Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 16.09.19
Тобы: Ортаңғы «Б»
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Шынықсан шымыр боларсың
Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын сақтау туралы түсінік беру.
Міндеттері: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Билингвальді компонент:
Көрнекі құралдар:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні: 23.09.19
Тобы: Ортаңғы «Б»
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Біздің қала
Мақсаты: Сөз тіркестерін айту.
Міндеттері: Сөздік қорларына сөз тіркестерін еңгізу, сөздерді таза, анық айтуға үйрету. Көзбен көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз қаласына деген сүіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: өздік, көрнекілік, практикалық.
Белингвальді компонент: Қала-город, көще-улица, үй-дом, қабат –этаж
Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер,тақта.
I. Кіріспе
|
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Фонетикалық жаттығу.
Қа, қу,қо,қы
Ме, мі, мө
Ні, іні, ін
Сі, іс, ісі
Із, зі, ізі
- Балалар! Кәне, өткен сабақта,қандай сөздермен таныстық? Не туралы әңгімелестік? Есімізге түсірейікші!
|
II. Негізгі бөлім
|
Ал, балалар, енді мына бейне роликке назарларыңды аударыңдар.
Мына бейне роликте сендер нені көрдіңдер?
Дұрыс айтасыңдар. Балалар, көрдіңдер ме біздің қаламыз көптеген үйлер мен әдемі ғимараттар мен көркейді.
Ойын «Дұрыс қайтала, қөрсет» дидактикалық ойыны.
Мысалы: Қала-город, көще-улица, үй-дом, қабат –этаж
Біздің қала көшелерінде неше түрлі үйлер, әдемі ғимараттар көп. Кейбір үйлерде адамдар тұрады, кейбіреуінде жұмыс істейді. Ағаштан салынған үйлер бар, тастан салынған үйлер бар. Мына суреттерге қарап қандай ғимарат екенін есімізге түсірейікші.
Кәне, балалар, бізде өз үйімізді салайық.
Сергіту сәті. Саусақпен ойын: Қолымызбен үй саламыз
Биік, биік үй саламыз
Терезелер қоямыз.(3 рет)
Тақтада ТРИЗ-ойыны: «Жақсы-жаман»
Балаларды жағымды-жағымсыз әрекеттерін ажырата білуге үйрету.
-Қала көшелерінде келе жатып, қоқысты кез келген жерге лақтыра салсаң ол қандай әрекет?
-Қоғамдық көлікте,өзіңнен үлкен адамға тұрып орныңды берсең?
-Гүлдерді отырғызып,оған күтім жасасаң?
-Туған, тұрып жатқан қаламызды!
-Сүйікті қаламызды!
-Павлодар қаласын!
Өлең жолдарын оқытушымен бірге қайталап, қимылдар жасайды.
|
III. Қорытынды
|
- Балалар! Қандай тақырыпты өттік?
-Қандай сөздермен таныстық?
-Өте жақсы! Барлықтарын сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Дидактикалық ойын «Шын жүректен»
Жүрекшені шеңбердегі тұрған балалар бір-біріне беріп жылы тілек айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |