Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Вариативтік компонент Өнер көзі халықта Тақырыбы



бет1/6
Дата04.07.2018
өлшемі121,43 Kb.
#46465
  1   2   3   4   5   6
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Сурет салуды үйренеміз

Мақсаты: Сурет салу дағдыларын қалыптастру және іс-әрекетке қызығушылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу (әсерлеу) құралдарымен таныстырыру (қарапайым тура сызықты немесе дөңгелек тәрізді пішіндер мен заттардың негізгі белгілерін бере отырып бейнелеуге үйрету), түсті сезіну қабілетін, әр түрлі түстерді ажырату негізгі түстерді атай білу қабілетін дамыту. Іскерлік дағдыларын дамыту жетілдіру.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті бор, қарындаштар, бояулар, кылқалам, су сүрткіш, дидактикалық ойынға қажетті түрлі жолақ кағаздар.

Сөздік жұмысы: бояу түстері: бозғылт, сұрғылт.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар жартылай шеңбер жасай отырғызылады. Жұмыс әңгімелесуден басталады. Сөз ішінде өз бейнесін тапқан көркем образ өзіне тән көрнекілікке ие болады. Онда белгілі бір құбылысқа немесе затқа тән типтік бейне жатады да, оны басқадан ерекшелеп көрсетеді. Оны мәнерлеп оқу шығармашылық көңіл күйдің жасалуына, ойдың, қиялдың белсеңді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Осы мақсатпен көркем сөз оқылады:

Түрлі- түстер.

Қызыл, жасыл көк,

Түрлі-түстер көп,

Аппақ түсім — сүт,

Бозғылт түсім — бұлт,

Жасыл бояу шөп

Сары бояу шырын

Қара түсім – қас

Сұрғылт түсім – тас

Көкшіл бояу — су

Е. Өтетілеуов


Балалар шеңбер жасап отырады. Балалар әңгімелеседі. Көркем сөзді тыңдайды. Бірге қайталап, жаттап алады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Түстер жайындағы балалардың ұғымын анықтап, тақтада сурет салып көрсетеді. Көрнекі тәсілмен тәрбиешінің нұсқауы қатар жүреді. Жасыл бояумен тағы ненің суретін салуға болатынын сұрайды. Балалардьң өздерін тақтаға шақырып сурет салып көрсетулерін ұсынады. Қағазға сурет салып көрсетеді. Сурет салу барысында заттың пішініне байланысты түзу сызықтар, дөңгелек сызықтар арқылы бейнеленетіндігіне назар аударады. Ойын жаттығулар: түзу жол, шумақ жіп, бағаналар, қоршау шарбақ, т.б. балалардың барлығын қамти отырып қолдың қимыл-қозғалысын дамытуға көңіл бөледі. Сабақ (соңында дидактикалық ойынмен жалғасады.

Қарындашпен немесе қылқаламмен салуды бала өз қалауы бойынша таңдайды.

Балалар өз қалауы бойынша сурет салады.


Бұл қандай түс?

ойынын ойнайды.


Рефлексиялық – түзетушілік

Балалардың ойындағы әрекет барысында жұмыс нәтижесі тексеріліп талдау жасалады.





Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: Сурет салудың техникасын үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: Бейнелеу өнерінің мәнерлеу (әсерлеу) құралдарын игереді (қарапайым тура сызықты немесе дөңгелек тәрізді пішіндер мен заттардың негізгі белгілерін бере отырып бейнелеуге үйрету).

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әр түрлі түстерді ажырату негізгі түстерді атай білуге үйренеді, сурет салу дағдыларын қалыптастырды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Әжем жіп шумақтады

Мақсаты: Сурет салу барысында ырғақ, пішін, түрлі-түстерді сезінуін бірте-бірте дамыту. Қол қимыл қозғалысын жаттықтыру. Қарапайым заттарды бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Қарындашпен жұмыс істеу іскерліктеріне машықтандыру.

Көрнекіліктер: Әженің жіп иіріп отырған суреті. Түрлі-түсті кесте жіптер. Түрлі бояу қарындаштар, ақ қағаз.

Сөздік жұмысы: Жіп, ине, шумақтады.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация

лық-қозғаушылық

Әженің жіп иіріп отырған немесе сырмақ тігіп отырған суретін көрсетіп әңгімелеу арқылы балалардың ой-қиялын дамыту жіптердің түстерін сұрай отырып, түстер жайындағы ұғымдарын нақтылау.

Балалар сурет бойынша әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді. Жіптің түстерін айтады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Тәрбиеші жіпті көлденеңінен және тігінен ұстап көрсетеді. Бормен тақтаға салады. Ақ қағаздың екі шетіне тігінен сызып жіптер салады. Ал, егер (шумақталған) оралған жіп болса бір нүктеден бастап айналдырып салу тәсілін керсетіп, ауада салып көреді. Жұмыс барысында сызықты батыл, үзіліссіз сызулары қадағаланады. Қолдың қимыл-қозғалыстарының қай бағытта жүргізуге икемділіктері бақыланады. Сурет салуды аяқтаған кезде түрлі-түсті жіптерді тақтаға іліп қойып "Қандай түсті жіп орнында жоқ" дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Балалар жіптің қалай орналасқанын, кандай түспен салатындарын қалауы бойынша таңдайды. Екі шетіндегі жіптің ортасына шумақталған жіптің суретін сызып салады. Қандай түсті жіп ойының ойнайды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Сабақ соңында балалар іс-әрекетіне талдау жасалып қорытындыланады.





Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: сурет салу барысында ырғақ, пішін, түрлі-түстерді сезінуін бірте-бірте дамытады.

Қандай түсініктерді игерді: Жіптің түстерін ажырата біледі, суретін салуды игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қарапайым заттарды бейнелеу дағдыларын қалыптастырады, қарындашпен жұмыс істеу іскерліктеріне машықтанады.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Теледидардан не көрдік.

Сабақтың мақсаты: сурет салу барысында тік бұрышты бейнелі заттарды салуға үйрету. Көріп қабылдау арқылы есте сақтауын дамыту. Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Көргендерін әңгімелей отырып іс-әрекетте бере білуге баулу.

Көрнекіліктер: теледидар бейнесі бейнеленген үлгі қондырғы, ақ түсті қағаз, көгілдір түсті қағаздан экран қиылған, түрлі-түсті бояу, қылқалам, су, сүрткіш.

Сөздік жұмысы: теледидар, тіктөртбұрыштар, дөңгелек, үшбұрыш.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға үйлерінде сенбі, жексенбіде теледидардан не көргендері жайында әңгімелетеді.

Үстел үстінде тұрған ойыншық теледидарға назар аударып, "теледидарды қосамын қазір не көрсетер екен" - деп көгілдір түсті экранға қойылған қағазды жылжытып алып қояды.



Балалар көрсеткен суреттер мен бейнелерді әңгімелеп береді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Оның астында ертегі мазмұны бойынша салынған сурет. Балалар бірден қандай ертегі екенін айтуы мүмкін. Екіншісін ауыстырып ол көргендері жайында балалар ойларын сұрайды. Мұндағы заттардың пішіндерін (дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты т.б.) атайды. Үшінші рет ауыстырғанда үйдің қабырғалары төртбұрышты шатыры үш бұрышты, терезелері төртбұрышты екенін талдап осы үйді балаларға салуды ұсынады.. Мұнда басты көңіл бөлетін міндеттердің бірі балалардьщ сөздік қорын молайту, көргендерін байланыстырып жеткізе білуге және іс-әрекетте бейнелеу.

Балалардың алдындағы қағаз бетіне экран бейнесі қиылып жапсырылады немесе сызып салынады. Биік төртбұрышты салудағы қолдың қимыл қозғалысы көрсетіледі. Бұрыштарына келгенде кідіріс жасап бағытты өзгерту. Бір-екі баланы тақтаға шығарып сурет салып көрсетулерін сұрайды. Балалардың іскерлік дағдыларды меңгеруіне байланысты үйдің орнына кітапты, терезе, т.б. тәрбиешінің қалауы, балалардың келісімі бойынша басқа тақырыптарды алуға болады. Осы тәсілмен деңгелек, үшбұрышш пішіндерді салуды тиянақтау жұмыстары ұйымдастырылады

Рефлексивті – түзетушілік

Сабақ соңынан балалардың жұмыстарын талдауда кеңістікте орналасуы, бояуды пайдалануы, төртбұрышты пішіннің дұрыс салынуының жетістіктері аталады. Сәтсіз шыққан жұмыстарды келесіде дұрыс салынуына бағыт беріледі.

Балалар өздері не жасағандарын, түстерін, пішіндерін сипаттап айтады.


Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: сурет салу барысында тік бұрышты бейнелі заттарды сала білуге үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: көргендерін әңгімелей отырып іс-әрекетте бере білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көріп қабылдау арқылы есте сақтауын дамытады, бояумен ұқыпты жұмыс істеу іскерліктеріне машықтандырады.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Қылқалам таныстыру.

Мақсаты: Қылқаламмен таныстыру, бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Бейнелеу өнеріне бейімдеу арқылы еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үстел үстінде орман, ормандағы үй және себетке салынган гуашь бояулар қойылады. Ақ лақ ойыншығы. Қылқалам, су, ақ қағаздар.

Сөздік жұмыс: гуашь, себет, қылдан жасалған, шашақтар.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Дайындалған декорация арқылы тәрбиеші сабақты бастайды. Ақ лақ орманда жайылып жүріп алдында тұрған себетті көреді. (оның ішінде гуашь бояулар мен қылқалам бар). Ол жан-жағына карап ешкім көрінбеген соң себетті ашып карайды. Бірақ оның ішіндегі не екенін біле алмай аң-таң болады. Содан кейін сендерден сұрай келіпті.

Балалар зейін қойып тыңдап отырады.


Ұйымдастыру-ізденістік

- Қане, себеттің ішінде не екенін біз де қарап көрейік. Сендер мүмкін білетін шығарсындар, мынау не? Білмесе тәрбиеші бояуды көрсетіп, - бұл сендердің алдарында да бар, бүгін біз бояу және қылқаламмен сурет салып үйренеміз. Ақ лақ та көріп алсын. Міне, мынау қылқалам (балаларға қайталауға болады). Қылқалам деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені оның жоғарғы белігінде қылдан жасалған шашақтары бар. Ол өте жұмсақ. Өздерің алақандарыңа сүйкеп көріндерші, жұп-жұмсақ. (Өзі сүйкеп көрсетеді). Сондықтан оны пайдаланғанда қағазға қатты бастыруға болмайды. Қылдан жасалған шашақтар темірмен оралып, ағашқа бекітілген. Қылқаламды ұстағанда ағаш сабы бар тұсынан ортасына таяу үш саусақпен (сұқ саусақ, ортадағы саусақ және бас бармақ) қысып ұстаймыз. Енді оны бояуға батырамыз да, аздап ыдыстың шетіне сүйкеп бояуды азайтып аламыз. Содан кейін барып қағаз бетіне сол қолдарыңмен қағаздың бір шетінен ұстап оңға қарай сызық жүргіземіз. Өзі көрсетеді. Ақ лақты ала жүріп балалардың жұмысына таңдана, қандай тамаша қылқаламмен, бояумен сурет салған, "мына бояудың түсі қандай" - деп лақ бір баладан сұрайды.

Балалар қағаз бетін толтырып, тағы сурет салғысы келсе екінші қағаз беруге болады. Бояуды төкпей, қылқаламды катты бастырмай ұкыпты жұмыс істеулері ескертіледі. Балалардың аяқтаған жұмыстарын алып тақтаға іліп, ақ лақ: - Балалар, сендер қандай жақсы сурет салдыңдар, мен де қылқаламмен, бояумен жұмыс істеуді сендерден көріп алдым келесі жолы сендерге әдемі суреттер салып әкеліп көрсетемін - дейді. Онда мына суретті ақ лақка сыйлайық. Лақ туралы өлең, тақпақтар білесіңдер ме? Енді ақ лақ сендермен ойнағысы келеді дейді.



Балалар білсе айтады.

Тәрбиешіні тыңдап отырып, алақандарымен сүйкеп көреді. Балалар салады.


- Ол қызыл деп жауап береді.
Балалар салған суреттерін

Ақ лаққа сыйлайды.


Балалар білетін, ұнататын өлеңдерін айтып береді.
«Лақ» ойының ойнайды
Балалар қылқаламды алып ұстап көреді

Балалар қандай түс екенін жауап береді.

Балалар бояуды төкпей, тәрбиешінің нұсқауымен жасайды.

Балалар ұнатқан суретін сыйға тартады.Балалар лақ туралы өлең, тақпақтар айтады.Келесі кезекте балалар лақпен ойын ойнайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Тәрбиеші балаларды мақтайды, мадақтайды.




Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Қылқаламмен алғаш рет танысады және оны іс-әрекетте пайдалануға үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: Қылқалам, бояу, бояу түстері, суретке қажетті құрал-жабдықтармен танысады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет салудың алғашқы дағдылпры қалыптасады.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: күз туралы түсініктерін нақтылау; күз құбылыстарын атай білуді үйрету; кеңістікте бағдарлай білу дағдыларна тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенше шығып күз мезгілінің құбылыстары жайлы, басқа жыл мезгілінен қандай айырмашылықтары барын әңгімелеп беру.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнектілер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қызыл, сары және жасыл көбелектер мен жапырақтар.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

Билингвальді компонент: күз-осень, жапырақтар-листья.


Оқу іс-арекетінің кезеңдері


Педагогтің басқару іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қазғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

-Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!


-Қайырлы таң, құлақтарыс, сендер ояныңдар!
-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?

Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты.




Балалар шаттық шеңберін құрады.

-Үлкен.

-Шеңберге



Балалар үрлейді.

Бір-бірін емдеген болады.


Көздерін уқалайды.

Құлақтарын уқалайды.


Шапалақтайды.

Жымиып күледі.







Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, терезеге қараңдаршы, ауа райы қандай?

-Қазір далдың қай мезгілі?

-Иә дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.

Сөздік жұмыс: жапырақтар.

-Ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болады?

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, жапырақтардың түсі қандай болады?

-Балалар, жапырақтар күздігүні қалай түседі?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, күздігүні жапырақтар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай, яғни жерге түседі.

-Балалар, кәне бәріміз жапырақтардың күзде қалай түсетінін көрсетейікші.

Осы көрініс басқаларға да түсінікті болу үшін қағаз бетінде жапырақтардың қалай жерге түсетінін жапсырып көрсетейік.


Билингвальді компонент: күз-осень, жапырақтар-листья. Алдымыздағы қағаздарға түрлі түсті жапырақтарды орналастырамыз.

Жауап береді.

-Күз мезгілі.
Қайталайды: жапырақтар.

-Сары, қызыл, қоңыр.

-Сары, қызыл.
-Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түседі.

Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.Балалар әуен ырғағымен күзде жапырақтардың түсуін қимылмен көрсетеді.


Қайталайды: күз-осень, жапырақтар-листья. Балалар педагогтің айтқанын орындайды.









Сергіту сәті.

Желменен бірге шайқалып,

Тербеліп тұр ағаштар.

Кілем болып жайқалып,

Жерге түсті жапырақтар.

А.Дамас

Жұмысты орындауда қиналған балалармен және жапырақтарды кеңістікте орналастыра алмай отырған балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Балалардың жапсырған жұмыстарын бірігіп талдау.



Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады және қимылмен көрсетеді.

Балалар педагогтің нұсқауымен түрлі түсті қағаз бетіне орналастырады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Бүгін оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық?


-Жапырақтар күздігүні қалай «жауады» екен?

-Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Әдемі гүлдер» ойыны. Балалар, сендердеің қолдарында қызыл, сары және жасыл көбелектер бар. Қазір мен түрлі гүлдерді шашамын, ал сендер қолдарыңдағы көбелектің түсіне сай оны гүлге орналастырыңдар.

Педагог балаларды мадақтайды.


-Жылдың күз мезгілінде болатын құбылыспен таныстық.


-Жапырақтар сарғайып, жоғарыдан төменге қарай түседі екен.

Балалар әуен ырғағымен педагогтің нұсқауын орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет