Іздену ұйымдастырушы
|
Олардың бір біріне ұқсастығы мен айырмашылығын табу ұсынылады. Балалардан олардың әрқайсысының астына санды карточкаларды қойып шығуларын сұрайды. Балалармен бірге тура және кері қарай санайды. Цифрлы карточкаларды алып тастайды.
Екі аққаланы алып тастайды.
-Шелегі бар аққалаларды жоғары топтағы балалар жасады. Олар неше аққала жасапты? 2цифры жазылған карточканы қояды.
-Ал кіші топ балалары шелегі жоқ тағы екі аққала жасады. Олар барлығы неше аққала жасады?-деп сұрайды. Қолымен аққалаларды айналдырып көрсетеді. Балалардың жауабын тыңдайды (барлығы 5аққала)
-Балалар, біз аққаланы бірге жасадық, санадық, ол үшін « » таңбасын пайдаландық, бұл «қосу» дегенді білдіреді. Біз заттарды қосқан кезде олардың нешеу болғанын білеміз, арасына « » таңбасын қоямыз. Балалардан карточкалардың арасынан осы таңбаны тауып, мысал құрастыруды сұрайды. Мысалы, 2 3 неше? Егер 5саны шығатын болса, «=» таңбасы қажет. Осындай жазуларды оқуды үйренеміз: 2 3=5. Мұндай жазуларды әртүрлі етіп оқуға болатынын айтады. Содан кейін көктем келіп, қар еритінін тілге тиек етеді. Біздің аққалаларымыз да еріп кетеді.Ендеше олармен қоштасайық. Дәптерімізді ашып, басқа жыл мезгілімен танысайық.№1 тапсырманы қарайды. Үлкен 3 қанқыздың суреті салынған: қанаттарына 2және 3, 2 және 2,1 және 2 нүкте салынған. Суреттің төменгі жағында кішкентай текшелер берілген. Балалар нүктелерді санайды.
-Қоңыздардыңқанатында неше нүте бар? Оларды цифрлар мен таңбалар арқылы жазып шығуға болатынын түсіндіреді.
Бірінші торкөзге қоңыздың сол жақ қанатындағы нүкте санына сәйкес келетін санның жапсырмасын жапсырамыз.
Екіншісіне « » таңбасы жазылған. Оң жаққа оң жақ қанатындағы нүктесанына сәйкес келетін жапсырманы жапсырамыз. «==» таңбасынан кейін нәтижесі жазылады.
|
Балалар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
Жоғары топтағы балалар неше аққала жасағанын анықтайды. Төменгі топ неше аққала жасағанын айтады.
Барлық аққала саны нешеу болғанын табады.
« » таңбасын тауып, оны 3 2 нің ортасына қояды «=» таңбасын табады.
Мысал құрайды:
2 3=5
Аққалалармен қоштасады.
Балалар қоңыздың қанатындағы нүктелерді санайды.
Нүкте санына сәйкес санды тауып, жапсырады.
Нәтижесін жазады.
|