Ұйым-
дастыру
іздену
|
Балалар , мен бүгін сендерге» Арыстан мен түлкі» ертегісін айтып берейін.
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.
Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
Балалар, ертегі ұнады ма? Олай болса, ертегі кеіпкерлері болып, осы ертекті сахналаймыз.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қараймыз
Орнымызды табамыз.
|
Балалар ертегіні тыңдады
Балалар ертегіні өз мәнінде айта білді.
Балалар сергіту жаттығуын орындады
|