Адамгершлік тәрбиесі – инабаттылыққа, ізгілікке баулудың жолы, сондықтан да ізгіліктің еі үлкені – адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойындағы ізгіктің болуынан. Ізгілік – адамның өзіне баға беруінен басталатындығынан адамның өмірдегі орны мен өмір сүрудің негізгі өзегін және маңызын түсінуін, адамдық міндеттерге құрметпен қарауын білдіреді. Рух – жан тіршіліктің қуаты, рухани азық болмаса рух(жан) мерейі үстем болмай, адамдық қасиет бұзылады.
Рухани қажеттілік – адамның жеке тұлғалық, шығармашылық қажетін қанағаттандыратын құндылық. Рухани негізінде адамның мінезі қалыптасады. Ар - ұят, өзін – өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Ал махаббат адамның мінез – құлқына рух береді, оны өзгертеді. Шығармашылық әрекеттерге жетелейді. Адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасауы, адам бойындағы адамгершілік қасиеттің жоғарлығын көрсетеді. Адамгершілік – адамның рухани білімі жетілген, жан дүниесі бай адам бойынан табылады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, адамдарға, айнала қоршаған ортаға, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, жақсы іс жасауы. Сондықтан рухани-адамгершілік жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Негізгі көрсеткіштері: басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін - өзі дамытып жетілдіру. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.
Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Адам баласының қоғамдағы қарым-қатынасы тек рухани-адамгершілік құндылықтармен ғана нәтижелі болады. [1]
ХХІ ғасырдың ақпараттар ғасыры, адам ғасыры деген сипаттамасына жүгінсек, білім адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігімен жеке мемлекеттің қауіпсіздігін, әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеу арқылы қамтамасыз етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады. Білім беруге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша пайымдалуда. Бұл негізінен білімнің төрт сипатын біртұтас қарастыра отырып, оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі қырларына аса мән берумен байланысты. Осыған орай білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлықтар болып табылады.
Егер оқу үрдісінің басты мақсаты – жан‑жақты дамыған, саналы азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі іс ‑ қимылдар арқылы жүзеге асатын шығармашылық әрекет жатады. Шығармашылық әрекеттің негізгі сипаттамаларын, оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерді, мүмкіндіктерді И. Я. Лернер, В. В. Давыдов, В. В. Репкин, В. И. Слободчиков, Ю. Г. Юдина, А. Н. Лук өз еңбектерінде қарастырады. Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың кейбір аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеді.
Кезінде Кеңес Одағында есімі тек әдебиетшілерге мәлім болып қойған, ал Батыста терең философ ретінде дәріптеген М. М. Бахтин кезінде былай деп жазған еді: «Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана адекваттық формасы болып ешқашан аяқталмайтын диалог танылады. Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу, және т. с. » [2]
Диалогқа негізделген бірлескен жұмысты еңбек пен танымның ең тиімді және өнімді әрекеті деп ұйғаруға әбден болады. Сол себепті де әрбір сабата топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл ұстаным құрастырылған білімнің де басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйрендің негізі деп таниды.
Ж. Пиаже бұл туралы былай деп жазады: «Адамның ақылы мен миы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста ғана дамиды, тек қарым-қатынас әрекеттері ғана бізді түсінікке әкеледі. Ал қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға(олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. [3]
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте топтық шығармашылық іс-әрекет болып табылады.
Топтық шығармашылық іс-әрекет – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін үдерістің бір түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Мысалы:
- топтық шығармашылық іс-әрекет оқушының сабақта ашылмаған мінез құлқын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
- топтық шығармашылық іс-әрекет баланың жеке әлеуиетін ашып, оның бойынан жалпы адамзаттық құндылықтарды оятып, тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастырады.
- топтық шығармашылық іс-әрекет оқушылардың шараларға қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуына деген құлшынысын тәрбиелеуге,үйренуге,тәжірибе жүзінде жүзеге асыуына ықпал етеді.
- топтық шығармашылық іс-әрекет формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.
Топтық шығармашылық іс-әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, оқушыларды өзара ынтымақтастық тәжірибесін рухани-адамгершілік бағытта байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Топтық шығармашылық іс-әрекет сабақтатың қажетті бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге, бойларынан құндылықтарды ашуға көмегі зор. Негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың бойындағы-рухани адамгершілік құндылықтарын толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамға риясыз қызметтерін шыңдау,уақытты дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс шарада бала адамгершілік тәрбие арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады. [4].
Жоғарыда аталған міндеттер топтық шығармашылық іс-әрекеттің негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Топтық шығармашылық іс-әрекет әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыру қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |