Ұйымдастырған “ертеңІҢді ойласаң есірткіге жолама” атты тәрбиелік кешінің сценариі



Дата21.03.2020
өлшемі27,47 Kb.
#60615
Байланысты:
Сценарий Есірткі
дәріс
............................................ ұйымдастырған

ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ - ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА”



атты тәрбиелік кешінің

СЦЕНАРИІ
Өтетін орны және уақыты: Алматы қ.,........
Кешке жауапты: ........
Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты.

Шақырылғандар: ҚазҰАУ ұжымы және студенттері.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойындар, ой қозғау, әңгімелесу, байланыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, суреттер, бейнебаян


Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Нашақорлық ғасыр дерті

ІІІ. «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» 2-кейіпкердің әңгімесі (көрініс).

ІV. Сұрақ – жауап, пікір алмасу.

V. Қорытынды.


1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және студенттер! Бүгінгі ҚазҚАУ-нің, Ветеринария факультетінің, "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасының өткізгелі отырған «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, жас шағынан басталуы тиіс. Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың дерттерінің бірі – нашақорлық болып отыр. Өмір - өмір сүру үшін беріледі.



2 – жүргізуші: Ветеринариялық медицина мамандығының 406-топ студенті Кеңесхан Исламның орындауында “Тобылғы сай” дәстүрлі әнін қабыл алыңыздар!

2 – жүргізуші: Ветеринариялық медицина мамандығының 508-топ студенті Таңшолпанның «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндамасын тыңдауларыңызды сұраймыз.
Таңшолпан: Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:

- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар (марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)

- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар(гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);

- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

Есірткінің негізгі түрлеріне: апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам ағзасына өте зиянды. алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін өзіне тәуелді етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім тамшысы. Нашақорлық пен темекі аздырар адам баласын. 1-желтоқсан әлемдік СПИД пен күрес күні болып жарияланған. Есірткіге көбінесе 16 - 25 жас аралығындағы боз бала мен бой жеткендер ұшырасады. Спид - тің жұғу жолдары. Ерте жыныстық қатынаста болғанда, ауыру адамнан сау адамғ Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» - болғанын білеміз.

Біздің ғасырымыздың басты дерті - нашақорлық. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? - деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Осы орайда «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, от басында ата-ана мен бала бір-біріне суық, рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде, «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.

Психолог-дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

Күнен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:

- біріншіден, 12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған, адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар. Сонымен қатар, есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жас өспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.

- Екіншіден нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.

- Үшіншіден мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді, білім және маман әлеуетінің (потенциалын) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық бұзылады. Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады: 1 нашақор 10 адамның өмірін бұзады. Соңғы жылдары елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда. Есірткі заттарының аса қымбат еместігі, оларға іс жүзінде еш кедергісіз қол жеткізудің мүмкіндігі нашақорлар қатарының кемімей, қайта керісінше үнемі артып отыруына алып келді.

Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді. а қан құйғанда, пайдаланған шприцті қолданғанда жұғады.


1-жүргізуші: Ендігі кезекті әсем әуенге берсек. 1-курс студенті Абылай Тұрғанайдың “Қазақ вальсі” әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау, қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

1–жүргізуші: Ендігі кезекте есірткінің қолдану себептері мен нашақорлардың негізгі белгілерін атай кетсек.
Дәулет: Есірткі қолданудың себептері

Білімсіздік: Есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.



Қызығу: Қызығушылықтың туындауына көбінесе бұқаралық ақпараттардың өздері себеп болады дей аламыз.

Ойын – сауық орындары: Дискотека және басқа да ойын – сауық орындары.

Қысым: Жаман достардың қысым жасауы.

Әуестік: Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бірақ бір немесе екі рет көру адамды қайтпас жолға түсіру үшін жеткілікті болады.

Мода: Айналадағы адамдарға еліктеу. Қоршаған орта бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы өте оңай.

Есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы немесе достар арқылы пайда болады.


Шынар: Нашақорлардың негізгі белгілері

Есірткі қолданатын адамдарды мынадай белгілерден анықтауға болады:

Адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің болуы;

Көктамырдың үстінде немесе айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

Солғын, ұйқылы – ояу болу немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттардың көп мөлшерде қабылданғанын көрсетеді;

Есірткіден алыстатылған немесе қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;

Көз қарашықтарының үлкеюі;

Нашақорлардың жаргон тілін білуі;

Кісінің белгілі уақытта басқа жерге кетіп қалуы.

Есірткіге тәуелді адамдар өте ашушаң болады.

Есірткіні қабылдау уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастайды.


2–жүргізуші: Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама «2-кейіпкердің әңгімесі»

Біз есірткі туралы азғантай болсада мағұлмат алдық, енді, біздің бүгінгі сабағымыз сендер сияқты ақылды жастардың бұндай іс-әрекетке бармауы үшін, мыны бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейік. (Бұл кейіпкердің рөлінде – Руслан).


Руслан: Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата – анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман – есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.
2–жүргізуші: Достар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)

Егер, достар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрейік. (Бұл кейіпкердің рөлінде – Нұржан).


Нұржан: Менің ата – анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата–анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан – кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір – екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата – анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Әзір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
1–жүргізуші: Екі адам, екі тағдыр. Достар, енді ойланып көрейікші кейіпкерлерімізді нашақорлыққа итермелеген не?

Топтастыру, көрермендерден сұрау.

Нашақорлық; Жұмыссыздық; Тұрмыстық жағдайдың нашарлығы; Экономиканың құлдырауы; Маскүнемдік; Ортаның әсері; Ата-ананың баласына уақыт бөлмеуі; Мемлекет тарапынан шара болмауы; Рухани құлдырау;



2–жүргізуші: Келесі кезекті 2-курс студенті ........ және 1-курс студенттері Диана мен Насифаның "Өзбек биі" – не берсек.

2–жүргізуші: Ендігі кезекте “Есірткі” сөзіне мақал-мәтел құрайық

Е - екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені

С - су ішкен құдығыңа түкірме

І - ішің ауырса аузыңды тый

Р - руға бөлінгенді бөрі жиді

Т - тазалық денсаулық кепілі

К - күлкі денсаулық кепілі

І - інісі бардың тынысы бар


1 – жүргізуші: «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ — жауап)

1. Салауатты өмір салты деген не?

2. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер?

3. Есірткінің грек тілінен аударғандағы мағынасы?

4. Есірткі дегеніміз не?

5. Есірткінің қандай түрлері бар?

6. Есірткінің адам организміне әсері?

7. Есірткі қолданудың себептері?

8. Нашақорлықтың негізгі белгілері?
1–жүргізуші: Есірткі - қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу барлығымыздың міндетіміз болып табылады. Осыған орай біздің сіздерге ой тастау үшін дайындалған бейнебаянға назар аударсақ.
1 – жүргізуші: 2-курс студенті ........... "Бақыт құшағында " әнін қабыл алыңыздар!
ҚОРЫТЫНДЫ

2 – жүргізуші: Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді:
ҮНДЕУ!

Құрметті достар! Бойларыңдағы бар қабілеттеріңді тек жақсылыққа бағыттай біліңдер! Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңдар! Бойыңды ластамай, жан – дүниеңді таза ұста! Бос уақытыңды пайдалы іске арна! Ар-намысыңды биік ұста! Өз тағдырың – өз қолыңда. Өзіңе сен! Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.



Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін! Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет