Балалар бүгін «Мақтаншақ бұғы » ертегісін тыңдайсыңдар.
Ыссы күндердің бірінде Әсем мүйізді бұғы бұлақтан су ішіеді. Су бетінен өзінің дидиарын көріп, көңілі тасып:
Апырмай, мына мүйіз не деген әсем, өзі басыма да жақсы жарасады екен. Тұрпатсыз тұқыл мүйіз хайуандар қалай күндейді екен мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер бетінде тағы біреуде бар ма екен? – депті мақтанып. Кенеттен дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі. Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы да зыта жөнеледі, бірақ, біраз қашқан соң күипеген жерден мүйізі бұтаға ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері жұлқынып , босана алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа бас салып, алып ұрады. Аңшылар жетіп, бұғыны бауыздап жібереді. Сонымен теңдесіз сұлу мүйіздер бұғының қазасына себепкер болған екен.
Балалр, ертегі ұнады ма?
Кім бұл ертегіден нені түсінді?
Ертегіні айтып бере аламыз ба?
Сергіту сәті
. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
‒ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.
‒ Балалар, енді мына мақалды жаттап алайық.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
|