Рефлексивті коррекциялаушы
|
Балалардың сабақты түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай логикалық тапсырмалар беруге болады:
-Қызыл қарындаш жасылқарындаштан ұзындау, алжасылы көгілдір қарындаштан ұзын. Ең қысқасы қайсы қарындаш?
Қарындаштарды тиісті түске бояңдар.
Жасыл лента көгілдірден, ал көгілдір лента қызылға қарағанда ені тар. Лентаның қайсысы енді?
Ленталарды тиісті түспен бояңдар. Содан соң тәрбиеші сабақты қорытады.
-Заттарды ұзындығына қарай қалай өлшейміз? Көзбен өлшеу ыңғайлы ма? Әлде қателесіп кетеміз бе? Заттарды үнемі бір-біріне қойып салыстыру мүмкін бе?(жоқ). Егер олардың суреті қағазға салынған болса, бізоларды қолға алып, бір-біріне қою арқылы салыстыра алмаймыз.
Онда қандай әдісті пайдаланамыз?
Ненің ұзын екенін қалай білеміз?(өлшеу керек). Өлшеуішпен қалай өлшейміз? (өлшеуіштерді бірінің артына бірін қоямыз)
Санау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береміз.
Тәрбиеші балаларды мақтайды және үстел үстін реттеуді тапсырады.
|