Ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектептегі логопедиялық жұмысты ұйымдастыру» атты (Әдістемелік ұсынымдар) Уральск 2015



бет5/55
Дата07.02.2022
өлшемі142,98 Kb.
#84457
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
логопедтің жұмысы

Топ және топшаларды құру. Көп жылдық тәжірибелеркөрсеткендей, логопедтің тиянақты және толық түзету жұмысынөткізуі үшін балалардың максималды саны 25 адамнан аспауы керек. Оқушылардың санының көбеюі түзету жұмысыныңсапасының, нәтижесінің төмендеуіне әкеледі.
Логопунктқа қабылданған оқушыларды логопед келесі топтарғабөледі:
1. Жалпы тіл кемістігі немесе оның элементтері (1- сыныпта оқитындар);
2. Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық немесефонематикалық бұзылуы (1-сыныпта оқитындар);
3. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен негізделген жазу бұзылысы (2-сынып оқушылары);
4. Фонематикалық процестерінің қалыптаспағандығымен,сөйлеу тілінің жалпы дамымауы немесе оның элементтерімен негізделген жазудың бұзылуы (2-3сынып оқушылары).
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар топқа сөйлеу тілініңлексико-грамматикалық, фонетико-фонематикалық немесефонематикалық жақтары, байланыстырып сөйлеуі қалыптаспаған небұзылған 1-сынып оқушылары қабылданады.
Оқу жылында логопунктте 5-6топ жұмыс істейді, топтағы оқушы саны 4-5. Түзету жұмысының топтық түрі бастыболады.
Логопунктке қабылданғандардың көбін 1-сынып оқушыларықұру керек. Мектеп бағдарламасын ұтымды меңгеруге кедерге болатынсөйлеу тілінің бұзылыстары бар 1-сынып оқушыларыныңбарлығының логопунктке қабылдануына ұмтылу керек. Егер логопедбұндай жұмысты атқара алса, онда 2-сыныптағы жазу бұзылыстары бар балалардың саны азаяды.
Мектептік логопунктте жұмыс істейтін логопедтің барлықназары оқушылардағы жазу бұзылыстарын алдын –алуға және сөйлеутілін түзетуге бағытталған. Бірақ сөйлеу тілінің жалпы дамымауыжәне жазу бұзылыстары бар топқа қабылданған балалардың ішіндефонетикалық бұзылыстары бар оқушылар да кездеседі. Бұндайбалалардан логопед дыбыс айтуды түзету бойынша жұмыс үшіншағын топтар құрайды. Топшаларда 2-ден 5-ке дейін оқушылар болуымүмкін.
Логопед бір шағын топқабірдей бұзылысы бар бір немесе әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіре алады. Мысалы, ызыңдыбыстарды түзету бойынша шағын топ. Қажеттілік болса, ондалогопед оқу жылының ішінде бір топшадан екінші топшаға балалардыауыстыра алады. Дыбыс айтуды түзету бойынша топшалармен жұмыстоптық сабақтармен параллель жүргізіледі.
Сабақ кестесінің 1-данасы сабаққа қатысу журналының бірінші бетіне тігіледі, 2-шідана «Логопед бұрышында» орналасады, 3-дана – әкімшілікте (негізінендиректордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарында болады).
Бұлардың көшірмесі логопедиялық сабақтарға қатысатын оқушылардыңсыныбында (мұғалімде, сынып бұрышында) болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет