Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық,еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И. Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі - батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі- жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:
- мұғалім ең алдымен, сыныпта шғармашылық көңіл – күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;
- әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
- қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру
Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі — «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі, екіншісі — өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы тақырыптық концерттерге де байланысты. Мысалы 22 наурыз мерекесіне арналған мерекелік кештің үлгісін қарастыра отырып, әр оқушы осы мерекелік іс шарада белсене қатысып, өз үлесін қосқысы келді.
Сабақ: Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Сынып: 2
Тақырып: Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу машығын, тіл мәдениетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық
сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өнер сабағы
Көрнекілігі: стикерлер, бейнебаян, әріптер, плакат, суреттер,
презентация, шарлар, музыка
Барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар,жамағат
Ару көктем,әз наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу-
Біздер үшін бақ бүгін.
2 - жүргізуші:
Наурыз келді нұрландырып дүниені,
Жерге басын алтын тәжді күн иді.
Бүкіл әлем жаңарып түрленеді,
Кәрі дала жасарып гүлденеді.
Жан дүниемде ғажап сезім оянды,
Ой да, қыр да алуан түске боянды.
1 - оқушы:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып
Ұлыстың ұлы күні келді!
Той құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
2 - оқушы: Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн.
3 - оқушы: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» жаңа, «рыз» күн деген сөздерден шығып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні – күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
4 - оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Жер Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
5 - оқушы:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік те.
Құтты болсын Ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Сәлемдесу рәсімі:
6 - оқушы:
Армысың, шапағатты күніміз (Күнге қарайды)
Армысың, мейірімді жеріміз (Қолдарын жерге жақындатады)
Армысың, Табиғат Анамыз (Басын иеді)
Келді сізге өзіңіздің балаңыз (Өздерін көрсетеді).
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады. Бір - бірін көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту – парыз.
7 - оқушы: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, ендеше тамашалайық.
8 - оқушы: Ассалаумағалейкүм!
«Мен адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Алланың нұры жаусын!».
оң болсын, ақ мол болсын!
Каримбек: Уағалейкүммассалам!
«Мен де адаммын.
Адамдығымды білдіремін.
Сізге де Алланың нұры жаусын».
Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін.
(Екі бала төс қағыстырып амандасады. )
1-жүргізуші:
Наурыз күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленеді.
Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық. (Шашу шашылады)
2-жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қапты. Қане, оларды қошеметпен қарсы алайық.
Арслан: Қызыр баба)
Оу, аман ба, жарандар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз.
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар,
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар!
(Көңілді әуен естіледі, бәрі орындарынан тұрып күнді қошеметтеп қарсы алады. )
3 - оқушы:(Күн): Сәлем, ата-аналар,
Айналайын балалар!
Қызыр баба аман ба,
Жаса жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу ықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты.
Әне, Наурыз келеді,
Ән салып, билеп береді.
Би: қыздар
Мадина ( Наурыз):
Сәлем, анам алтын күн,
Сәлем, қарты халқымның.
Уақытыма ризамын,
Бақытыма шалқыдым.
Барша жұртым аман ба? (Жұртқа қарап)
Жандос (Қожанасыр):
Амансың ба, Күн ана!
Алаулай бер, құлама.
Өлмес Қожанасырмын,
Келмес ойды жасырғам,
Қабілетке шорқақпын,
Әділетке бас ұрдым.
Күн: Қожанасыр, мың жаса!
Дастан (Алдар):
Сәлем, Ай мен Күніміз,
Мейрам парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз,
Қайтқан емес талайым,
Той болсын деп толайын.
Айналайын ағайын,
Қолдарыңды алайын.
Бекзат (Тазша бала):
Күн мен Айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйіне,
Сәлем берем иіле.
Орындалсын ойларың,
Құтты болсынтойларың.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер!
Мақтап жүреді екенсіздер,
Дастарханға келіңіздер!
1 - оқушы:
Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты
Айдос:
Келді Наурыз жар салып,
Би билейік ән салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Алтынай:
Жарқыраған жас нұрлы ,
Жаса Наурыз дәстүрлі
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз.
Айгерим:
Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,
Әнге толы, күйге толы маңайым
Мансур Ж.:
Армысың, Наурыз,
Қуаныш боп кір, төрлет.
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый-құрмет
Нұрайым:
Наурыз тойың, Наурыз тойың
Құтты болсын, халайық!
Күн төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Кел, кел, Наурызым».
К. Арлан:
Тауық жылы, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Інжу:
Құтты болсын Наурыз той,
Құлпырып тұр қыр мен той.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Адия:
Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Талғат:
Наурыз күні көңілі көктем далаң бұл,
Кереметтей құлпырып кетті ғалам бір.
Наурыз-думан, Наурыз-шаттық, мереке,
Нұрланып қана түрленіп жатсын далам гүл.
Айнар:
Ұйқыдан тұрған далада гүл-гүл пішінде
Ойларым бүгін ақтарылардай ішімде.
Тәуелсіздікпен бір жасап және бір келген,
Наурызды жақсы көремін соның үшін де.
Аида:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты:
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!
Даяна:
Әнім де саған, биім де саған,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
2-жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар,
Бәрің бері қараңдар.
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
1-жүргізуші: 22-наурыз – күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.
Көрініс
3 - оқушы:(Күн) Сәулесі мол күнмін.
Балым (Түн): Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер,
Теңелеміз бүгін.
Балым Түн: Ал ертең күн ұзақ.
Әлия Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап.
Қызыр баба: Балапандарым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал маған айтатындарың бар ма? Күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын.
2-жүргізуші: Ата, мына жиылған көпшілікке бір тілегіңізді айтып кетсеңіз.
Қызыр баба: Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайын.
Жарқыра, жайна, Наурызым,
Қабағы жаудың қиылсын,
Береке, байлық, дәм-тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын.
1-жүргізуші: Ата, «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген халқымыз, ауыл тұрғындарына ақ батаңызды берсеңіз.
Қызыр баба: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ала бие құлындап
Алатауға сыймасын!
Қара бие құлындап,
Қаратауға сыймасын!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал қосылсын малыңа,
Бас қосылсын басыңа,
Кетпесін дәулет қасыңнан!
Әумин!
Сау болыңыздар! Келесі кездескенше!
2-жүргізуші: Мың бұралып билейді қыздарымыз,
Қолдары майысқанда таңғалмаңыз.
Қазақтың «Қазақ биін» билейтұғын
«Балдырған» би тобын қарсы алыңыз!
1-жүргізуші: Наурыз айының 22-сі күні тауық жылы кіреді.
2-жүргізуші: Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, ол туралы деректер VІІІ ғасырдағы Орхон ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.
1-жүргізуші: Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесінде бірінен соң бірі келеді: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
2-жүргізуші: Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Кейінгілерге 12 жылды қосып отырады.
1-жүргізуші: Ендеше ортаға мүшел жас иелерін шақырайық.
Арыстан: 13 жас – жақсы мен жаманды, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең.
1 - оқушы: Ал 25 нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.
Адия: 37 жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып қырыққа жақындаған кез.
Б. Мансур:49 жас – бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген жас.
Жандос: 61 жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кезең.
6 - оқушы: 73 жас. Бұл мүшелде кәрілікті мойындап бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып жүріп тұру қиындайды.
7 - оқушы:Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста дам жүріп тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі.
2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.
Енді « Жарасып тұр дәстүрім » көрінісін тамашалаңыздар.
Арыстан: Сүйінші, сүйінші ! Ауылдан әжем келді.
8 - оқушы: Сүйінші сұрау – шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр
екенсің, міне , сыйлығыңды ал.
Даяна: Арыстан , артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе ?
Арыстан: Байғазы берсең көрсетемін.
7 - оқушы: Байғазы – балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы
сұрағанның артықшылығы жоқ . Саған моншағымды берейін,
көрсетші.
Арыстан: ( Басына бас киімін киіп ) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал
атам маған қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе
көрімдігін даярлаңдар.
Даяна: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі.
Арнұр:Даяна, білесің бе ? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.
Даяна: Онда сенің апаң тоқым қағар жасайды екен ғой.
Арнұр: Ол не ?
Даяна: Жас жігіт алыс жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал
сойылып, ойын – сауық, өлең айтылады.
8 - оқушы: Егер ағам маған сыйлық әкелсе , ең жақсысын саған беремін,
өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.
Даяна: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі-
ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны « базарлық » деп атайды. Бұл
жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
8 - оқушы: Даяна , манадан үндемей тұрған мына досың кім ?
Даяна: Бұл – Мадина. Жаңадан көшіп келген көршіміз.
8 - оқушы: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар « Ерулік »
береді . Мұны әжем айтқан. Мадинаны бәріміз қонаққа шақырады
екенбіз ғой . Жүріңдер біздің үйге.
( Бәрі шығып кетеді. )
1 – жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
2-жүргізуші: «Сөздің көркі –мақал» деген ұғым бар. Келесі кезекті мақал-мәтел жарысына берейік.
6 - оқушы:Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді», сәлем беруге келдім.
Айдос:Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа», тізіңді бүгіп дәм ауыз ти.
«Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
6 - оқушы: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер», татулық пен ауызбірлікке не жетсін»
Айдос: «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз!
6 - оқушы: «Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
Айдос: «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады», көңіліміз марқайып қалды ғой.
6 - оқушы: «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер», қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
Айдос: «Тау тауға қосылмас адам адамға қосылар», әлі кездесерміз, сау бол!
1-жүргізушы: Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ақ көз жеткізген боларсыздар.
2-жүргізуші: Наурыз тойына жиналған халайық! Ойын-тойымызды жалғастырайық! Той тойға ұлассын, Бүгінгі күн салт-дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже кем дегенде жеті түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
2-жүргізуші: Наурыз тойындағы тағамдарға көбінесе ақ жағы басым болады, өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп ақ молаяды.
1-жүргізуші: Наурыз көжеге соғымнан алынып арнайы сақталып қойған сүр ет, қазы қосып пісіріледі. Оған кем дегенде жеті түрлі дәм қосылады, өйткені қазақта жеті саны киелі болып есептелінеді.
Әже: ( 1)
Ашық болсын қас-қабақ,
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Әже: (2)
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
«Наурыз көже» таратылады.
1-жүргізуші: Айгерім, сен білесің бе, қазақтың салт-дәстүрімен қатар ұлттық ойындары да бар.
2-жүргізуші: Иә, «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Көкпар», айта берсек өте көп.
1-жүргізуші: Ендеше кезекті ұлттық ойындардан құралған қызықты биге берейік. . .
Би биленеді.
2-жүргізуші: Келесі кезек ұлттық ойындарда. Ол үшін ортаға мұғалімді шақырайық.
Ұлттық ойын: «Арқан тарту», «Қол күрес» т. б.
1-жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп өнген
2-жүргізуші: Бабалар бұлағынан нәр алған
1-жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған
2-жүргізуші: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Екеуі бірге: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.
1-жүргізуші:
Береке күннен күнге таса берсін,
Ырыс-құт басымыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Қайрақтымыз ілгері аяқ баса берсін.
2-жүргізуші:
Жылан жылы, ұрпаққа шуағыңды бер,
Үмітті, шаттығы мол шығады үндер.
Мерейі үстем болып мектебімнің,
Мереке құтты болсын, көрермендер!
1-жүргізуші: Жылдан жылға аман-есен жете берейік!
2-жүргізуші: Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Балаларды қоғамдық маңызыды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор. Балар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. ә!рине, сондықтан да коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыпынтарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен;
Ұжымдық шығармашылық іс - әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.
Қазіргі таңда ұжымды дамыту, оқушылардың белсенді әрекеттерін дамыту, жеке тұлғаны дамыту маңызды істердің бірі. Көрнекті педагогтар К. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Макаренко, М. Жұмабаев оқушыны дамытуға бағыт-бағдар беріп отырған. Кеңестік психологтар Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Апанов, В. Давыдов, Л. Занков, В. Крутецкий, М. Мұқанов, Ж. Әбділдин, Қ. Жарықбаев, Т. Сабыров еңбектері ұжымдық шығармашылық іс - әрекетте жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз. (Қазақстан мектебі-14-71,2005-56 б).
Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л. Божовичтің, Р. Буренің, Л. Венгердің, Я. Коломинскийдің, Е. Панько және т. б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Ұжымдық танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:
1) Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру;
2) Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;
3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |