Іздену ұйымдастырушы
|
№1 тапсырма. Топтар бойынша хормен тура және кері санайды. Бір санды аттап санайды.
№2 тапсырма.
-Тақтадағы фишкаларға қараңдар.
-Олардың ұқсастығы қандай?
-айырмашылығы қандай?
-Соңғы фишканы толықтыр.
№3 тапсырма.
-Неше фигура? Бұлар қандай фигуралар? Оларды атаңдар.
№4 тапсырма.
-Есептер құрастырып, мысалдар жазыңдар.
№5 тапсырма.
-Ұзындығы бойынша салыстырыңдар.
№6тапсырма.
Түсі, пішіні, өлшемі бойынша қораптарға салу, яғни түймелерді салу керек қорапқа қарай сызық жүргізу.
№ 7тапсырма. Балалардың таразы туралы түсініктері тексеріледі.
Егер топтағы балалар тапсырманы тез орындайтын болса, 1 немесе 2-кестемен жұмысты ұсынуға болады. Бағдарламалық материалдар бойынша басқа да тапсырмалар енгізуге болады, ау атауларын, т.б қайталауға болады.
Жарыс кезінде дәптерде берілген тапсырмаларды да пайдалануға болады.
|
Топтар бойынша тура және кері, бір саннан аттап дауыстап санайды.
Шаршыларды санайды, ол бойынша мысалдар құрастырады. Тапсырманы дәптерге орындайды.
|