Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технокартасы Өтпелі тақырып; «Балабақша» Апталық тақырып: Менің балабақшам 1-апта



бет50/52
Дата29.01.2022
өлшемі68,79 Kb.
#115881
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Бөбек тех карта[1]

Ұйыдастырушылық -реттеушілік

Интербелсенді тақтадан жаңа жылда шыршаны айналып, ән айтып жүрген балалардың бейнесі көрсетіледі.  Г. Вихаревтің «Шыршадағы аңдар» музыкалық-ырғақтық қимылдары бойынша музыка жетекшісі: – Балалар, біздің шыршамызға аңдар жетіспей тұрған сияқты, қарайықшы, 3 қандай аңдар жоқ екен? Музыка жетекшісі балалармен шыршаны айнала жүріп, қандай аңдар жетіспей тұрғанын қарайды: – Балалар, қоян, қасқыр, аю, түлкі ешқайсысы ілінбепті ғой? Кәне, балалар, бізге музыка ойнап тұрады, біз ырғақтық қимылдар жасай жүріп, бәріміз іліп тастайық! Музыка жетекшісі балаларды өзімен бірге шыршаны айналдыра тұрып, алдын ала дайындалған ілмелі ойыншық аңдардан балаларға беріп, ілдіреді. Ойыншықты ілген балалар педагогтың артынан қимылдар жасай жүріп, шеңбер бойымен айналады. .    

А. Матлинаның «Шамдар» биінде музыка жетекшісі балаларды шеңберге тұрғызып, бірінің артынан бірі жүріп, жеңіл адыммен немесе аяқтың ұшымен 4 жүру элементтерін көрсетеді. Балалармен бірге шеңберде жүріп келе жатып, музыка жетекшісі: Кәне, балалар, бәріміз үлкен шамды көрсетейікші! – деп, қолын жоғары көтеріп, үлкен дөңгелектер жасайды. Бұл жанып тұрған шамдар, "Шамдар жанып-өшеді" дегенде балалар шеңбер бойымен жүріп келе жатып, жұдырықтарын ашып-жұмып көрсетеді. Қимылдар музыка жетекшісінің жетекшілігімен қайталанады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет