Игереді: Үйдің көп қабатты, бір қабатты, «биік», «аласа» деген ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды.
Меңгереді: Ұзын, қысқа сызықтар арқылы үйдің суретін сәйкестендіре кеңістікке орналастырып салуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Қуыршақтың шарфы
Мақсаты: Балалалардың шарф туралы түсініктерін қалыптастыру. Шарфтың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, қуыршақ киімдері.
Қажетті құрал- жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, қағаздар.
Сөздік жұмыс: шарф, баскиім
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Кішкене әдемі сандықшаны алып, балаларды оның ішіндегі қуыршақ Айсананың киімдерімен таныстырады. Киімдер жыл мезгіліне байланысты әртүрлі болатынын түсіндіреді. Қыста киетін баскиім, шарф көрсетеді.
Сөздік жұмыс жүргізеді.
Шеңбер құрап тұрып, бір- біріне күлімсірей қарап, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Сандықшадағы қуыршақ киімдерінің қай мезгілде киілетінін айтады.
«шарф», «баскиім» сөздерін жаңғырық әдісімен айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел есті,
Кіп- кішкентай балалар
Үлкен болып өседі.
Педагог балаларға қуыршақ Айсанаға далаға шығу үшін шарфты дайындап беруді ұсынады. Суреттің дайын үлгісіне назарларын аударып, шарфты дайындап беруді ұсынады. Суреттің дайын үлгісіне назарларын аударып, шарфтың әр түсті жолақтардан тұрататынын айтады. Жолақтардың түсін атайды. Содан соң үлестірмелі материалдың сурет салатын беті таратылып беріледі. Алдымен қағазда берілген тік төртбұрышты үзік сызықтарды бастырып сызады. Педагог тік төртбұрыштың ішіне түрлі түсті қарындаштармен түзу сызықтар (жолақтар) жүргізу тәсілін көрсетеді. Жолақтарды сызғаннан кейін ішін түрлі түсті қарындашпен бояйды.
Тегіс бояуларына назар аудару керек. Шарфты әдемілеп салуды және ұқыптылық ережелерін сақтауды үйрету қажет.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Сурет дәптеріндегі солдан оңға қарай түзу үзік сызықтарды қосып сызады.
Тік төртбұрыш ішіне әр түсті қарындаштармен параллель сызықтар жүргізеді.
Жолақтардың ішін үлгіде берілген сурет қарай отырып, түрлі түсті қарындашпен бояйды.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалар, сендер салған шарфтарың қуыршақ Айсанаға ұнады. Кім қандай түсті пайдаланды?
Педагог балалар салған әр суретке көңіл бөліп, мадақтайды.
«Қуыршақты киіндір» дидактикалық ойынын ойнатады.
Балалар не салғандарын, қандай түспен бояғандарын айтады.
Қуыршақты киіндіреді және қандай киім кигізгендерін атайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қуыршақ киімдерінің атауларын.
Игереді: шарф салуды.
Меңгереді: бояу қарындашпен біркелкі бояуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар (мұнара, машина).
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Ойыншық бұрышын ретке келтіру, тазалыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық суреттер, ойыншық түрлері.
Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, бояу қарындаштары.
Сөздік жұмыс: жаңа ойыншықтардың атаулары.
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог балаларды ойын бұрышына отырғызып,
Е. Өтетілеуовтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып береді. Әр бала өзі жақсы көретін ойыншықтарын алып, оны сипаттап айтады, педагог олардан қандай өлең, тақпақ немесе жұмбақ білетінін сұрайды.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Балалар өлең шумақтарын тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Өздерінің сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелейді.
Жаңа ойыншықтар атауларын қайталап айтады.
Ұйымдастырушы
лық- ізденістік
Педагог алдымен демонстрациялық материалда берілген ойыншық атауларымен таныстырады, олар туралы не білетіндіктерін анықтайды. Олардың түріне, түсіне, пішініне талдау жасайды, мұнара мен машина штрипен берілген үлестірмелі материалдарды таратып береді. Балалар аталған ойыншықтардың өздері қалаған біреуінің суретін бояйды. Мұнараны таңдаған бала бояу түстерін ауыстыра отырып, оны түрлі түсті қарындашпен бояйды, машинаны таңдаған бала оны сызықтың сыртына шығармай әдемілеп бояйды.
Балалар суретте бейнеленген ойыншықтардың атын атайды. Мұнараның неше сақинадан тұратынын санайды. Олардың түсін айтады. Сақиналардың біртіндеп кішірейе беретініне назарларын аударады. Ал машинаның неге дөңгелегі, неше терезесі бар екенін санайды. Олардың түсін атайды. Суретті салуда түрлі түсті қарындашты дұрыс пайдалана білу, бояу түсін таңдау дағдысы қадағаланады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Педагог дайын болған жұмыстарға талдау жасата отырып, балалардан өздерінің сүйікті ойыншықтарын қалай салғаны жайлы сұрайды. «Ғажайып дорба» ойынын ойнатып, қорытындылайды.
Балалар өздері қандай сурет салғандарын айтады. Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ойыншықтар не үшін қажет екендігін.
Игереді: ойыншықтар туралы түсініктерін тереңдетеді.
Меңгереді: сүйікті ойыншықтарының суретін салуды, түрлі түсті қарындашпен тегіс бояуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана»қазақ тобы Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Үлкен, кіші аққала.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту. Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір- бірімен қосу арқылы салуды үйрету.
Қолданылатын көрнекті құралдар: демонстрациялық материадар.
Қажжеті құрал- жабдықтар: бояулар, қарындаштар, қылқалам, су, сүрткіш.
Сөдік жұмыс: Аққала .
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог қыс мезігіліндегі ауа райына тоқталады. Балалармен «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгіме жүргізеді. Әр баланың қыс кезінде ерекше жақсы көріп ойнайтын ойын, ермектерін сұрап, қыста балаларға ненің қатты ұнайтынын анықтайды.
Аққала туралы жұмбақ жасырады.
Мені ешкім өсірген жоқ,
Мені қардан жасаған.
Мұрным сәбіз, ернім ағаш,
Аппақ қармын, мәссаған!
Үп- үлкенмін, сұп- суықпын,
Ал, атымды айтады кім?
Жұмбақтың шешуін тапқан соң педагог балаларға бөлмеде тығылып тұрған ойыншық аққаланы табуды ұсынды.
Аққаланы неден жасайтындығын және аққала туралы өз ойларын айтқызады.
Балалар ойланып, жұмбақтың шешуін табады. (аққала).
Топтаы тығылып тұрған аққала ойыншығын көздерімен іздеп табады. Аққаланы өздері қалай жасағандары туралы айтады.
«Аққала» сөзін бір- біріне сыбырлап айтады.
Ұйымдастырушы
лық- ізденістік
Педагог балаларға Аққаланың суретін салу жолдарын түсіндіріп көрсетеді. Дайын суреттің үлгісі берілген дәптерді таратады. Алдын ала дайындалып, езілген көгілдір бояуға қылқаламның ұшын ақырын жартылай батырып, дөңгелектің ішін сызықтан шығармай бояуды тапсырады.
Аққаланың мұрнын қызғылт сары түспен, көздерін қара түспен бояу тәсілін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Ауыл алды аққала,
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала
Жалқауы жоқ жұмысқа.
Балаларға сурет дәптерлерін алдарына қойып, құрал- жабдықтарын ыңғайлап алады.
Қылқаламды бояуға батырып, шеңбердің шетіне шығармай Аққаланың бөліктерін бояйды. Әр түсті ауыстырған сайын қылқаламды тазалап жуып, сүртіп отырады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалар жұмысты аяқтаған соң педагог әрқайсының суретіне наза аударып, қыс қызығы жайлы айтып, әдемі салынған суреттерді ерекше атап өтеді.
Балалар өздерінің салған суреттеріне баға береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қыста болатын өзгерістер жайлы.
Игерелі: аққаланы үлкен- кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.
Меңгереді: қылқаламмен дайын дөңгелектердң ішін сызықтан шығармай болуы.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Балапандар
Мақсаты: Балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, Сөздік қорларын кеңейту, қылқаламды пайдаланып, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, балапандар.
Қажетті құрал- жабдықтар: қылқалам, сурет дәптері, бояулар, сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: балапандар, көк шалғында.
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог балаларға көк шалғында жүрген балапандар иллюстрациялық суреттерін көрсете отырып, сурет мазмұнын сұрап, әңгімелетеді.
Педагог балалармен бірге «Балапандар» әнін айтады. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Балалар суретке қарап әңгімелейді.
Бәрі бірге ән айтады. «Балапандар», «көк шалғында» сөздерін бірнеше рет қайталап айтады.
Ұйымдастырушы
лық- ізденістік
Педагог балапандардың көк шалғында құрттарды теріп жегені, қоңыздардың артынан қуып жүргендері туралы әңгімелейді.
Балаларға дайын сурет салынған дәптерді таратады. Балапандардың суретін үзік сызықтарды қылқаламның ұшымен қосу арқылы салуды ұсынады. Қылқаламды бояуға батырып, ұшымен дөңгелек сызу арқылы балапанның бейнесін салады. Тұмсықтарын үшбұрыштап сызады, аяқтарын түзу сызықтар салады. Сары түсті бояумен сызықтың сыртына шығармай бояйды.
Сергіту сәті:
Табиғатты тамаша,
Көз тоймайды қарасы,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Алдарындағы сурет дәптерінде берілген дайын суреттегі үзік сызықтарды қылқаламды бояуға батырып, ұшымен жүргізіп қосады. Сары түспен дөңгелектердің сыртына шығармай бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалардың қалай сурет салғандарын, тапсырманы қалай орындағандарын ерекше атап өтеді, мадақтайды.
Балалар өздерінің еңбектеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстарының, олардың балапандарының атауларын атай білуді.
Игереді: үй құстарының, балапандарының қалай қоректенетінін, олардың пайдасын.
Меңгереді: бояуды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Балапандар көк шалғында
Мақсаты: Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту , қылқаламды пайдаланып, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, балапандар.
Қажетті құрал- жабдықтар: қылқалам, сурет дәптері, бояулар, сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: балапандар, көк шалғында.
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог балаларға көк шалғында жүрген балапандар иллюстрациялық суреттерін көрсете отырып, сурет мазмұнын сұрап, әңгімелетеді.
Педагог балалармен бірге «Балапандар» әнін айтады. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Балалар суретке қарап әңгімелейді.
Бәрі бірге ән айтады. «Балапандар», «көк шалғында» сөздерін бірнеше рет қайталап айтады.
Ұйымдастырушы
лық- ізденістік
Педагог балапандардың көк шалғында құрттарды теріп жегені, қоңыздардың артынан қуып жүргендері туралы әңгімелейді.
Балаларға дайын сурет салынған дәптерді таратады. Көк шалғындағы балапандар суретін үзік сызықтарды қылқаламның ұшымен қосу арқылы салуды ұсынады. Қылқаламды бояуға батырып, ұшымен дөңгелек сызу арқылы балапанның бейнесін салады. Тұмсықтарын үшбұрыштап сызады, аяқтарын түзу сызықтар салады. Сары түсті бояумен сызықтың сыртына шығармай бояйды.
Сергіту сәті:
Табиғатты тамаша,
Көз тоймайды қарасы,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Алдарындағы сурет дәптерінде берілген дайын суреттегі үзік сызықтарды қылқаламды бояуға батырып, ұшымен жүргізіп қосады. Сары түспен дөңгелектердің сыртына шығармай бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалардың қалай сурет салғандарын, тапсырманы қалай орындағандарын ерекше атап өтеді, мадақтайды.
Балалар өздерінің еңбектеріне қарап өз ойларын айтуға талпынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстарының, олардың балапандарының атауларын атай білуді.
Игереді: үй құстарының, балапандарының қалай қоректенетінін, олардың пайдасын.
Меңгереді: бояуды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Балықтар жүзеді.
Мақсаты: Езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету.Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Балалардың бояумен жұмыс істеуге деген қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту.
Көрнекіліктер: Демонстрациялық материалдар.
Құрал-жабдықтар: Әр балаға түрлі түсті майлы қарындаштың көмегімен салынған балық бейнесі бар парақтар,көгілдір бояу,қылқалам,қол сүрткіштер,су.
Сөздік жұмыс:Аквариум.
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
шығармашылық
Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне салынған балықтың суретін көрсетеді.
-Мынау-аквариум,мұнда балықтар өмір сүреді.
Балаларға келесі жұмбақтың шешуін табуды ұсынады:
Қызыл түсті,
Мөлдір сулы.
Сары түсті,
Тасты,құмды.
Жасыл түсті балықтар,
Әйнек үйде қалықтар.
Ол не,балалар?
Өлең сөзінің мағынасын түсіндіріп,тәрбиеші өзі шешуін айтады.
Балалар назарын суретке аударады.
-Ол аквариум.
Ұйымдастыру-ізденістік
-Сендер балықты қайдан көрдіңдер?
-Балалар, бізде көптеген аквариумдар бар,сендер өздеріңе ұнаған аквариумды таңдап алып,оған судың суретін салыңдар.Ұнаған бояуларыңмен қағаз бетін түгелімен бояйсыңдар.Тәрбиеші аквариумды бояудың жолдарын көрсетеді.
Қылқаламды темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұстан үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керектігін түсіндіреді.
Қиналған балалардың қолдарынан ұстап бояуға көмектеседі.
Аквариумды бояу барысында балалардың балықтарға бояуды тигізбей,ұқыпты бояуы қадағаланады.
Майлы қарындашпен салынған балықтар сол қалпында қалады.
Сергіту сәті:
Өзенге біз барайық,
Балық аулап алайық.
Ұстап алған балықты,
Аквариумға салайық. (Ф.Н.)
-Балалар,сендердің аквариумдарың өте әдемі болып,керемет жақсы шықты.Кімге сыйлағыларың келеді?
Балалар ойланады.
Көрген балықтары жайлы әңгімелейді.
Суды бейнелейтін бояу түрлерін балалар өздері таңдайды.
Балалар қылқаламды үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстап,аквариумдарын көлденеңінен жағып бояйды.Жақсы көңіл күймен жасайды.
Өлең жолдарымен сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар өздерінің достарына сыйлыққа береді.
Рефлексиялық -түзетушілік
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талқылап,аквариумдағы балықтардың көңілдері көтерілгенін айтады.
Балалар өз жұмыстарын тамашалайды.
Білуі тиіс: балықтардың үй жағдайында аквариумда өмір сүретінін.
Болуы қажет: түрлі түсті майлы қарындаштар,қылқалам,сүрткіштер.
Жасай алады: түрлі түсті бояу арқылы суды көлденең бояп салуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Ағамның бөрігі
Мақсаты: Бөрік туралы түсініктерін жетілдіру. Бөрікті ұлттық ою өрнектермен әшекейлеуді үйрету арқылы, эстетикалық талғамын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, қылқалам,
Сөздік жұмыс: бөрік, тақия
Іс- әрекет кезеңдері
Педагогтың іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық- қызғаушылық
Педагог алдын ала жасалаған көрмеге саяхатқа баруды ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырады (тақия, бөрік)
Балалар ұлттық бас киімдер атауын атайды.
Ұйымдастыру
шылық- ізденістік
Педагог қазақтың ұлттық бас киімдерінің түрлері бұрынан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді.
Бөрікті қандай ою өрнектермен әшекейлеуге болатынын атап өтеді.Қылқаламды тік бағытта ұстап, сүйкей жағу әдісмен оңнан солға қарай оюды бояймыз.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Ою- өрнек сызайық.
Ою- өрнек әлемі.
Қылқаламды алайық,
Сәнді өрнек салайық.
Қылқаламмен дөңгелек бөріктегі оюларды бояйды.
Рефлексиялық- түзетушілік
Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.
Педагог балалармен бірге таныс алу жаттығуларын жасайды.
Балалар өздері жасаған жұмысты талдап, ұнаған суреттерін айтады. Тыныс алу жаттығуларын екі- үш рет қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қазақтың ұлттық ою- өрнектерін.
Игереді: ою- өрнек элементтерін.
Меңгереді: қылқаламмен ирек сызықты түсіруді, біркелкі бояуды.