Ізденіс-ұйымдастыру
|
Схемамен жұмыс.
Балалар біз бүгін үш орталықпен жұмыс жасаймыз.
Әдебиет орталығында «Бауырсақ»ертегісін сахналаймыз. (Дискілер театры арқылы)
Бейнелеу орталығында біз бауырсақтың бейнесін әртүрлі әдістер арқылы жасаймыз. (жұлмалау, түйіршіктер, баспа әдісі арқылы)
Құрастыру орталығында «Бауырсақ» ертегісіндегі ата мен әженің үйін құрастырамыз. (Үлгіге қарап геометриялық пішіндерден)
Ал енді фишка таратамын. Кімге қандай орталық түсті, сол орталыққа барады. (Балаларды орталықтарға бөлу.)
Құрастыру, бейнелеу орталығындағы балаларға тапсырмаларды түсіндіріп өту. Әдебиет орталығына барып, балаларды рөлдерге бөліп, «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Сиқыршы: Иә, иә, осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,сендерге сиқырлы сандықтың кілтін беремін. Сандықтың ішінде сендер үшін тосын сый бар. Қане, балалар, сиқырлы сандықтың кілтін табуға тырысыңдар. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Қоңырау арқылы балаларды орталыққа жинайды. Орталықтармен ауыстырады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Ал қане, сиқыршы, біздің балалар тапсырмаларды орындай алды ма?
Сиқыршы: Иә! Қандай ақылды балалар?! (Сиқыршы балаларға ризашылығын білдіреді)
Балалар, сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
|
Рефлексия
|
- Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Қандай ертегі бойынша тапсырмалар орындадық?
Сиқыршы сиқырлы сандықтың кілтін табыс етеді.
Сандықты ашу.
Қане, не бар екен сандықтың ішінде? Ой, балалар, қараңдаршы, «Бауырсақ» ертегісіндегі әже сендерге арнап бауырсақ пісіріп жіберіпті.
Балаларды мадақтау.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|