Мақсаты: Балаларға құстардың түрлерін соның ішінде қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру.
Міндеттері:Сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың бойында қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін ояту. Қойылған сұраққа толық жауап алу.
Балалардың алдына қыстап қалатын (сауысқан, суықторғай, сары шымшық, қарға, торғай, тоқылдақ) құстардың суретін көрсету.
II. Негізгі бөлім
— Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
- Қандай құстар қыстап қалады?
— Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.
— Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты .
Мүмкін ол біздің құстарға келген Қыс апамыз шығар.
Есік ашылып, Қыс кіреді.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.
— Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.
— Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)