Ұйым-
дастыру
іздену
|
Біздің елімізде көптеген құстар тіршілік етеді. Осы өзіміздің ауылымыздың аясында тіршілік ететін құстармен таныса отырып, олардың мекен ететін жері, қорек қылатын тамағы жайлы әңгімелесеміз. Құстардың өзі балалар, жабайы және үй құстары болып бөлінеді. Ал осы үй құстарына қандай құстар жатады:
Дастан: тауық, қаз, үйрек, әтеш, балапан, күрке тауық жатады. Олардың біз жұмыртқасын, етін жүнін пайдаланамыз.
Жүргізуші: Ал осы дала құстарына, яғни жабайы құстарға қандай құстар жатады:
Еркебұлан: жабайы құстарға қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан, көкек, тоқылдақ тағы басқа да далада мекен ететін құстар жатады. Қарлығаш адамға дос, ол ұясын адамдарға жақын жерге тамдарға салады. Тоқылдақ орман, тоғайда мекен етеді. Ол ағаштарды құрт - құмырсқадан тазалайды.
Жүргізуші: Құстарға көмек ретінде ұя жасауға болады. Олар туралы қазақ халқында көптеген мақал - мәтелдер бар. Құстың ішіндегі бірі қыран құс бүркітті аң аулауға баптаған бабаларымыз. Аққу сымбатты, сұлу құс. Оны сүйіспеншілік құсы, махаббат құсы деп атаған. Сол құстарға арналған мақал - мәтелдерге кезек берейік:
Дана: Аққу құссыз - көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім.
Ұлжан: Өлеңге енсе - сөз сұлу,
Аққу жүзсе - көл сұлу.
Кәусәр: Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып - өскен ел жақсы.
Оқушылар хормен: Құстар - біздің досымыз,
Шырқап әнге қосамыз.
Құстар - біздің досымыз,
Көктем сайын тосамыз.
Таңшолпан: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желкілдеп,
Көлге үйрек - қаз қонды.
Данияр: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауар да қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер.
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.
Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?( үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам.
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Ақ көгершін, көгершін,
Сергіту сәті
. Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
|
Балалар ертегіні тыңдады
Әңгіме құрастыра білді
Сергіту жаттығуларын орындады
|