Сабақта нөл санының мәні заттың жоқтығын көрсететін (бос жиынның элементтер саны) ойын арқылы түсіндіріледі. Сандық сәуледегі 0 санының орны айтылады, 0 саны 1-дің алдында тұратыны көрсетіледі. Сонымен қатар 0 цифрын жазу дағдысын бекіту қажет. Оқушыларға сан туралы қызықты мәліметтер беруге болады. “Нөл” сөзі латын тілінде “ештеңе жоқ” деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде “нөл” “сифр” деп айтылады (дереккөз: Депман И. Я. История арифметики. Пособие для учителей. — М., Учпедгиз: 1959).
0 саны қазақ тілінде “нөл” деп, ал орыс тілінде “ноль” немесе “нуль” деп айтылады. Терминологиялық мағынада көбінесе екінші түрі қолданылады (дереккөз: Розенталь Д. Э., Джанджакова Е. В., Кабанова Н. П. Справочник по правописанию, произношению, литературному редактированию. — М.: Черо, 1999). Сабақтың басында сандық сәуледегі 1-ден 9-ға дейінгі сандардың санау барысындағы реті, таспада орналасуы, ең үлкен және ең кіші сандар, сан мен цифрдің мағынасы тақырыптары бойынша қайталау жұмысын өткізген абзал.
Балық аулауға көмектес. Оқушылар бұл тап-сырмада суқоймасындағы балықтарды қайықтағы шелектермен қосу керек. Барлық балықтардың іші-нен жауабы 0 шығатын мысалдар жазылғанын ғана таңдап алу керек.
Жауабы:
мына мысалдар жазылған балықтар: 5 – 5; 0 – 0; 0 + 0; 9 – 9.
|
Кіріспе тапсырма. 0 санының мағынасын тү-сіну үшін оқушыларға “Құпиялы қап” ойынын ұсы-ныңыз. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызы-ңыз. Қапқа 5 ойыншықты салыңыз. Қаптың аузын байлаңыз да, сыртын қолмен ұстау арқылы ішінде неше ойыншық бар екенін айтқызыңыз. Енді қаптың аузын ашыңыз да, оқушыларға бір-бірден алғызыңыз. Ойыншықты алған сайын нәтижесін сандық сәуледе көрсетіп отырыңыз. (Сыныпта тар-тылған жіпке қыстырғыштардың көмегімен 5, 4, 3, 2, 1 сандары жазылған парақшаларды бір-бірінен арақашықтығын бірдей етіп бекітіп отырыңыз.) Қаптың іші босағанша солай жасаңыз. Бос қапты оқушыларға көрсетіңіз. Оқушылардың көңілін қап-тың іші алдымен ойыншықтарға толы болғанын, бірте-бірте ойыншықтар азайып, бос қалғанына аударыңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: “Қазір қапта неше ойыншық бар? (Қапта ойыншық жоқ, ол бос.) Сендер қалай ойлайсыңдар, егер “ештеңе жоқ” дегенді білдіретін сан болса, ол сандық сәуленің қай жерінде орналасатын еді?” Оқушыларға осы санға ат тапқызып, оны жазғызыңыз. Оқушылар өз нұсқала-рын айтсын, мүмкін олардың арасында 0 санын білетіні оқушы бар шығар. Егер қапта ойыншық жоқ болса, онда “Қапта нөл ойыншық”, ал 0 саны заттың жоқ екенін білдіреді деген қорытынды жасаңыз. 0 санының жазылуын көрсетіңіз. 0 саны жазылған парақшаны сандық сәуленің бас жағына, яғни 1-дің алдына қыстырып қойыңыз. Бұл оқушылардың 0 са-нының заттың жоқ екенін білдіретініне көздерін жеткізеді. Пәндік-практикалық деңгейде 0 санының қасиетін түсінуге жетелеңіз.
Үрленген шарлар. Оқушылардан суретке қарап, шарларға не болғанын айтуын сұраңыз. “Балада алғашында неше шар болғанын сұраңыз (3 шар болды), екінші суретте оларға не болды, неше шар қалды (1 шар қалды), соңында неше шар қалды (ештеңе қалған жоқ, 0 шар)” деп сұраңыз.
Жауабы:
нөл шар қалды.
Сандарды өсу және кему ретімен ор-наластыр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқу-
шыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оқушылар сан-дарды тура және кері ретпен орналастыру керек. Оқушылар сандарды 0 санымен салыстырады. Олар өз бетінше тапсырманы орындап, жауаптарын айтады. Егер тапсырма қиындық тудырса, сандық сәулені қолдануды ұсыныңыз.
Жауабы:
тура ретпен: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. кері ретпен: 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
Мысалдардың жауаптары неге осылай болды? Түсіндір. Тапсырма 0 санын қосу және
азайтуды қайталауды қарастырады. Оқушылар 0 санының қасиеті туралы қорытынды жасайды.
Шығарып көр. Берілген тапсырма қосу және азайту кезіндегі нөлдің қасиеті туралы білімді бекітуге мүмкіндік береді. Оны топпен орындауға ұсыныңыз. Тексеруді жалпы түрде орындатыңыз.
Сен білесің бе? Оқушыларға 0 саны туралы қызықты мәлімет айтыңыз. “Сифр” деген араб сөзінің қандай сөзбен дыбыстас екенін сұраңыз.
|