Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Вариативтік компонент Өнер көзі халықта Тақырыбы



бет6/6
Дата04.07.2018
өлшемі121,43 Kb.
#46465
1   2   3   4   5   6

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Ұлттық тағамнан не ұнай?

Мақсаты: Қазақтың дастарханы қонақ күту жайында түсініктерін жетілдіру.

Балаларға ұнайтын ұлттық тағамдары жайлы мағұлмат беру.

Іс-әрекет барысында өз ойын толық жеткізе білуге баулу.

Көрнекіліктер: Ұлттық тағамдардың суреттері

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар. Сөздік жұмыс: құрт

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Дербес көркемөнер бұрышындағы иллюстрациялы суреттер көрсетіледі. Ұлттық киім киген қуыршақтарға назар аударады. Балалар осы қуыршақтардың ішінде бізге қонаққа келген қандай қуыршақ? Өздерің моншақ жасап берген Айсұлу бар ма, жоқ па? Айсұлу бүгін балаларды қонаққа шақырмақшы болып дүкенге кеткен екен. Айсұлу келгенше біздер қуыршаққа тарту дайындайық.

Балалар көркемөнер бұрышындағы иллюстрациялы суреттерді тамашалайды. Суреттен көрген ұлттық тағамдарды атайды: бауырсақ, шелпек, құрт т.б. атайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Құрттың суретін көрсетеді. Әңгімелейді. Өздерің жаңа ұлттық тағамдарды көрдіндер, соның ішіңде Айсұлуға арнап қайсысын дайындасақ екен. Балалар жұмысына жеке нұсқау беріліп басшылық жасалады. Жұмыс аяқтаған соң арнайы дайындалған тостағанға салып қуыршаққа әкеледі. Бұл кезде күтуші Айсұлуды бұрышқа орналастырады. Айсұлу мен балалардың арасындағы ойын әрі қарай жалғасады. Өлең-тақпақтар, ән айтып, би билеп іс-әрекет барысын жан-жақты баланың дамуына әсер етерліктей тәрбиеші шығармашылығына байланысты ұйымдастырады.

Балалар Айсұлуға арнап құрттың суретін салады.

Рефлексивті түзетушілік

Сабақ тәрбиешінің қорытындысы бойынша мақтап, марапаттап аяқтайды.





Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: ұлттық тағам құрттың суретін салумен танысады.

Қандай түсініктерді игерді: ұлттық тағам құрт туралы түсініктерді игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: құрттың суретін сала алады. , саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіреді.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Саусақпен сурет салу

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, қар туралы түсініктерін кеңейту. Көк түс пен ақ түстің бір- біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Тіс пастасына сұқ саусақты малып, қар кесегін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құрал: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, тіс пастасы, сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: қар кесегі.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балалардан балабақшаға келе жатқанда жердің қандай болып жатқанын сұрайды.
Жұмбақ жасырады.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады,

Ол не?


Иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, қысқы табиғаттың ерекшеліктерін айтқызады. Қардың түсі қандай болатындығын, қар жылдың қай мезгілінде жауатындығын, қыста қандай ойын ойнайтындарын айтуды сұрайды.

Сөздік жұмысын жүргізеді.


Енді осы қарды көз алдыларына елестетіп, қолдарымен ұстап, жентектетіп бір- біріне лақтырған қимылды көрсетулерін сұрайды.

Балалар айналаның бәрін де ­ ағашт арды, үйлерді аппақ қар басып жатқанын айтады (немесе жергілікті жерге лайық жауаптар береді). Жұмбақтың шешуін тауып айтады.

Қыс мезгілі туралы суреттерді тамашалап, қардың қыста жауатынын, қыста қандай ойындар ойнайтындарын айтады.

«Қар кесегі» сөзін сыбырлап айтады. Қар кесегін қалай жасау керектігін қимылмен көрсетеді.


Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог балаларға қыс мезгілінің дайын үлгі суреті берілген сурет дәптерлерді таратады.

Сол дәптердегі дайын фонға сұқ саусақты тіс пастасына батырып қар кесегінің бейнесін салуды ұсынады. Қарды көп салып, үлкен қар үйіндісін жасауды ұсынады.



Сергіту сәті:

Ақ көрпесін жапты да,

Аяз кенет аптыға,

Айналаны үрледі,

Ақ бораны гуледі.


Дайын сурет дәптеріне тіс пастасына сұқ саусақтарын батырып, қар кесегінің бейнесін салады.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, әдемі салынғандарына тоқталып, өздерінен қалай салғандарын сұрайды.

Қар кесегін қалай салғандарын айтады. Сүрткіштерге қолдарын сүртіп, жұмыс орнын жинайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды.

Игереді: қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын.

Меңгереді: сұқ саусақпен қар кесегін салуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Мерекеге дайындық

Мақсаты: Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтарды үлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап,оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, шарлар.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар, сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: отшашу.


Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларға бейнетаспадан көріністер көруді ұсынады.

Бейнетаспаны көріп болған соң көрініс не туралы болғанын сұрайды.

­ Бұл қандай мереке? Неге барлық адамдар көңілді? Сендерге мереке ұнайды ма?

Мерекелерде отшашу жаққанда айнала жап- жарық болып, әдемі түстерге боялады.

Отшашу мерекенің нағыз сыйы екендігін түсіндіреді. Елдің шаттанып, барлық адамдар жылы, көтеріңкі көңіл күйге бөлінетіндігін айтады.
Балаларға «отшашу» сөзін қайталап айтқызады.

Егер мерекедегі осы сәт ұнаса, отшашудың суретін салуды ұсынады.

Сурет салуды бастамас бұрын сергіту сәтін жасауды ұсынады.

Сергіту сәті:

Кәне, кәне, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ

Шапалақта, шапалақ.


Балалар жарты шеңбер болып отырып бейнетаспаны көреді.
Көптеген адамдардың қолдарында гүл, шар, балалардың қолында балмұздақғ ойыншықтар.

Отшашудың жарқыраған түрлері жайында өз ойларын айтады.

«Отшашу» сөзін сыбырлау әдісімен қайталайды.

Осы отшашуды салуға келісімдерін беріп, салуға дайындалады.

Сергіту сәтін орындап, өлең сөздерін қимылмен көрсетеді.


Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

­ Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды. Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық жүргізу арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.

Педагог отшашудың сәулелері әдемі болу үшін бояудың түстерін дұрыс таңдауға және оны үйлестіре сызуға мән береді. Отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалану қажеттігін айтады.


Балаларға саусақтарымен жаттығулар жасатады:

Сурет дәптерді қарап, тамашалап, түрлі түсті қарындашты пайдаланып, үзік сызықтарды бірінің үстіне бірін кезекпен сызу арқылы отшашуларды салады.

«Қуырмаш» өлеңін бірге айтып орындамайды.



Рефлексиялық- түзетушілік

­ Бүгін мерекелік отшашуды барлығың тамаша, әдемі салғандықтан, сендерге қуыршақ Айсана өзінің сүйікті әдемі қызыл шарын беріп жіберіпті. Осы қызыл шарды аспанға ұшыру біз үщін бәріміз терең дем алып, демімізді шығарып қалықтатайық.

Балалар салған суреттерінен кешке ата- аналарына көрсету үшін көрме жасайды.
Айсана беріп жіберген үрленген шардың жеңіл екендігін байқап, ұшыруға әрекет жасап, тыныс алу жаттығуларын жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.

Игереді: отшашуды тек аспанға ату керектігін.

Меңгереді: қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Дана» қазақ тобы
Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Маған сыйлаған ойыншық (мұнара, машина).

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Ойыншық бұрышын ретке келтіру, еңбек етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық суреттер, ойыншық түрлері.

Қажетті құрал- жабдықтар: сурет дәптері, бояу қарындаштары.

Сөздік жұмыс: жаңа ойыншықтардың атаулары.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қызғаушылық

Педагог балаларды ойын бұрышына отырғызып,

Е. Өтетілеуовтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып береді. Әр бала өзі жақсы көретін ойыншықтарын алып, оны сипаттап айтады, педагог олардан қандай өлең, тақпақ немесе жұмбақ білетінін сұрайды.


Сөздік жұмысын жүргізеді.

Балалар өлең шумақтарын тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Өздерінің сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелейді.

Жаңа ойыншықтар атауларын қайталап айтады.



Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог алдымен демонстрациялық материалда берілген ойыншық атауларымен таныстырады, олар туралы не білетіндіктерін анықтайды. Олардың түріне, түсіне, пішініне талдау жасайды, мұнара мен машина штрипен берілген үлестірмелі материалдарды таратып береді. Балалар аталған ойыншықтардың өздері қалаған біреуінің суретін бояйды. Мұнараны таңдаған бала бояу түстерін ауыстыра отырып, оны түрлі түсті қарындашпен бояйды, машинаны таңдаған бала оны сызықтың сыртына шығармай әдемілеп бояйды.

Балалар суретте бейнеленген ойыншықтардың атын атайды. Мұнараның неше сақинадан тұратынын санайды. Олардың түсін айтады. Сақиналардың біртіндеп кішірейе беретініне назарларын аударады. Ал машинаның неге дөңгелегі, неше терезесі бар екенін санайды. Олардың түсін атайды. Суретті салуда түрлі түсті қарындашты дұрыс пайдалана білу, бояу түсін таңдау дағдысы қадағаланады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог дайын болған жұмыстарға талдау жасата отырып, балалардан өздерінің сүйікті ойыншықтарын қалай салғаны жайлы сұрайды. «Ғажайып дорба» ойынын ойнатып, қорытындылайды.

Балалар өздері қандай сурет салғандарын айтады. Ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтар не үшін қажет екендігін.

Игереді: ойыншықтар туралы түсініктерін тереңдетеді.

Меңгереді: сүйікті ойыншықтарының суретін салуды, түрлі түсті қарындашпен тегіс бояуды.

__________________


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Вариативтік компонент

Өнер көзі халықта

Тақырыбы: Сәуленің киімін безендіреміз

Мақсаты: Қылқалмаммен немесе саусақ арқылы көйлекті дөңгелек пішіндермен (үлкен, кіші) безендіруге үйрету: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.Саусақтарының икемділігін арттыру, көйлекті әдемі әшекейлеу арқылы ой-қиялдарын дамыту. Сурет салуға деген қызығушылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатынын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, қуыршақ Сәуле

Қажетті құрал- жабдықтар: көйлектің сұлбасы, мөртаңбалар, қылқаламдап, бояулар.

Алдын- ала орындалатын жұмыс: қыздардың көйлектеріндегі өрнектерді қарау, бақылау, мозаика құрастырып ойнау.

Сөздік жұмыс: әдемі көйлек.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтың іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларға педагог қуыршақ Сәуленің жылап отырғанын айтады, қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды. Сәуле:

­ Маған ешкім де тиіскен жоқ, ешкім де ренжіткен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Педагог балаларды Сәулеге көмек беруге шақырады. Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап, түстері өрнектері, ұзын- қысқалылығы, әдеміліктері жайында әңгімелеседі.




Балалар таңданып, қуыршақ Сәуледен неге жылап отырғандығын сұрайды. Балалар Сәуледен қамықпауын сұрап, оған арнап әдемі көйлектің суретін салып беретіндіктерін айтады.

Балалар қыздардың көйлегі ұзын, сары, қызыл, көк, гулдері бар, дөңгелектері, жұлдызшалар, үшбұрыштары бар кейбір қыздардың көйлегі ұзын немесе қысқа екендігін естеріне түсіріп әңгімелейді.



Ұйымдастырушы

лық- ізденістік

Педагог балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді.

Қылқаламның ұшымен бояуды тамызып, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болатынын, оны салу жолдарын педагог көрсетіп, балаларға бағыт береді. Сүрткішті дұрыс пайдалануды, бір- біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Белімізді жазайық.

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға- солға, түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қалайық.

Тыныс алу жаттығуын жалғастырады.




Дайын көйлек үлгісіне балалар гуашпен, оң қолдарына қылқаламды алып, таңдаған түстерімен солдан оңға қарай дөңгелектер салады немесе мөртаңбаны пайдаланып басу сәндейді. Кейбір балалар сұқ саусақпен салады.
Балалар орындарынан тұрып, бой сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.
Аузы мен мұрнын қолмен жауып, ашады. Тыныс алу жаттығуларын екі- үш рет қайталайды.


Рефлексиялық- түзетушілік

Сәуле балалардың әдемі көйлектің суретін салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды.

Күшік досына қалаған көйлекті киіп баратындығына қуанып, рақмет айтып қайтады.



Бір бала дөңгелекті, біреуі, мөртаңбаны қалай қолданып орындағандарын айтып беруге тырысады. Қуыршақ Сәулеге рақмет айтып, өздері жұмыс жасаған орындарын жинайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көйлектер әртүрлі болатындығын.

Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін.

Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей білуді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет