Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Тобы: 3 Күні: Білім беру саласы: Таным. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі



Дата07.10.2019
өлшемі18,19 Kb.
#49316
Байланысты:
1 саны және цифры

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы: 3

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 1 саны және цифры



Мақсаты:

а) 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуға үйрету; заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру;

ә) балалардың сөйлеу қабілетін мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту;

б) тиянақтылыққа тәрбиелеу.




Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалардың өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады.Жұмысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

  • Олар қандай фигуралардан құралған?

  • Бұл заттар қалай аталады?Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?

Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсайтынын айтады.

Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәрбиеші топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады.

-Картиналарда ненің суреті салынған?

-Автобус нешеу?Трактор нешеу екен?

Картинада неше жүк көлігі бар?

-Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл-көлік.)

-Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер? (мотоцикл, велосипед және т.б.)

-Мұнда неше автобус бар? (біреу) Трактор нешеу? (біреу) және т.б.

Бүгін біз 1 санымен және цифрымен танысамыз. 1 туралы өлең оқып береді. 1 – дің бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын не?

Ол-кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

Дәптерлеріңді ашындар.1-тапсырмада ненің суреті салынған?Жүк көлігі нешеу? Ол қандай цифрымен белгіленген?Санға қараңдар. Ол туралы тақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралы балалар білетін 1-2 тақпақты айтады).

-Дәптердегі жаңа шартты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар.Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрының бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе –ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз?

Саусағымызды жаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2 –тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны қалаған түспен бояймыз.


Оларға көлік деген жалпы атау береді.Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды.1 цифрымен танысады.

Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын төмен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындашпен сызады.

Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды.


Рефлексиялық- түзетушілік

Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды.Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.

-Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұрақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсі қандай?»

Әр баланы мадақтайды және үстелдерінің үстін реттеулерін сұрайды.


Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады». Бір-бірден тұрған фигураларды табады. 3- тапсырманы орындайды.

Сабақты қорытады және жұмыс орнын реттейді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1 саны мен цифрын;

Игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды;

Меңгереді: бір – бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет