Мотивациялық-
Қозғаушылық
|
Музыка жетекшісі балаларды есік алдынан қарсы алып, қуыршақ театрына шақырады. Театр шымылдығы ашылып, ішінен қуыршақ қоянк қөрінеді. Қоян балалармен сәлемдеседі.
– Балалар, мені танисыңдар ма?
Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын.
– Балалар, менің сендермен танысқым келеді. Сенің атың кім? –деп бір баладан сұрайды. Ал сенің атың ше? –деп барлық балаларды өз аттарын айтуға ынталандырады.
–Балалар, сендер мен сияқты қатты қол шапалақтай аласыңдар ма? Енді жай шапалақтап көрсетіңдерші. Аяқтарыңды топылдата аласыңдар ма? Ал енді ақырын, жай топылдатыңдаршы, – деген ұсыныстар арқылы балаларды дыбыс ұзақтығын тембрін ажырата білуге үйретеді.
– Балалар, қоянға арнап тақпақ айтып берейік:
|
Балалар жайғасып отырады.
Қоянмен қуана амандасады. Жауап беруге талпынады. Балалар қоянға қарап, қызығушылық танытады, қимылына еліктейді.
Өз аттарын кезекпен айтып, танысуға талпынады.
Бірге көңілдене қатты қол шапалақтайды және жай шапалақтауға тырысады.
Аяқтарын тез және ақырын топылдатуға әрекет жасайды.
|