Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Өтілетін күні: Білім беру саласы



бет24/34
Дата20.12.2021
өлшемі166,06 Kb.
#103812
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
ертегі қмж

Күтілетін нәтиже:
Білді: Ертегі құрастыруды, әңгімелеуді білді.
Игерді: ертегі мазмұндауды, ойларын толықжеткізе білуді, жаттығуларды жасауды игерді.
Меңгерді: бүгінгі жаңа тақырыпты меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Өтілетін күні:18.01.2017ж

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ертегілер елінде

Тақырыбы:«Қысқы баспана»

Мақсаты: Балалардың ой – қиялын, білімдерін жетілдіру.


Қызмет

кезендері



Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-

ояту


Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, самал жел!

Амансың ба, айдын көл!

Сендерге арнап ән саламын

Қуанышпен қарсы аламын.



Балалар шеңберге тұрып өлен жолдарын қайталады.

Ұйым-

дастыру


іздену

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)

Қазір бізде күздің соңғы айы. Аз уақыттан кейін қылышын сүйретіп қыс келеді. Қылышын сүйретіп келеді дейтін себебіміз, өзімен бірге қалың қарын, үскірік боранын, қақаған аязын ала келеді. Қыстан қысылмай шығу үшін біз көмір, ағаш отынымызды, тамағымызды дайындаймыз.

- Ал, мына аңдар да қысқа өзінше дайындалады екен. Күзде қысқы азықтарын әзірлеп, өздеріне жылы мекен дайындайды. Мысалы, аю қыста апанына жатып, қысқы ұйқыға кетеді. Ол қыс бойы ұйықтап жатады. Қасқыр үңгіріне, түлкі ініне, тиін ағаш дінінің қуысынан өзіне ұя жасап, ұясын жаңғаққа толтырады. Олар өздеріне азық іздеп, орманды, даланы кезіп жүреді. Қоян жауынан қорғану үшін тонын өзгертіп отырады.

- Ал құстардың көпшілігі күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір құстар ғана мекенінде қыстап қалады.

- Өздерің қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (Қарға, сауысқан, көгершін, торғай)

- Қыста құстарға жем табу қиын екен. Оларға біз жем шашар дайындап, жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек.


Енді баллар, «Қысқы баспана» тақырыбында ертегі немес әңгіме құрастырайық.
Сергіту сәті

. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Балалар ертегіні тыңдады

Әңгіме құрастыра білді

Сергіту жаттығуларын орындады



Рефлексивті

түзету


Жарайсыңдар ,балалар!

Балаларды марапаттау, бағалау.


Балалар жауап берді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет