Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет15/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
ертегі қмж

Рефлексивті

түзету

Оқушыларды мадақтау , бағалау

Балалар жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Ертегінің мазмұнын ,ондағы айтылар ойды білді.

Игерді: Ертегіні өз мәнінде мәнерлеп айтуды, тапсырмаларды орындауды.

Меңгерді: Жаңа ұғымды меңгерді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегілер елінде

Тақырыбы:Гүлдер қандай болады?

Мақсаты:Балаларды ертегі құрастыруға одан әрі үйрету, ой – қиялын ашу, сөздік қорын байыту, әсемдікке баулу.


Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту

Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!

Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру

іздену

Балалар, көктем мезгілінде болатын қандай өзгерістерді білесіңдер?

- Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, жер көгереді, шөптер шығады.

- Балалар, мен сендердің қолдарыңнан әлі бүрі ашылмаған гүлдерді көріп тұрмын. Енді сендер гүлдеріңді, менің қолымдағы керемет құмыраға салып, Мағжанға деген жылы тілектеріңді айтсаңдар, бұл гүлдер құлпырып кетеді. Өйткені бұл сиқырлы құмыра. Сендер жақсы тілек білесіңдер ме?

- Ия, білеміз.

- Қане тілектеріңді айтып, гүлді құмыраға сала қойыңдар.

Ақжол: Апай, менің қолымда гүл жоқ, мен мына өсіп тұрған гүлді жұлып алайын ба?

Тәрбиеші:- Ақжол, гүлді жұлуға болмайды ғой, гүл деген әдемі, оны күтіп-баптау керек, су құйып өсіру керек. Мен саған басқа гүл берейін.

Ақжол гүлді алып, тілегін айтып құмыраға гүлді салады.

- Мамамыз аман болсын!

Сонан кейін, басқа балалар да тілектерін айтып, гүлді құмыраға салады.

- Деніміз сау болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Әрқашан күн сөнбесін!

- Ойыншығымыз көп болсын!

- Көңілді бала болайық!

- Бәріміз дос болайық!

- Папамызды жақсы көреміз!

- Апайдың айтқанын тыңдаймыз!

- Тәртіпті бала болайық!

- Бақытты баламыз!

Сиқырлы құмыра айналып, әсем гүлдер көрінеді.

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, қандай әдемі гүлдер. Мен бұл гүлдерді Мағжанның туған күніне сыйлағым келіп тұр. Сендер де сыйлық жасағыларың келе ме?

Балалар: Ия, жасағымыз келеді.

Тәрбиеші: Қандай сыйлық жасағыларың келеді?

Балалар: Апай, біз де гүл сыйлайықшы.

Тәрбиеші: Ендеше, ол гүлдерді өз қолдарыңмен жасаңдар. Орындарыңа отырып, маған қарай қойыңдар, мен гүлдің қалай жасалатынын көрсетейін.

Балалар өз орындарына отырады.

- Балалар, гүлдердің түсі, көлемі, әр түрлі болады. Қараңдаршы, мына гүлдің түсі қандай?

- Түсі сары.

- Ал мына гүлдің түсі қандай?

- Түсі ақ.

- Бұл гүлдердің жапырақтарының түсі қандай?

- Түсі жасыл.

- Осы гүлдердің көлемдері бірдей ме?

- Жоқ ақ түсті гүл үлкен, ал сары түсті гүл кішкентай

- Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біздің Мағжанға сыйлайтын гүліміздің аты Жауқазын деп аталады. Қане қайталайықшы.

- Жауқазын гүлі

- Жауқазын гүлінің түсі қандай?

- Түсі қызыл.

- Балалар мынау гүлдің сабағы, қайталап айтайықшы.

Гүлдер сабағынан өсіп шығады екен. Алдымен қағаздың ортасынан, төменнен жоғарыға қарай гүлдің сабағын қоямыз. Гүлдің сабағы ұзын жіңішке болады. Содан кейін сабағынан жапырақ өсіп шығады. Енді жапырағын қоямыз. Жапырақтың пішіні сопақша болады. Сабағының жоғарғы жағынан гүл өсіп шығады. Міне біздің Жауқазын гүліміз дайын болды.

Балалар, біз Мағжанға сыйлық жасайтын болғандықтан, біздің жұмыс жасайтын қағазымыз да әдемі. Гүлді қағаз бетіне қойып болған соң, екінші бетін жайлап қана үстіне жабамыз да, алақанымызбен сипап жібереміз.

Балалардың жұмысы.

Сергіту: Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып

Енді балалар, осы гүлдер туралы ертегі құрастырайық.

«Гүлдер қандай болады?»

Тәрбиеші: Балалар, сендер гүлдерді өте жақсы жасадыңдар, түстерді де ажырата біледі екенсіңдер. Мағжан, сен гүліңді кімге сыйлағың келеді?

Мағжан: Мен мамама сыйлағым келеді.

Мағжан өз достарына рахмет айтып, ризашылығын білдіреді.

Тәрбиеші: Енді туған күнімізді ән-бимен жалғастырайық.

Балалар шеңбер жасап тұрып «Туған күн» әнін айтады.

Тәрбиеші: Қонақтармен қоштасып, туған күнімізді ары қарай жалғастырайық.

Балалар: Сау болыңыздар, апайлар!

Балалар гүлдермен танысты

Ертегі құрастыра білді

Сергіту жаттығуларын жасады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет