Ұжымдық шығармашылық ЖӘне тәрбие процесінің ТҮсінігі 1 Ұжымдық шығармашылық іс әрекеттің мәні 5



бет3/8
Дата07.05.2020
өлшемі284,5 Kb.
#66475
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
doc1544434474
67879, 306Шетел-1 (1), 306Шетел-1 (1), Ахметова М.К Мәтін лингвистикасы, 001, Дәріс 1 Мәдениет морфологиясы [Автосохраненный]
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс – әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгелендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет.
Курстық жұмыстың міндеттері: Баланың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің ұйымдастыру әдістері қабілеттерін дамыту.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны:

1 ҰЖЫМДЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ

1. 1 Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні

Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз - топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі нысаны - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т. б. Таным теориясы (гнесология)-айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуі, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәдірибе негізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымның саласы. Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн. Қабілет - баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.

Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:

- Тұрақты оқушылар тобы;

- Әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;

Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.

Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:

- Әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

- Математика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;

- Оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлер мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көз қарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды. Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін - өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақсарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады. Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сыйлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзімұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырған дұрыс. Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық ұжымдық шығармашылық іс - әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін .

1. Ұжымдық шығармашылық принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т. б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т. б. ).

3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу ( ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т. б. ).

4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

5. Оқушылар кездесуі.

Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. Ұжымдық ұжымдық шығармашылық іс - әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады. Ұжымдық ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі- қызығушылық, яғни танымдық қызығу. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп,сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т. б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерінбірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н. Рыбалкина, Л. Горден, М. Беллева, И. Цветкова, Л. Маневцова, В. Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А. Абдуллаева, М. Морозова, М. Щеломенцова, т. б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В. Дорохова, Р. Жданова, О. Саулина, И. Трегубованың жұмыстарында қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:

- Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

- Танымдық үрдіс пен ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің эмоциональдық көрінуі;

- Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетте еріктің болуы;

- Танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

- Жаңаны білуге ұмтылысы;

- Мектепте және басқаларға деген жағымды қатынас.

Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң,эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі

А. С. Макаренконың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағы міндеттер тұрады. А. С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипатттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мыналар:

- ұжым алдындағы айқын мақсат;

- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы керек;

- өз арасында міндеттер белгілеу;

- қатаң тәртіптің болуы;

- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым қатынастың болуы.

- Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

- Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

- Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандвратын әдістер.

- Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.



Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.

Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады. Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет. Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді. Оқу процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс – тәсілдері Н. К. Крупская еңбектерінде қарастырылған.

Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық шығармашылық жүргізу әдістемесін Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко жасаған. Ұжымдық шығармашылық ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымын қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым – қатынас ұжымдық жұмыстарға жатқызылады. Жалпы ұжымдық іс - әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін, ынтымақтастықпен,қарым – қатынаспен байытуда.

Ұжымдық танымдық іс - әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек теу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Ұжымдық ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеру, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу деген сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастардың жетіспеушілігін азайтады.

Диалектикалық қарама –қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғалушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Бүгінгі таңдағы өркениетті елу қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақсан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігіне оқу-білімдену жүйесіне жаңа да курделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығы қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы кезеңнен қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет