Оқу іс-әрекет кезеңі
|
Саз жетекшінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық-
Қозғаушылық
|
Балаларды «Сәлем, балақай» әнімен қарсы алу.
-Балалар, «Алма» ертегісіне барғанымыз естеріңде ме? Енді бүгін өздерің сол кейіпкерлерді ойнайсыңдар, келістік пе? (залдың ортасында алма ағашы тұрады)
-Олай болса, бәріміз отырып, «Күз» атты шығарманы (С.Кибирова) тыңдайық, ертегімізді бастайық.
|
Балалар әнді есіне түсіріп, кқсыла айтуға ынталанады.
Шығарманы тыңдауға тырысады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
-Балалар, «Алма» ертегісін есімізге түсірейік, кейііпкерлері нелер еді? Балаларды ағаш айналасына үш топқа бөліп отырғызу (қояндар, кірпілер, қарғалар. Аюдың рөлінде жетекшінің өзі.)
«Балалар биі» (музыкасын жазған А.Майкапар)
Балаларға №1, №2, №3, №4 жаттығуларын айтқызу, қимылдату (келесі қайталауда балалар топтарын ауыстырып отырғызуға болады.)
Ән айту: «Қоянның келуі», «Қарғалардың әуені», «Кірпіні шақырамыз».
1-жаттығу ырғақтарын көрсету:
«Алма, алма, түсе ғой».
Сегіздік нотаны қысқа қайырып, төрттік нотада тұрып қалып, қолдарын жоғарыға көтереді.
2-жаттығу. Қояндарды отырғызып, ортаға қарғаларды шақырады.
«Алма» әнін айтады. (Е.Тиличеева. сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова)
Қарғалар сөзіне лайық ұшу қимылдарын жасап, ағашты айналып жүреді. Ағашта ілулі тұрған қағаз алмалар жерге түседі.
3-жаттығу «Кірпінің келуімен» басталады, кірпілер тізерлей жүріп кіреді. (ағашты айналып, алдын-ала дайындалған кеудешелерді киеді.)
Тағы да бір айналып орындарына барады. Жаттығуды бірте-бірте жоғары, бірте-бірте төмен айтқызып үйрету.
4-жаттығу. «Аюдың келуі» әнін айтады. (Н.Гуварджи, Ж.Қалжанова)
Аю, аю, аюдың
Ақылы көп басында.
Ынтымақпен аңдар жүр,
Тірлігін жасап қасында.
Педагог Аю рөлін ойнап кіреді.
-Аюжан, біздің ағаштағы алмаға Қоян, Кірпі, Қарға, таласып, бөлісе алмай жатыр, сен бізге көмектесші.
Аю: Алманы кім тапты?
(«Аюдың келуі» әуеніне сегіздік нотамен айтылады).
Алманы кім түсірді?
Алманы кім ұстап алды?
Аю:
Беріңдер, беріңдер,
Бірдей бөліп көрейін.
Бәрің де, бәрің де
Тату-тәтті жүріңдер.
(Алманы алып, бірдей бөліп береді)
|
Достарыңызбен бөлісу: |