Баллар, мен бүгін сендерге «Ақымақ қасқыр» ертегісін айтып беремін. Ертегіні тыңдап болған соң ертегі кейіпкерлерінің обрызына кіріп, рольдерде ойнаймыз .Келістік пе балалар?
Онда ертегі тыңдайық.
Ерте, ерте, ертеде бір ақымақ қасқыр болыпты.
Қарны ашып, ауылды торып жүрген кезінде ол ешкіні кездестіріпті. Қуанғанынан ешкіні бас салып:
-Ешкі, ешкі, мен қазір сені жеп қоямын.-дейді.
Қоррықаннан ешкі, дірілдеп:
- Ме, -ме-ме. Жесең- жей ғой. Бірақ та мен сақа малмын,
етім қатты және арық. Сондықтан мен саған өзімнің
лағымды жіберейін. Ол мені тыңдайды. Жас ет тәтті де,
дәмді де әрі жұмсақ болады ғой. (лақтың суретін көрсетеді )
Ақымақ қасқыр:
-Мақұл, бара ғой. Тез жетсін деп айт.-деп ешкіні жіберіп қояды
да ауылға жақындап, жасырынып, бір ағаштың түбінде тосып отырады.
Сол кезде ешкі болған оқиғаны бақташыға жеткізеді:
-Ме-ме-ме.. (қожайыны мылтығын алып, маңайды көздеп қарайды- қасқыр табанын жалтыратады.)
Бірақ қызыл өңеш не істетпейді? Ауыл маңында жүрген қойды көріп:
-Бұлай аш жүргенше, өлгенім артық,- деп, батылданып, ауылға қарай жөнеледі.
-Қой, мен сені жеймін.
-Жарайды, жесең жей ғой. Етім дәмді болу үшін барлық дене мүшесіне қан жүгіртейін. Ажал алдында бой сергітіп, көңіл көтеріп, билеп берейін.
- Мә-мә-мә. Мақұл, болмадың ғой. Бәрібір қолымдасың ғой, ештен кеш жақсы, мен асқа дайындалайын. (қолына пышақ, шаңышқы алып, алдына алжапқыш таға бастайды)
(Сол кезде «Ламбада» музыкасы ойнап, қой билеп, алыстап,
қашып кетеді )
Айрылып қалғанына қасқыр ашуланып, өрісте оттап жүрген жылқының қасына келіп:
-Ендеше , жылқы, мен сені жеймін.
-Жейтін болсаң, құйрық жағынан баста, басым әлі оттап тұра тұрсың.- дейді.
Жылқының қылығын түсінбеген, ақымақ қасқыр оның тұяғына
тап болады. (ұлып, қашып ала жөнеледі)
(Ешкі, қой, жылқы қосылып)
Қоймыз, жылқы, ешкіміз
ағайынбыз бәріміз,
Біз қасқырдан құтылып
жарасып тұр әніміз.
Еркем, еркем, еркем-ай
еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсең екен-ай.
Көрермендер, балалар
қиындықтан қорықпаңдар
ойлап алып алдымен
шығу жолын табыңдар!
Еркем, еркем, еркем-ай
еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсең екен-ай.
Сергіту сәті
. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
|