Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тобы : Күні : Тәрбиеші : Білім саласы



бет54/93
Дата27.02.2022
өлшемі183 Kb.
#133560
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Байланысты:
ҚМТҚ ТЕХ КАРТА

Тобы :
Күні :
Тәрбиеші :
Білім саласы: «Таным»
Бөлім саласы: ҚМТҚ
Тақырыбы: Ұзындық. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығына қарай салыстыру.
Мақсаты:
a) ұзындық туралы түсініктерін қалыптастыру , заттардың ұзындығын бір-біріне салу арқылы жәнешартты өлшемнің көмегімен өлшеуді үйрету;
ә) балалардың кеңістік қиялы мен сөйлеу қабілетін, зейінін дамыту;
б) сұраққа толық, дұрыс жауап беруге үйрету;

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге қонаққа хайуанаттар бағынан аңдар келді» немесе «Оларды хайуанаттар бағына серуендеп қайтуға шақырайық»,-дейді.



Ойынға қосылады.

Іздену ұйымдастырушы

-Қай жануарға қандай тор қажет? Неге?
-Неліктен торларға жақындауға болмайды? Қараңдаршы, балалар сендер жақындамау үшін бақ қызметкерлері ашық түсті ленталар дайындап қойыпты. Лентаның қайсысы ұзын?
-Көзбен шамалап біле аласыңдар ма?
-Онда қайсысы ұзын екенін қалай білеміз?
Тәрбиеші ленталарды бір-біріне қойып салыстырады және балалардан олардың қайсысы ұзын екенін анықтауды сұрайды.
-Қараңдаршы, балалар, маймылдар мынадай фигуралар жасапты. Олар қандай фигураларға ұқсайды? (шаршылар, тіктөртбұрыштар). Келесі фигура қандай?
-Таяқшалардан осы фигураларды құрастырыңдар. Қайсысы ұзынырақ?Оны қалай таптыңдар?
Содан соң жануарлардың құйрықтарды бір-біріне қойып салыстыра аламыз ба? Онда не істейміз? Балаларға өлшеу үшін таяқшалар береді.
-Құйрықтарды қалай өлшеуге болады, ойланып көрелік.
Балаларға өлшеу тәртібін белгілеп алуды ұсынады: өлшегіш таяқшаны бірінен соң бірін қою керек, арасында ашық жер қалдыруға болмайды. Содан кейін біз оларды санаймыз.
Тәрбиеші балаларға көмектеседі.
Сонымен, жолбарыстың құйрығы 5таяқша, маймылдың құйрығы 3 таяқша, түлкінің 2таяқша, ал тиіндікі 1таяқша болды. Қайсысы ұзын? Қайсысы қысқа?
Сергіту минуты.
Содан соң №2тапсырманы береді. Оны орындау үшін өлшегіш құрал қажет. Тәрбиеші балаларға 1,5 сантиметрлік өлшейік жолақ береді.



Балалар хайуанаттар бағына барғаннда қандай қауіпсіздік ережелерін керектігін айтады.
Балалар қайсысы ұзын екенін айта алғаннан кейін, оны қалай өлшеудің жолдарын іздей бастайды.

Таяқшалардан көрсетілген фигураны құрастырады. Олардың ұзындығын анықтау үшін, ұзындығына орналасқан таяқшаларды санайды.


Жануарлардың құйрықтарын өлшеу үшін таяқшаларды, шартты өлшеуіштерді пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет