Күтілген нәтижелер:
Жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, жапырақтарды көлемі бойынша орналастыруды;
Түсінеді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғи құбылыстарды;
Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Жәмиляның көйлегін әшекейлейміз
Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатынын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Жамия.
Қажетті құрал- жабдықтар: көйлектің сұлбасы, мөртаңбалар, қылқаламдап, бояулар.
Алдын- ала орындалатын жұмыс: қыздардың көйлектеріндегі
өрнектерді қарау, бақылау, мозаика құрастырып ойнау.
Сөздік жұмыс: әдемі көйлек.
Іс- әрекет кезеңдері
|
Педагогтың іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Мотивация
лық- қозғаушы
лық
|
Балаларға педагог қуыршақ Жамиля жылап отырғанын айтады, қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды. Айсана:
Маған ешкім де тиіскен жоқ, ешкім де ренжіткен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Педагог балаларды Жамиляға көмек беруге шақырады. Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап, түстері өрнектері, ұзын- қысқалылығы, әдеміліктері жайында әңгімелеседі.
|
Балалар таңданып, қуыршақ Жамиля неге жылап отырғандығын сұрайды. Балалар Айсанадан қамықпауын сұрап, оған арнап әдемі көйлектің суретін салып беретіндіктерін айтады.
Балалар қыздардың көйлегі ұзын, сары, қызыл, көк, гулдері бар, дөңгелектері, жұлдызшалар, үшбұрыштары бар кейбір қыздардың көйлегі ұзын немесе қысқа екендігін естеріне түсіріп әңгімелейді.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Педагог балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді.
Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болатынын, оны салу жолдарын педагог көрсетіп, балаларға бағыт береді. Сүрткішті дұрыс пайдалануды, бір- біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық.
Белімізді жазайық.
Жоғары- төмен қарайық,
Оңға- солға, түзу тұр.
Бойымызға күш жинап,
Біз демалып қалайық.
Тыныс алу жаттығуын жалғастырады.
|
Дайын көйлек үлгісіне балалар гуашпен, оң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады немесе мөртаңбаны пайдаланып басу сәндейді. Кейбір балалар сұқ саусақпен салады.
Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.
Аузы мен мұрнын қолмен жауып, ашады. Тыныс алу жаттығуларын екі- үш рет қайталайды.
|
Рефлексия
лық- түзетушілік
|
Жамиля балалардың әдемі көйлектің суретін салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды.
Күшік досына қалаған көйлекті киіп баратындығына қуанып, рақмет айтып қайтады.
|
Бір бала дөңгелекті, біреуі, мөртаңбаны қалай қолданып орындағандарын айтып беруге тырысады. Қуыршақ Жамиляға рақмет айтып, өздері жұмыс жасаған орындарын жинайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көйлектер әртүрлі болатындығын.
Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін.
Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей білуді.
________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
__________________
__________________
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: кірпі
Мақсаты: Балалардың кірпі туралы түсініктері жетілдіру. Қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, тиін.
Қажеттік құрал- жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, сурет дәптері.
Сөздік жұмыс: тікенекті кірпі.
Іс- әрекет кезеңдері
|
Педагогтың іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Мотивациялық- қызғаушылық
|
Педагог балаларға орманнан тиін келгендігін, ол өзінің досы туралы жұмбақ жасырғысы келіп тұрғандығын айтады:
Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Таңыпты арқасына мың тікенді.
Ашуланса аяқ- қолын көрсетпейді
Көресің көзік салсаң ғажайыпты.
Балалар жұмбақты шешкен соң педагог балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы, оның тіршілігі және оның ерекше тікенектері жайлы түсінік береді. Сөздік жұмысын жүргізеді.
|
Балалар тиінмен сәлемдеседі. Балалар да өздерінің достары жайлы ойларын айтады. Балалар жұмбақтың шешуін ойланып табады. Суреттегі кірпілерді тамашалап, тікенектері арқылы жауыннан қорғанатыны жайлы әңгімелеп айтады.
«Тікенекті кірпі» сөзін бір- біріне қайталап айтады.
|
Ұйымдастыру
шылық- ізденістік
|
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Жоғары- төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тиін балаларға өзінің досы тікенекті кірпінің суретін салуды ұсынады. Суреттің дайын үлгісін көрсетіп, кірпі туралы әңгіме жүргізеді. Кірпінің тікенектері оны жауынын қорғайтындығы туралы айтады.
Кірпінің тікенектерін салу тәсілін көрсетеді. Содан соң балаларға сурет салуға арналған, үзік сызықтармен бейнелеген кірпі үлгісі бар үлестірмелі материалды таратып береді. Балалар алдымен үзік сызықтарды қосып, кірпінің бейнесін дайындап алады. Ішін сұр түсті қарындашпен жұқалап тегістеп бояйды. Содан соң қысқа тік сызықтар түсіру арқылы тікенектерін салады. Педагог тік сызықтардың арақашықтықтары біркелкі болуына назарларын аударады.
Сурет салып болғаннан кейін барлығы бірге көзге арналған жаттығулар жасайды.
|
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Дайын дәптерге қарындашты пайдаланып, жартылай дөңгеленген кірпінің бейнесін үзік сызықтар арқылы салады.
Тікенектерін қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы салады.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Тиін әр баланың қасына барып, өте жақсы салғандарын, өзінің досы кірпіге апарып көрсететінін айтып мадақтайды. Қоштасып қайтады.
|
Балалар тиінмен қоштасады. Салған суреттерін кірпіге беріп жібереді. Жұмыс орындарын жинастырады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: кірпі туралы түсінікті.
Игереді: достардың әрқашан бір- біріне көмектесуі қажет екендігін.
Меңгереді: үзік сызықтарды қосып, қысқа түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Қала жолдары
Мақсаты: Балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді үйрету. Бейнелегендерін іс-әрекет арқылы көрсетіп, қимыл қозғалысын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаздар (ұзын-қысқа) әр балаға жолақ қағаздар, ойыншық машиналар.
Сөздік жұмыс: ұзақ жол, түзу сызық.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивация
лық-қозғау
шылық
|
Балалар, өткен сабақта біз қарандашпен қағазға түрлі сызықтар түсіріп сурет салуға болатының білдік. Енді бүгін қандай сурет салсақ екен? Онда мен бір жұмбақ жасырайын, кім шешеді екен.
Ұзын, ұзын – ұзын жіп,
Ұшыннан шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас жалғанда .
Жұмбақтың мағынасын түсіндіру. (жол)
|
Балалар жұмбақ
тың жауабын шешеді.
|
Ұйымдас
тыру-ізденістік
|
Енді бүгін біз қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол үшін маған алдымен мына екі жолақшаның қайсысы ұзын, қайсысы кысқа, түстері кандай екенін айтып беріңдерші - деп, тәрбиеші ақ қағаз бетіне немесе фланелографқа қызыл ұзын жолақты, көк қысқа жолақты қатарластырып қойып көрсетеді. Қызыл жолақ ұзын, ол қағаз бетінің шетіне дейін жетіп тұр, ал көк жолақ қағаздың ортасына дейін келіп тұр. Біз көк жолақ сияқты қысқа сызықтарды өткен сабақта салып үйрендік. Бүгін қызыл жолақ тәрізді ұзын жолды саламыз - деп тақтаға бормен (немесе қағазға қарындашпен) бір шетінен екінші шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді. Бұдан кейін ауада қарандашты дұрыс ұстауларын ескере отырып солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізгендей қимыл жасайды. Енді қағазға қарындашты өте қатты баспай ұзын-ұзын сызықтар жүргізсендер "ұзақ жол" болады. Барлығы жұмысқа кіріседі. Бірнеше сызықтар жүргізгеннен кейін біз ұзақ жол салдық, енді осы ұзын жолмен машиналарыңды жүргізіп көріңдерші – деп сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын әрі-бері жүргізіп сабақ ойынмен жалғасады.Тәрбиеші балалар ойынға кіріскен кезде аралап жүріп талдау жасайды. Мынадай жолда машина жақсы жүреді, жол тегіс (түзу) болмаса машина жүре алмайды. Кейбір дұрыс сызық жүргізе алмаған балаларға өзінің қағазына сызып көрсетеді. Аяқталған жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды да, балаларды гимнастикалык орындықтың қасына жинайды. Мына жерде өздерің бейнелегендей ұзақ жол жатыр, қане, барлығымыз осы жолмен өтейік. Кезектесіп бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі. Жайлап аяқ ұшымен секіріп түсулерін қадағалайды. Қаңдай ұзақ жол болса да бәрің жақсы жүріп өтіндер, - деп, олардьң қимыл іс-әрекеттерін қолдайды. Қимыл-қозғалысты музыка әуені арқылы орындауға да болады.
|
Балалар ауада солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізіп, қолдарын жаттықтырып алады. Содан соң қағаз бетіне қарындашпен солдан оңға қарай жол салады. Өздері салған сызықтардың үстімен ойыншық машиналарымен жүргізіп ойнайды. Ұзақ жолдың үстімен кезекпен-кезек өтіп көреді. Кезектесіп бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі. Сонында жайлап аяқ ұшымен секіріп түсіреді.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Тәрбиешінің қорытындысымен сабақты аяқтайды.
|
|
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырады.
Қандай түсініктерді игерді:. бейнелегендерін іс-әрекет арқылы көрсетіп, қимыл қозғалыстары жетілдіріледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қағазға солдан оңға қарай түзу сызық
жүргізе білуді үйретеді, қарындашпен жұмыс жасау техникасын игереді.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Әдемі сақиналар
Мақсаты: қол қимыл-қозғалысын икемдей отырып дөңгелелек пішін салуға үйрету. Бояу түстерін ажырату. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық киімдерге, бұйымдарға көңіл аудару.
Көрнекіліктер: ұлттық киім киген қуыршақ Айсұлу, түрлі-түсті сақиналар, гуаш ,бояу, қылқалам, су, сүрткіш, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: сақиналар, ұлттық киімдер.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Балаларды орындарына жайғастырып олардан үстел үстінде нелер тұрғанын және сол заттарға қарап қандай жұмыс жасайтындарын сұрау. Есік қағылады, қонақка ұлттық киім киінген куыршақ Айсұлу келеді. Айсұлудың қолында не бар екен? "Қуыршақ бізге сыйлық ала келіпті, міне қараңдаршы, қандай әдемі, түрлі-түсті сақиналар". Балаларға көрсетіп түстерін сұрайды. Пішіні қандай?
|
Балалар қуыршақпен сөйлесіп, киімдерінің түр-түсін сұрайды. Сақина, білезік - деп балалар жауап береді.
|
Ұйымдастыру-ізденістік
|
Ал балалар осы сақиналарды қағазға бояумен салып көрелікші, - деп тәрбиеші тақтаға салып көрсетеді. Балалармен ауада қылқаламды дұрыс ұстап бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп сол нүктеге тоқтауды ұсынады. Бірнеше қайталаған соң қылқаламды бояуға ұқыпты батырып, ыдыстың шетіне аздап сүйкеп артығын түсіріп қағаз бетіне сақиналар салады. Біреуін салып болған соң қасына тағы біреуін үлкенірек, кішірек, енді көк түсті батырып ал (қызыл) да екіншісін сал, тез салып болған балаларға қосымша бірнешеуін салуға немесе екінші қағаз ұсынылады. Кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі, тәрбиеші қағазға салып көрсетеді. Балаларға жұмыстарын аяқтау ескертіледі де, бәрі болған соң «Қай қолымда сақина» ойыны ұйымдастырылады.
|
Балалар қарындаштың түстерін, пішінің айтып береді. Саусақтарымен жиектеп айналдырып көреді немесе үстел үстінде дөңгелетеді.
Балалар ауада қылқаламды бір нүктеден бастап айналдыра дөңгелек жүргізіп шығады да, қағаз бетіне сақиналар салып шығады.
Балалар “Қай қолымда” сақина ойының қызыға ойнайды.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Сабақ соңында балалар жұмысын қарап талдау жасалады. Ойында жақсы бесенділік көрсеткендері, суретті жақсы салғандары мадақталады.
|
|
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: қол қимыл-қозғалысын икемдей отырып дөңгелек пішін салуға үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: ұлттық киімдер мен бұйымдармен танысады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бояу түстерін ажыратады, ұқыпты жұмыс істеу дағдылары қалыптастырылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым
Мақсаты: балалардың ойыншақтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту.Ойынышық бұрышын ретке келтіру, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сурет салуға керекті қылқалам, су, қағаз, бояулар қойылады.
Сөздік жұмысы: ойыншықтардың жаңа атаулары.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Тәрбие жұмысы. ойын бұрышында басталады. Тәрбиеші Е.Өтетілеуовтың "Ойыншықтар" өленің оқып береді. Әр баладан өзі жақсы көретін ойыншықтарын алып, ойын сипаттай айтып, өлең-тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар айтып беруі талап етіледі. Кімде қанша ойыншық барын, қайсысы үлкен, кіші, биік, аласа екенін салыстырып, кеңістікте орналасуын сұрайды.
|
Балалардың білім-дағдыларын тиянақтап, енді дербес көркемөнер бұрышында әркім өз қалауы бойынша сүйікті ойыншықтарының суретін салу ұсынылады.
|
Ұйымдастыру-ізденістік
|
Ұлттық музыка аспаптарын атайды, көрсетіледі. Балалардың білім-дағдыларын тиянақтап, енді дербес көркемөнер бұрышында әркім өз қалауы бойынша сүйікті ойыншықтарының суретін салу ұсынылады.
|
Өзі тандаған ойыншықтың пішінін қалай салуға болатынын сұрап, жеке нұсқау береді. Сурет салуға қылқаламды, бояуды дұрыс пайдалана білу дағдысы қадағаланады.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Дайын болған жұмыстарды талдау жасата отырып, еңбек нәтижесі "Ойыншықтар дүкеніне" қойылып, сюжетті рөлдік ойынмен жалғасады.
|
Балалардың жұмысына талдау жасалып, ойын ойнатылады.
|
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: Ойыншықтарын топтап, жинап, жекелеп қойып, пішін, кеңістік ұғымдарымен танысады.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың ойыншақтар жайлы түсініктерін кеңейтеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ойыншықтардың сурет салу дағдыларын қалыптастырады.
__________________
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Мерекелік жалаулар
Мақсаты: Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, шарлар.
Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар, сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: жалаулар
Іс- әрекет кезеңдері
|
Педагогтың іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Мотивациялық- қызғаушылық
|
Педагог балаларға бейнетаспадан көріністер көруді ұсынады.
Бейнетаспаны көріп болған соң көрініс не туралы болғанын сұрайды.
Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендерге мереке ұнайды ма?
Жалау мерекенің нағыз сыйы екендігін түсіндіреді. Елдің шаттанып, барлық адамдар жылы, көтеріңкі көңіл күйге бөлінетіндігін айтады.
Балаларға «жалаулар» сөзін қайталап айтқызады.
Егер мерекедегі осы сәт ұнаса, жалаудың суретін салуды ұсынады.
Сурет салуды бастамас бұрын сергіту сәтін жасауды ұсынады.
Сергіту сәті:
Кәне, кәне, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға.
Шапалақта, шапалақ
Шапалақта, шапалақ.
|
Балалар жарты шеңбер болып отырып бейнетаспаны көреді.
Көптеген адамдардың қолдарында гүл, шар, балалардың қолында балмұздақ ойыншықтар.
Жалаудың көк түсі жайында өз ойларын айтады.
«Жалаулар» сөзін сыбырлау әдісімен қайталайды.
Осы жалауларды салуға келісімдерін беріп, салуға дайындалады.
Сергіту сәтін орындап, өлең сөздерін қимылмен көрсетеді.
|
Ұйымдастыру
шылық- ізденістік
|
Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған көп отшашулар мен жалаушалар қойылды. Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық жүргізу арқылы сол жалаушаның бейнесін салып көрейік.
Педагог жалау әдемі болу үшін бояудың түстерін дұрыс таңдауға және оны үйлестіре сызуға мән береді. Жалаушаға сары, жасыл, көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.
Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады:
|
Сурет дәптерді қарап, тамашалап, түрлі түсті қарындашты пайдаланып, үзік сызықтарды бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.
«Қуырмаш» өлеңін бірге айтып орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Бүгін мерекелік жалаушаларды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру біз үшін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.
|
Балалар салған суреттерінен кешке ата- аналарына көрсету үшін көрме жасайды.
Айсана беріп жіберген үрленген шардың жеңіл екендігін байқап, ұшыруға әрекет жасап, тыныс алу жаттығуларын жасайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мерекеде жалаушалар қолда ұстап жүретінін
Игереді: жалаушаны тек аспанға көтеріп жүру керектігін.
Меңгереді: қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы _______
«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент
Өнер көзі халықта
Тақырыбы: Жәмиланың көйлегі
Мақсаты: Балаларды өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып, оны сақтауға дағдыландыру.Әсемдікті сезіне білу арқылы, эстетикалық тәрбие беру
Достарыңызбен бөлісу: |