Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №6 «Самал» мектепалды даярлық тобы Өткізілетін күні, айы, жылы: «17» қыркүйек 20



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі25,79 Kb.
#81312
1   2   3   4
Байланысты:
тех карта 17,09,2020

Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Тақырыбы: «Егер сау болғың келсе» Мақсаты: Дене жаттығулары және шынығудың денсаулыққа әсері туралы, салауатты өмір салты жайлы қолданыстағы идеяларды бекіту. Білімділік міндеті: Күн режимін сақтау үшін өзіңізді баулу үшін, дәйекті гигиеналық іс-шараларды орындау. Түзету – дамытушылық міндеті: эстетикалық талғамын қалыптастыру. Тәрбиелік міндеті: Еңбек етуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу Көрнекі құралдар: дене жаттығуларын жасайтын заттар Сөздік жұмысы: саулық, күн режимі Қостілділік компоненті: саулық-здоровье, күн режимі-режим дня.


Іс - әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті



Балалардың іс - әрекеті



Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар қане шаттық шеңберге тұрып, көңіл-күйімізді көтеріп алайық. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз.

Шеңберге тұрады, өлеңді айтып, көңілдерін көтереді

Ұйымдастыру -іздестіру

Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Ауа-райы қандай?
Егер күн қатты суық, болса қандай қауіптер болуы мүмкін?
Балалар:
-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?
-Танертең тұрғанда не істейміз?
-Омыртқаның қисаюы деген не?
-Омыртқа қисаймау үшін не істеу керек?
-Жалпақтабан деген не?
-Омыртқа қисаюынан және жалпантабандылықтан қандай жаттығу көмектеседі?
-Таңертең тұрған кезде не істейміз?
Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады.
- Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.

  • Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.

  • Тазалық ережелерін сақтау керек.

  • Уақытында тамақтану қажет.

  • Денсаулықты сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі.
«Күн және түн»
Тәрбиеші «Күн» белгісін бергенде, балалар күледі, жүгіреді, секіреді. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды».

Күз мезгілі
Салқын
Өз ойларын айтады.

Балалар өз ойларын айтады.


Мұқият зер салып тыңдайды.

Жаттығуды қимылмен орындайды.



Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар денеміз сау болу үшін не істеуіміз қажет?
Жаттығу не үшін қажет?
Балаларды мадақтау.

Күнделікті өз күн тәртібізді сақтауымыз қажет.
Өз ойларымен жауап беру.



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: таңғы жаттығу не үшін қажет екенін Қандай түсініктерді игерді: дененің сау болуы қандай екенін Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бала сау болу үшін не істеу керек екенін
Тәрбиеші: Эльбурсова Г.А. ________________
қолы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет