сұйықтық және жанғыш газ қоймаларындағы, материал қоймаларындағы, астық қоймаларындағы, астық кептіргіштердегі, құрама жем қоймаларындағы, химиялық заттар қоймаларындағы, газ баллондарын сақтау орындарындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.

4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өртке қарсы қорғау
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану қағидалары. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт су тоғандарын орнату қағидалары. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, сигнализациямен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.


5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілері мен шаруа қожалықындағы қызметкерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқама мен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар-конспектіні, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі.

6-тақырып. Практикалық сабақтар
Ұйым (шаруа қожалығы) басшысының, ауылдық жердегі тұрғындар мен қызметкерлердің өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары. Өрт сөндіру түтік құбырларын төсеу. Су көзінен су жіберу. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу. Өртке қарсы қызметті шақырту.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы оқу орындарының басшылары мен өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарына арналған

тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары

2

3

Эвакуациялық жолдарға қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары

1

4

Өрт сөндіру құралдары және оларды өрт сөндіру үшін қолдану қағидалары, өрт кезіндегі әрекеттер мен өрт сөндіру күзетін шақырту

1




Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

8


1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуына ұйым басшыларының құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

2-тақырып. Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары
Өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерін қысқаша талдау. Электр желілерін, электрлік жабдықты және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, асқын жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәні, пайда болу себептері мен жол бермеу тәсілдері. Өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс істеу тәртібі. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтың, жанғыш газдың өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: жарқ ету температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсінік. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезіндегі өртке қарсы режим. Химиялық реактивтер мен сілті металдарын сақтау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы режим. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптардағы парталардың, үстелдердің және орындықтардың орналасуы. Кіру орындарын, шығу орындарын, холдарды, дәліздерді, саты алаңын, сондай-ақ шатырды, жертөле үй-жайларын, оқу-өндірістік шеберханаларын, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзірлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқама беру. Сауықтыру кезеңінде балаларды көп қабатты ғимараттар мен үйлерге орналастыру тәртібі.

Балалар мекемелеріндегі, мектеп-интернаттарындағы кезекшілер мен күзетшілер. Оларға нұсқама беру. Өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі және өрт туындаған жағдайдағы міндеттер. Жаңа жылғы шырша орнату, кино көру, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекіту қағидалары. Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларға қойылатын талаптар.

Бұқаралық іс-шараларды өткізу жауапкершілігі, кезекшілердің мақсаты мен міндеттері.

3-тақырып. Эвакуация жолдарына өрт қауіпсіздігі талаптары
Эвакуациялау жолдары. Эвакуациялау және эвакуациялық шығу жолдарын анықтау. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Эвакуациялау жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Өрт болған жағдайда қолданыстағы объектілердегі эвакуациялау жоспары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациалау туралы шұғыл құлақтандыру жүйесі.

4-тақырып. Өрт сөндіру құралдары. Оларды қолдану қағидалары. Өрт кезіндегі әрекеттер және өрт сөндіру күзетін шақырту
Өрт сөндіргіштердің мақсаты. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіруде қолдану қағидалары.

Алғашқы өрт сөндіру құралдарының (құм, түрлі жабындар, суы бар бөшкелер мен шелектер, өрт сөндіру құрал-сайманы) және ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты. Оларды пайдалану қағидалары.

Қызмет көрсету персоналының өрт кезіндегі әрекеттері. Өрт кезінде үй-жайлардың ішінен балаларды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

5-тақырып. Практикалық сабақтар
Эвакуацияны өткізуді пысықтану. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру

Мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарының педагогтарына арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы оқу орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары

1

3

Өрт сөндіру құралдары және оларды өрт сөндіру үшін қолдану қағидалары, өрт кезіндегі әрекеттер мен өрт сөндіру күзетін шақырту

1

4

Практикалық сабақтар

2

Жалпы сағат саны

5



1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Ұйым басшыларының өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері.

2-тақырып. Мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы оқу орындарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары
Өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерін қысқаша талдау. Электр желілерін, электр жабдықтарын және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, артық жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәні, пайда болу себептері мен жол бермеу тәсілдері. Өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс істеу тәртібі. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтың, жанғыш газдың өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: жарқ ету температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсінік. Тез тұтанғыш сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықты, жанғыш газды сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезіндегі өртке қарсы тәртіп. Химиялық реактивтер мен сілті металдарын сақтау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы режим. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптардағы парталардың, үстелдердің және орындықтардың орналасуы. Кіру орындарын, шығу орындарын, холдарды, дәліздерді, саты алаңын, сондай-ақ шатырды, жертөле үй-жайларын, оқу-өндірістік шеберханаларын, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзірлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқама беру. Сауықтыру кезеңінде балаларды көп қабатты ғимараттар мен үйлерге орналастыру тәртібі.

Балалар мекемелеріндегі, мектеп-интернаттарындағы кезекшілер мен күзетшілер. Оларға нұсқама беру. Өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі және өрт туындаған жағдайдағы міндеттер. Жаңа жылдық шырша орнату, кино көру, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекіту қағидалары. Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларға қойылатын талаптар.

Бұқаралық іс-шараларды өткізу жауапкершілігі, кезекшілердің мақсаты мен міндеттері.

3-тақырып. Өрт сөндіру құралдары. Оларды қолдану қағидалары. Өрт кезіндегі әрекеттер және өрт сөндіру күзетін шақырту
Өрт сөндіргіштердің мақсаты. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіруде қолдану қағидалары.

Алғашқы өрт сөндіру құралдарының (құм, түрлі жабындар, суы бар бөшкелер мен шелектер, өрт сөндіру құрал-сайманы) және ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты. Оларды пайдалану қағидалары.

Қызмет көрсету персоналының өрт кезіндегі әрекеттері. Өрт кезінде үй-жайлардың ішінен балаларды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібі.

4-тақырып. Практикалық сабақтар
Эвакуациялау бойынша жаттығу. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру

Ұйымдар басшыларына, өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға, ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған
тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптар атауы

Сағат саны

1

Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар

2

2

Техникалық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман

1

3

Өрт кезіндегі іс-әрекеттер

1

4

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

7



1-тақырып. Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі қағидалары. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері. Өртке қарсы режим. Эвакуацилау жоспары. Эвакуация және эвакуациялық шығу жолдары.

2-тақырып. Өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштердің жіктемесі, қолдану саласы, мақсаты, қолдану қағидалары, орналасу орны. Ішкі өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғылары; ұйымда орналастыру схемасы. Автоматты өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру қондырғыларының жұмысы кезіндегі іс-қимылдар. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлері, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.

3-тақырып. Өрт кезіндегі іс-қимылдар
Өрт өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейінгі іс-қимылдар. Өрт таралуының алдын алу бойынша шаралар. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу және олар келгеннен кейінгі іс-қимылдар.

4-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргішпен практикалық түрде таныстыру және онымен жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану жөніндегі жаттықтыру.

Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру

Жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарға арналған тақырыптық жоспар мен үлгілік оқу бағдарламасы


р/с



Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары

2

3

Жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігі шаралары

4

4

Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Қызметкерлердің өрт кезіндегі әрекеттері

2

5

Практикалық сабақтар

1

Жалпы сағат саны

10



1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшылардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

2-тақырып. Жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Құрылыс объектілеріндегі сипатты өрттердің қысқаша талдауы. Өрт сөндіру профилактикасының негізгі міндеттері. Өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың міндеттері. Жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде, құрылыс алаңдарында және қосалқы шаруашылықтарда өртке қарсы режимді орнату және ұстау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.

Жеке құрылыс учаскелерінің, корпус, цехтар, қоймалар, шеберханалардың өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына қызметкерлерді үйрету. Өрт-техникалық комиссияны құру және жұмысын ұйымдастыру. Олардың міндеттері мен практикалық қызметі туралы қысқаша мәліметтер. Объектіден эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларды ұйымдастыру.


3-тақырып. Қайта салынып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Ауданның, облыстың құрылыс объектілерінде барынша кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды талдау. Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Электрлік артық жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері. Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және артық жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен жұмыстар жүргізу, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Жаңадан құрылып және реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдалану кезінде өрт сөндіру құралдарына қол жеткізу, сондай-ақ тез тұтанғыш сұйықтықтармен жұмыс істеу. Эвакуациялау жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары.

4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Қызметкерлердің өрт кезіндегі іс-қимылдары
Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылысы және әрекет ету принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтандыру немесе өртті сөндіруде қолдану қағидалары. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану қағидалары. Өрт сөндіру қалқандары және оларды жарақтандыру. Өрт сөндіру үшін өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану қағидалары. Жаңадан салынып және реконструкцияланып жатқан құрылыстар мен ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Қызметкерлердің өрт туындаған кездегі әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру, өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін қарсы алу және оларға еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның жүргізу тәртібі.
5-тақырып. Практикалық сабақтар
Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет