Дидактикалық ойын;
Ойын кезінде педагог интербелсенді тақтадан жаңа жылға арналып шала безендірілген шыршаға не жетпей (жұлдызша, гирляндалар, жылтырақтар) тұрғанын сұрайды. Балалар интербелсенді тақтаға қарап, шыршаға жетпей тұрған заттарды атайды. Ойын балалар түгел айтқанша қайталанады. "Аққала" ойынында педагог балалардың бойына шақталып пластикалық стакандардан жасалған аққалаға жетіспей тұрған заттарды толықтыру керек екенін айтады, «Жасыл шырша жанында» әуені аяқталғанша балалар аққалаға шелекті кигізіп, сәбіз-мұрынын жабыстырып, қолына сыпырғы ұстатып, қағаздан жасалған көздерді кигізіп біту тапсырылады. Аққаланы құрастырған балаларға аққаланың фишкалары беріледі.
|